Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Антальядағы туристерден күзге дейін пикниктерден бас тартуды сұрады

Антальядағы туристерден күзге дейін пикниктерден бас тартуды сұрады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Анталья билігі ормандарда пикник жасауға маусымдық тыйым салды - шектеулер 1 мамырдан 31 қазанға дейін күшінде болады. Бұл шешім орман өрті қаупінің артуына байланысты қабылданды: өңірде жаз ыстық әрі құрғақ болады деп күтіледі. Ал Түркияда мұндай кезеңдер бұған дейін де ірі өрттерге себеп болған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Шектеулердің енгізілу себебі

Türkiye Turizm ақпаратынша, жаңа шаралар Анталья губернаторы Хулуси Шахин бастаған орман өртімен күрес комиссиясының отырысынан кейін жарияланды. Оның айтуынша, аталған кезеңде орман алқаптарында пикник жасауға толықтай тыйым салынады.

Анталья Түркиядағы орманды аймақтардың бірі саналады - мұндағы орман алқабы 1,1 миллион гектардан асады. Сонымен қатар провинцияның көптеген ауданы табиғи өрт қаупі жоғары аймақтарға жатады.

"Климаттың өзгеруіне байланысты температура қарқынды көтеріліп, құрғақшылық күшейіп жатыр, сонымен бірге өрт қаупі де артып отыр", - деді губернатор Хулуси Шахин.

Ол биліктің тек өрт сөндіруге ғана емес, сонымен қатар оның алдын алуға да басымдық беретінін атап өтті. Өңірде орман өрттерінің алдын алу бойынша арнайы жоспар іске қосылған. Қауіпті күндері ең осал аудандарда патрульдік бақылауды күшейту, тұрғындарды ақпараттандыру және ерте ескерту жүйесін жетілдіру уәде етілді.

@glr__hasancan07 #Antalya #serik #aksu #kumköy#ormanyangını ♬ orijinal ses - Hasancan_güler07

Шахиннің айтуынша, соңғы бес жылда Антальядағы барлық орман өрті ошағына егжей-тегжейлі талдау жасалып, аса қауіпті аймақтардың картасы әзірленген.

"Енді біз қауіпті аймақтарды нақты білеміз және адамдарға қауіп-қатер туралы алдын ала ескертетін боламыз", - деді ол.

Мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету үшін провинцияда техника мен авиация дайындалған. Билік өңірдің 143 нүктесінде жерүсті өрт сөндіру топтары орналасқанын, 42 бақылау мұнарасы жұмыс істейтінін, олардың бір бөлігі IP-камералармен жабдықталғанын хабарлады. Сонымен қатар жағдайды ұшқышсыз ұшу аппараттары бақылайды. Сондай-ақ сегіз тікұшақ пен үш ұшақ сақадай сай тұр.

Бұл туристер үшін нені білдіреді?

Демалушылар үшін шектеулер ең алдымен Антальяның орманды және таулы аймақтарына баруға қатысты. Туристер маусым кезінде ормандарда пикник ұйымдастыруға, от жағуға және мангал пайдалануға болмайтынын ескеруі керек. Бұл әсіресе танымал табиғи маршруттар мен жағалаудан тыс жерлердегі демалыс орындарына қатысты.

Дегенмен, курорттарды немесе жағажайларды жабу туралы сөз болып отырған жоқ. Шектеулер тек орман алқаптарына және өрттің алдын алу шараларына байланысты.

Билік бұл шаралардың мақсаты - соңғы жылдардағы ауыр кезеңдердің қайталануына жол бермеу екенін баса айтты.

2025 жылдың жазында Түркияның бірнеше провинциясында бірдей орман өрті тұтанды. Өрт Бурса, Анталья және елдің басқа да аймақтарында тіркелді. Кейбір аудандарда қатты желдің салдарынан тілсіз жау тұрғын үйлерге тез жақындап, ғимараттарға зақым келтірді, ал тұрғындардың бір бөлігін эвакуациялауға тура келген.

@.federal52 #yanginvar #ormanyangını #antalya #belek #titanicbelekdeluxe ♬ origineel geluid - .federal52

Сол кезде Антальяда бірнеше ірі өрт болды, соның ішінде Аксу және Аланья аудандары зардап шеккен. Өртті сөндіруге авиация - тікұшақтар мен ұшақтар, сондай-ақ AFAD бөлімшелері, жандармерия, өрт сөндіру қызметтері мен еріктілер тартылды. Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, өрт ошақтары туристік жағалаудан алыс болған, бірақ жағдай күрделі күйінде қалған.

Ал 2024 жылы Түркиядағы орман өрттері салдарынан 3,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

@babekgamze1302 Antalya Manavgat yanıyor #manavgat #antalyaturkey #alev #ateş #yanıyor #türkiyemmmm ♬ orijinal ses - Babek Gamze

Осыған ұқсас жағдай 2021 жылдың жазында да болған еді, ол кезде ауқымды өрттер Түркияның бірнеше провинциясын бірдей шарпыды. Сол кезде Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын орман өрттерін ұлттық апат деп атаған болатын. Бұл кезеңде Антальядағы Манавгат ауданы ерекше қатты зардап шекті. Қауіпті аймақтардан тұрғындар мен туристер эвакуацияланды, ал қалада гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды.

Көмек көрсетуге қазақстандықтар да атсалысты. Антальяда тағылымдамадан өтіп жүрген "Астана медицина университетінің" студенттері мен оқытушылары жергілікті волонтерлерге көмектесіп, гуманитарлық жүкті түсіруге және зардап шеккен аудандарға заттарды жөнелтуге жәрдемдескен.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары