Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

OPEC+ арнайы аудит жүргізіп жатыр

OPEC+ арнайы аудит жүргізіп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

OPEC+-ке мүше елдер келер жылға мұнай квотасын қайта белгілейді, деп хабарлайды 24KZ. «Блумберг» басылымының дерегіне қарағанда қазір арнайы аудит жүргізіліп жатыр.

Тексеріс әр елдің қара алтын өндіру мүмкіндігін саралайды. Өйткені нарықта тепе-теңдік болу үшін ашықтық, сосын нақты сандар сөйлеуге тиіс. Ал бұған дейінгі квоталар қаншалықты дұрыс бөлінген? Мұны халықаралық америкалық компания анықтайды. Әлемде мұнай өндірісінің жартысын уысында ұстап отырған ұйымның бұл шешімі нені аңғартады?

Биыл қара алтын құнын едәуір жоғалтты. Жыл басынан бері Брент маркалы мұнайдың бағасы 15% құлдырады. Келер жылы да қымбаттайтын түрі жоқ. «Өйткені 2026 жылы әлемдік нарықта мұнай артығымен өндіріледі», – дейді Халықаралық энергетика агенттігінің сарапшылары.

Сондықтан әр қадамын аңдып басатын OPEC+-ке мүше елдер тізгінді тарта тұруға уағдаласты. Яғни келер жылы 3 айда мұнай өндіру көлемін арттырмайды. Бұл құлдилаған қара алтын бағасын аспандатпаса да, оны тежей тұруға сеп болары анық. 

Чару Чанана, Saxo Markets сарапшысы:

- Әлемдегі геосаяси ахуал мен ОПЕК+-ке мүше елдердің шешімі қара алтын құнының өсуіне әсер ете алмайды. Бұл бағаның құлдырап кетпеуін тежейтін ғана фактор. Қазір әлемде мұнайдың көп өндірілетіні сонша, шикізатын өткізе алмай жүрген ел көп. Яғни сұраныстан ұсыныс көп. 

Десе де баға одан бетер құлдырап кетпес үшін әр елдің мұнай өндіру әлеуетін білу маңызды. Сондықтан картель аудит жүргізуге тәуелсіз әрі халықаралық деңгейде беделді америкалық компанияны шақырды. Олар OPEC+-ке мүше әр елдің мұнай қорын, технологиялық мүмкіндігін, ұңғымалардың жағдайын тексереді. Бірақ Иран аудиттен мүлдем бас тартты. Мұнайдың орташа өндірісін сақтайтынын жеткізді. 

Ресей мен Венесуэла да Батыс компаниясын елге кіргізуге қарсы. Сондықтан Мәскеу мен Каракас үшін Үндістаннан жеке аудиторлар тартылады. Венесуэла АҚШ оның мұнайына көз тігіп отыр деп санайды. «Тіпті басып кіруге даяр тұр», – дейді.

Делси Родригес, Венесуэла вице-президенті:

- Венесуэла жер қойнауындағы байлығын ешкімге бермейді. Біз бұған көнбейміз. Құрметті Бас хатшы, ОПЕК және ОПЕК+ елдері, бізге қолдау қажет. Өйткені АҚШ-тың бұл басқыншылық әрекеті Венесуэлаға ғана емес, бүкіл әлемдегі мұнай нарығына қауіп төндіріп тұр. Мұнай экспортаушы және импорттаушы елдерге де кері әсері тиеді.

OPEC+ ұйымның өндіріс көлемін арттырмау және Венесуэла мен АҚШ арасындағы текетірес нарыққа тікелей әсер етті. Кейінгі 4 айда нарығы құлдилаған үстіне құлдилап келген Brent және WTI маркалы мұнай кеше алғаш рет барреліне 2% қымбаттады. Алайда мұнай бағасы бір сәтте-ақ өзгеріп шыға келуі мүмкін.  

Сондықтан картель мүшелеріне нарықтағы ықпалын сақтап қалу маңызды. Аудит жүргізуінің басты себебі де осы. «Өйткені бұл ұйымға мүше елдер арасында мұнай өндіру квотасын әділ бөлуге мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар. Алайда алдыңғы тексеріс кезінде Ангола ұсынылған квотаға келіспей, OPEC құрамынан шығып кеткен еді.

Авторы: Зайнұр Байжігіт

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары