Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстандағы көршілер мәдениеті және ол қалай өзгеріп жатыр?

Қазақстандағы көршілер мәдениеті және ол қалай өзгеріп жатыр?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандағы тұрғын үйлерді реновациялау процесі, яғни ескі үйлерді бұзып, орнына жаңасын салу көбіне техникалық қырларымен сипатталады: мерзімдер, өтемақы, тозу деңгейі, бұзу, көшіру. Дегенмен ескі үй тұрғындары үшін тек пәтер немесе мекенжай ғана емес, күнделікті араласатын ортасы, көлік бағыттары, мектептер, емханалар, дүкендер және сол жерге деген бауыр басу сезімі де өзгереді. Бұл – көршілер мәдениеті деп аталатын ұғым. Қазақстанда оның жай-күйі қандай екенін TengriHome баяндайды.

Поделиться

Қазақстандағы тұрғын үйлерді реновациялау процесі, яғни ескі үйлерді бұзып, орнына жаңасын салу көбіне техникалық қырларымен сипатталады: мерзімдер, өтемақы, тозу деңгейі, бұзу, көшіру. Дегенмен ескі үй тұрғындары үшін тек пәтер немесе мекенжай ғана емес, күнделікті араласатын ортасы, көлік бағыттары, мектептер, емханалар, дүкендер және сол жерге деген бауыр басу сезімі де өзгереді. Бұл – көршілер мәдениеті деп аталатын ұғым. Қазақстанда оның жай-күйі қандай екенін TengriHome баяндайды.

Көршілер мәдениеті дегеніміз не?

Көршілер мәдениеті дегенді бір үйдің, ауланың немесе ауданның тұрғындары арасындағы күнделікті байланыс жүйесі деп түсінуге болады. Оған өзара көмек, тұрмыстық қарым-қатынас, жергілікті жанжалдар, ұжымдық шешімдер мен бірге тұрудың бейресми ережелері кіреді. Кеңес дәуірінде аула көбіне әлеуметтік функцияларды атқарды.

Дәл осы аула күнделікті өзара әрекеттесу, балаларды әлеуметтендіру, бейресми бақылау және бірге өмір сүрудің жазылмаған ережелер кеңістігі болды. Сонымен қатар бұл ескі көршілер моделін тым мінсіз етпеу маңызды. Ол тек өзара көмекті ғана емес, сонымен қатар қақтығыстарды, қысым мен тұрмыстық келіспеушіліктерді де қамтуы мүмкін еді.

Қарағандыдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді модернизациялаумен айналысқан "ЖилСоцСтрой" компаниясының бұрынғы директоры Нұртай Ашляев ескі үйлерде көршілердің бір-бірі туралы бәрін білетінін, ал кез келген мінез-құлық талқылауға ілігіуі мүмкін болғанын еске алады:

"Егер қыз сәлемдессе – жақсы, сәлемдеспесе – демек, жаман қыз".

Бұл аула мәдениетінің екіұдайлығын көрсетеді. Бір жағынан – үнемі көз алдында болу және ортақ орта сезімі. Екінші жағынан – мұндай жақындық жеке өмірге жасалған қысымға айналуы мүмкін. Қазіргі қалаларда бұл модель біртіндеп өзгеріп келеді.

Зерттеушілер пікірінше, әлеуметтік байланыстардың тұрақсыз болып бара жатқаны, қарым-қатынастың онлайнға ауысуы және көптеген тұрмыстық мәселелердің көршілер жиналысы арқылы емес, басқарушы компаниялар мен үй чаттары арқылы шешілуімен байлансты. Әлеуметтануда бұл процесс көбіне әлеуметтік атомизация және индивидуализмнің өсуімен байланыстырылады.

Мұндай өзара әрекеттесуді жергілікті әлеуметтік капитал деп атау қалыптасқан – бұл бір аудан немесе ауыл адамдары ортақ істерді бірлесіп шешу үшін өз байланыстарын, сенімі мен өзара көмегін біріктіргенде көрінеді. Бұл тіпті қолайсыз ортаның өзінде өмірді болжамды әрі қауіпсіз етеді.

Дегенмен тұрғын үй қорының ескіруі жағдайында көршілер мәдениеті екіжақты қысымға ұшырайды.

Бір жағынан, көшіру бұрыннан қалыптасқан байланыстарды үзуі мүмкін. Екінші жағынан, реновацияның жоқтығы да көршілік ортаны біртіндеп жояды.

Ескі тұрғындар көшіп кетеді немесе қайтыс болады, пәтерлер жалға беріле бастайды, үй тозады, ал адамдарда ортақ кеңістікке үлес қосуға деген ықылас жоғалады.

Бұл іс жүзінде қалай болатынын түсіну үшін Қарағанды мен Алматының ескі аудандарына барып, жергілікті тұрғындармен сөйлестік. Бұл жағдай тұрғындардың реновацияға деген көзқарасы жай ғана "қолдаймын" немесе "қарсымын" дегеннен әлдеқайда күрделі екенін көрсетеді.

Фото: © Tengrinews.kz

Қарағандылық көршілер

Қарағандыда жаңартылған қасбеттер, муралдар мен жаңа тұрғын үйлер қасында әбден тозған кеңестік құрылыстары әлі де бар. Ескі аудандарға бұрылсаңыз болды, қала мүлдем басқаша көрінеді: қабырғалардағы жарықтар, үгітілген сылақтар және балалар алаңқайлары әлі күнге дейін КСРО заманын еске түсіреді.

Қарағандының ескі аулаларында үйлердің тозуы мен тұрғындардың жайлылық сезімін сақтауға тырысуы арасындағы қайшылық анық байқалады. Балалар алаңқайларындағы тот басқан әткеншектер мен сырғанақтар жарқын түстерге боялған ескі шиналардан жасалған гүлзарлармен шектесіп жатыр: аққулар, аюлар, мультфильм кейіпкерлері. Кей жерлерде кіреберіс алдында пластик бөтелкелерден, ойыншықтардан жасалған инсталляциялар, қабырғалардағы мозаикалар немесе тіпті қолдан салынған муралдар кездеседі.

Бұл детальдар тозығы жеткен шатыр, жел мүжіген қабырғалар мен ескірген коммуникация мәселесін шешпесе де, тұрғындардың үйді жай ғана баспана емес, одан да маңыздырақ нәрсе ретінде қабылдайтынын көрсетеді.

Фото: © Tengrinews.kz

Қарағандыдағы Қазақстан көшесінде орналасқан осындай ескі аулалардың біріне бардық. 1947 жылы салынған №32 үй бірден көзге түседі. Қасбеті қарайған, сылағы үгітілген, ал қабырғаларын бойлай терең жарықтар кеткен. Ғимарат жай ғана ескі емес, біртіндеп қирап жатқандай әсер қалдырады.

Кіреберісте – қабырғалардың бояуы көшкен, баспалдақтары қисайып, көтерілу қиындаған, ал саңылаулардан суық жел соғады.

Фото: © Tengrinews.kz

Осыған қарамастан, аулаға қарап адамдардың өз үйіне бейжай қарамайтынын түсінуге болады. Әсіресе тұрғындар гүлзарларды белгілеу үшін пайдаланған түрлі-түсті шиналар ерекше көзге түседі. Кіреберісте баспалдақ астында аумақты күзететін ит тұрады, оған бәрі жабылып қамқорлық жасайды.

Осы үйде 45 жылдан бері тұрып жатқан отбасымен сөйлесіп көрдік. Галина Нежданова мұнда 1980 жылы көшіп келген, қазір екі қызымен тұрады, қыздарының бірінің мүгедектігі бар. Бұл отбасының реновация күтіп келе жатқанына бірнеше ұрпақ болды:

"Кеңес заманының өзінде-ақ үйіміз апатты деп танылған еді, бірақ құжаттары жоғалып кетіпті. Осында көшіп келгенімде 20 жаста едім. Тұрмысқа шықтым. Балаларым ержетті, немерем де ересек адам болды, ал бізде сол реновация әлі жоқ", - дейді Галина.

Тұрғындар қауіпті ғимараттан көшкісі келгенімен, үйреншікті әлеуметтік ортасын жоғалтқысы келмейді.

"Біз жалпы бұл ауданды өте жақсы көреміз. Ескі тұрғындардан мұнда жалғыз өзім қалдым. Барлығын таза ұстауға тырысамын, гүл егеміз. Тіпті таксистер аулаға кіргенде: "Ой, аулаларыңыз қандай тамаша" деп жатады. Ал біз қолымыздан келгенше өз күшімізбен тырысып бағамыз", - дейді Галина.

Сол баяғы қарағандылық аула. Фото: © Tengrinews.kz

Мұнда мекенге деген бауыр басу сақталған. Тұрғындар ғимараттың өзін қорғап отырған жоқ. Олар үшін аудан, естеліктер мен өз кеңістігін сезіну маңызды. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар - реновацияның жоқтығынан көршілер мәдениеті күйреп барады.

Галина Нежданованың айтуынша, ескі көршілердің көбі қазір жоқ: бірі қайтыс болған, бірі көшіп кеткен, қазір пәтерлердің көбінде жалдаушылар тұрады, олармен жергілікті тұрғындардың ешқайсы араласпайды. Оның сөзінше, уақытша тұрғындар үй үшін жауапкершілікті әрдайым сезіне бермейді:

"Пәтер жалдаушылар - келеді де кетеді. Оларға мұнда не болып жатқаны бәрібір".

Бұл жерде мәселе ескі тұрғындар мен пәтер жалдаушыларды бір-біріне қарсы қоюда емес, өзгеше әлеуметтік логикада екенін баса айту керек. Адам үйде уақытша тұрғанда, ортақ кеңістікке сирек үлес қосады. Ал үй жылдар бойы белгісіз күйде тұрғанда - тұрғындарда ұжымдық күш-жігер бірдеңені өзгерте алады деген сенім жоғалады.

Алматының "МИКРОәлемі"

Көршілестік мәдениетінің тағы бір мысалы Алматының ескі аудандарында байқалады. Мұнда да көпшілік тұрғын үй қорын жаңарту қажеттілігін мойындайды, бірақ ескі үйден гөрі үйреншікті қалалық ортаны жоғалтып алудан қорқады.

Мысалы, Достық көшесі, 91 мекенжайындағы 1925 жылы салынған үйдің тұрғыны бұл ауданға деген бауыр басуын былай түсіндіреді:

"Мәселе мынада, мен өмір бойы осында тұрдым. Бұл Медеу ауданы да, Мәскеу де, Фрунзе ауданы да болды. Түсінесіз бе? Мен өмір бойы осындамын, емханам да осында, дәрігерлерім де, балабақшам да осы жерде болды".

Мекенге деген мұндай бауыр басу Алматының "микры" деп аталатын шағынаудандарында тіпті қаттырақ байқалады. Осындай шағын аудандардың бірінің тұрғыны Анастасия Драгунованың айтуынша, олар 1960-жылдары іс жүзінде иен далада қалыптасқан.

"Микры" арнасындағы видеодан үзінді

Көршілер жүйелі түрде ортақ іс-шаралар ұйымдастырады: Жаңа жыл, Наурыз, Хэллоуин, балалар мерекелері мен аула кездесулері. Анастасияның айтуынша, көптеген бастама өздігінен пайда болғанымен, уақыт өте келе берік дәстүрге айналған:

"Жаңа жылда бізде төрт метрлік шырша орнату дәстүрі бар. Көршілер шығады, ерлер қаңқасын орнатады, әйелдер ойыншықтарды реттейді, ал балалар шыршаны сәндейді".

Бұл адамдар үшін аула толыққанды қоғамдық кеңістікке айналды, мұнда көршілер бала тәрбиесіне көмектеседі, тұрмыстық мәселелерді бірлесіп шешеді және басқа жаққа көшіп кеткеннен кейін де байланысты үзбейді.

Алматының кейбір аудандары оқшауланып қалған 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде олардың байланысы тіпті нығая түсті:

"Біз азық-түлікпен алмастық. Мысалы, менде картоп таусылды, ал көршімде балаларын тамақтандыруға нан жоқ. Мен оған ұн апардым, ол маған картоп берді. Міне, осылай бір-бірімізге қолдау көрсеттік", - деп еске алады Драгунова.

Мұндай мысалдар көршілестік мәдениетінің дерексіз ұғым емес екенін көрсетеді. Дағдарыс жағдайында ол үлкен қолдауға және өмір сүрудің нақты тетігіне айналады.

Жаңа салынған үйлердегі көршілер

Жаңа тұрғын үй кешендері көршілестіктің басқа моделін қалыптастырады. Анастасия Драгунова жаңа үйлерде көршілік қарым-қатынас жоғалып барады деп есептейді:

"Барасың: ол жерде 20 қабат, 140 пәтер. Адамдар бір қабаттағы көршілерін танымақ түгілі, тіпті амандаспайды да".

Дегенмен, психолог Анна Поздееваның пікірінше, бұл міндетті түрде жағымсыз процесс емес. Оның айтуынша, көршілестіктің заманауи моделі көбірек дербестікті көздейді:

"Біз бір-бірімізден айтарлықтай алшақтағанбыз, бірақ бұл адамның тым мазасыз қарым-қатынастан демалып, өз жеке өмірінде болса да еркін дамуына қажетті кеңістік тудырады".

Поздеева көршілестіктің ескі моделінің де өз тәуекелдері болғанын нақтылайды:

"Көршіліктің кеңестік үлгісі өзара іс-қимылды, өзара көмекті, көршілер бірден дос немесе жау болып кететін терең эмоционалдық байланыстарды білдіретін".

Демек, мәселе ескі аулалар әрқашан жақсы, ал жаңалары әрқашан нашар дегенде емес. Бұл - қала өмірінің екі түрлі моделі. Екеуі де біреулер үшін жайлы, ал басқалар үшін ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мәселені "ескі аулалар жақсы, жаңа тұрғын үй кешендері жаман" деген қарама-қайшылыққа тіреп қоюға болмайды.

Алматыдағы жаңа құрылыс. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Өз ауданыңа деген көзқарас place attachment - орынға бауыр басу ұғымымен жақсы түсіндіріледі. Ол күнделікті тәжірибе, естеліктер, орта және кеңістіктің танымалдығы арқылы қалыптасады. Сондықтан тіпті физикалық тұрғыдан тозған баспананы да тұрғындар өз өмірбаяны мен болмысының бір бөлігі ретінде қабылдауы мүмкін.

Поздеева мұны бейімделу ұғымы арқылы түсіндіреді:

"Психология тұрғысынан алғанда, кез келген қоныс аудару - күйзеліс. Өйткені адам үшін бір ауданда, өзіне үйреншікті жағдайда өмір сүру ғана күйзеліссіз жағдай болып саналады".

Реновация тұрғын үй сапасын жақсартқанымен, өзгеру дерегінің өзі күйзеліс тудырады. Адам бүкіл ауданды, бағыттарды, көршілерді және жаңа үйдегі өмір сүру ережелерін қайта меңгеруі тиіс. Поздееваның айтуынша, бейімделу ұзақ уақытты алуы мүмкін.

Көршіңмен қалай тіл табысуға болады?

Қоныс аударудың салдары тұрғындардың әртүрлі топтары үшін бірдей емес екенін де ескеру маңызды.

Жастар жаңа ортаға тезірек бейімделеді, өйткені олардың әлеуметтік байланыстары әрдайым ауламен шектелмейді. Олар қарым-қатынасты онлайн қолдап, бағыттарын өзгертіп, жаңа сервистерге тез үйрене алады.

Қарттар, балалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар және өмір бойы бір ауданда тұрғандар үшін көшу әлдеқайда ауыр болуы мүмкін. Яғни, адам жаңа үйге көшкісі келгенімен, сонымен қатар ауданға немесе аулаға эмоционалды түрде бауыр басып қалуы мүмкін. Бұл реновация қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ қоныс аударудың әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты ойластырылған процесс болуы керектігін көрсетеді.

Қарағандыдағы ескі үй. Фото: ©️ Tengrinews.kz

Мәселе көршілік мәдениетінің тек эмоционалды байланыстарды ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өзара келісімге келу қабілетін де қамтитындығымен күрделене түседі. "ЖилСоцСтрой" компаниясының бұрынғы директоры Нұртай Ашляев Қарағандыдағы тозығы жеткен үйлермен жұмыс істеу кезінде меншік иелері арасындағы қақтығыстарға жиі тап болғанын айтады:

"Айталық, біз бесінші қабатта тұрамыз. Шатырдан су ағады, ал бірінші қабаттағылар: "Маған оның не қатысы бар?" дейді. Немесе лифт жұмыс істемейді, бұзылған. Тағы да бірінші қабаттағылар бәрібір екенін айтады. Мен: "Қандай айырмашылығы бар? Бұл да сенің мүлкің ғой" деймін".

Бұл көршіліктің ұжымдық шешімдер қабылдау арқылы жақсы сыналатынын дәлелдейді. Мәселе ауладағы гүлдер немесе тұрмыстық қарым-қатынас деңгейінде болғанда қауымдастық тыныш өмір сүре береді, бірақ ақша жинау қажеттілігі туындағанда мүдделер қақтығысы басталады.

Демек, тіпті күрделі жөндеудің өзі тек техникалық қажеттілікке ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың келісімге келу қабілетіне байланысты. Біріншілері жөндеуді қалайды, екіншілері сүруді күтіп жүр, үшіншілерінде ақша жоқ, ал төртіншілері мүлдем пәтер жалдаушылар.

Осылайша, көршілік мәдениеті Қазақстандағы тұрғын үй реновациясы туралы пікірталастың маңызды бөлігіне айналып отыр. Ескі шағынаудандар тек тұрғын үй функциясын ғана емес, сонымен қатар тұрақты әлеуметтік байланыстарды, жергілікті болмысты және күнделікті коммуникацияны қалыптастыратын әлеуметтік функцияны да атқарады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz

Тұрғындардың реновацияға деген көзқарасы қоныс аударуға жай ғана "қолдау" немесе "қарсылық" білдіруден әлдеқайда күрделі. Көптеген адам үшін тек жаңа пәтер ғана емес, сонымен қатар үйреншікті ауданды, көршілерді және көп жылдар бойы қалыптасқан өмір салтын сақтап қалу маңызды. Сондықтан көршілік мәдениеті реновацияға көмектесуі де, оны қиындатуы да мүмкін.

Жергілікті байланыстар тұрғындарға үйді бірге күтіп ұстауға көмектеседі, бірақ сонымен бірге қақтығыстар, мүдделер қайшылығы мен өзгерістерге деген сенімсіздікті де тудырады.

Сондықтан реновация тек құрылыс және экономикалық шешімдерді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салдарларды ескеруді де талап етеді. Тұрғындар үшін мерзімдерді, қоныс аудару шарттары мен кепілдіктерді түсіну, сондай-ақ өз үйі мен ауданының болашағын талқылауға қатысу мүмкіндігіне ие болу маңызды. Бұл тұрғын үй қорын жаңартуды неғұрлым тұрақты және әлеуметтік бейімделген процеске айналдыруға көмектеседі.

Авторлары: Камила Омарова, Малика Каржан, Нұрсара Белісбаева, Вячеслав Половинко

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

көрші Қазақстан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Мамыр 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары