Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан облысына сапары аясында креативті және белсенді жастармен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық сектор мен сарапшылар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдегі жастар бірлестіктері, креативті индустрия өкілдері, волонтерлік қозғалыс, медиа және қоғамдық ұйымдармен өткен әңгіме барысында жоба нормаларының басым бөлігі дәл бүгінгі жастарға арналғаны ерекше атап өтілді.

Аида Балаева қолданыстағы Конституция өзінің тарихи миссиясын орындағанын, ал жаңа Конституция білімге, ғылымға, мәдениетке және инновацияға негізделген жаңа даму моделіне көшуге бағытталғанын айтты.

«Президент елдің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін ғылымды, технологияны және білімді ілгерілету арқылы қамтамасыз етуді стратегиялық міндет ретінде айқындап отыр. Өйткені шынайы табысты мемлекет – бұл интеллектуалдық әлеуеті мықты, мәдениеті жоғары, жаңаша ойлайтын ұлт. Бұл үдерісте сіздердің рөлдеріңіз аса маңызды. Сондықтан конституциялық бастамаларда ғылым мен білімге қатысты негізгі қағидаттардың – ғылыми шығармашылық еркіндігінің, ғалым мәртебесінің, білімнің адам мен азаматтың ажырамас құқығы ретінде танылуының бекітілуі стратегиялық мәнге ие. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы мемлекеттің ұзақмерзімді жауапкершілігі, ұлт сапасына, адами капиталдың қуатына және елдің зияткерлік әлеуетіне бағытталған жүйелі инвестиция», деді вице-премьер.

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

Сонымен қатар Аида Балаева цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Конституция жобасында алғаш рет цифрлық қауіпсіздікке, дербес деректерді қорғауға және интернет-алаяқтыққа қарсы нормалар бекітілгенін тілге тиек етті.

«Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы зияткерлік меншікті қорғау мәселесі де көрініс тапты. Бұл норманы Ата заң деңгейінде бекіту – креативті индустрияны дербес әрі экономикалық маңызы бар сала ретінде қарастырудың айқын дәлелі. Өнер, ғылым, цифрлық технологиялар, дизайн, медиа және мәдени контент саласында қызмет ететін жастар үшін бұл құқықтық кепілдіктердің күшейгенін білдіреді», деді А.Балаева.

Жиында «Ассамблея жастары» жастар қанаты жетекшісінің орынбасары Залина Алиева да сөз сөйледі. Ол жастардың балалармен атқарылатын жобаларын, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бастамалары туралы айтып, референдумға қатысты жастардың ұстанымын жеткізді.

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

«Алдымызда референдум тұр, оның маңызын түсінеміз және бұл шешімді қолдайтынымызды атап өткім келеді. Жастардың білімін, құқықтарын және шығармашылық еркіндігін қорғауды мақсат ететін құжат елдің әрі қарай дамуына тың серпін береді деп сенемін. Бүгінде жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері жауапкершілікті сезініп, еліміздің тарихи дамуын қолдауы тиіс», деді Залина Алиева.

Батыс Қазақстан облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы, жас ақын Әділет Орынбасаров саналы таңдау ақпаратқа деген сенім мен белсенді азаматтық ұстанымнан басталатынын, ал референдум әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Конституцияның 3-бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп нақты көрсетілген. Бұл ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер халықтың еркімен айқындалатынын білдіреді және әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді. Референдумға қатысу – жай формалды рәсім емес. Бұл – азаматтық ұстаным. Әр дауыс маңызды. Әр таңдау – ортақ шешімнің бір бөлігі. Болашақ өздігінен қалыптаспайды – біз оны бүгінгі таңдауымыз арқылы жасаймыз», деді Ә. Орынбасаров.

Отырысқа қатысқан өзге спикерлер де Ата заңды уақыт талабына сай жаңартуды қолдады. Конституция жобасы құқықтар мен бостандықтарды нығайтуға, адами капиталды дамытуға, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке, экологиялық жауапкершілікке және қоғамдық ынтымақты күшейтуге қатысты нормаларды қамтитыны талқыланды.

«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға жастардың белсенді қатысуының маңызы сөз болды. Себебі елдің конституциялық дамуының алдағы бағытын азаматтардың таңдауы айқындайды.

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды

Ата заң • Бүгін, 14:57

Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

Ән • Бүгін, 14:47

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30

Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты

Спорт • Бүгін, 14:22

Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 14:17

Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген

Оқиға • Бүгін, 14:01

47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?

Экономика • Бүгін, 13:56

Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады

Энергетика • Бүгін, 13:47

Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды

Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40

Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды

Оқиға • Бүгін, 13:22

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады

Қоғам • Бүгін, 13:10

Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды

Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі

Оқиға • Бүгін, 12:58

«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?

Әдебиет • Бүгін, 12:48

Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді

Президент • Бүгін, 12:37

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары