Оралда автокөлік өртеніп, 16 жастағы жасөспірім күйік жарақатын алды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Салдарынан жалын екінші автокөлікті шарпыған. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жасөспірім «Лада Грантадан» шығып үлгеріп, аман қалған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні кешкісін болып, екі жеңіл автокөлік өртенді.
- Оқиға орнында «Лада Гранта» автокөлігінде болған 2010 жылғы жасөпірім 9 пайыз күйік жарақатын алды. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, дәрігерлер травматология бөліміне түскен, оң жақ балтырын жалын шарпыған жасөспірімге ІІ-ІІІа дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойған. Күйік көлемі – шамамен 8 пайыз.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр. Жасөспірім барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр: күнделікті таңу жүргізілуде, ауырсынуды басатын және антибактериалды ем тағайындалған. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда далада 7 жану оқиғасы тіркелгенін жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 17:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















