Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ораза уақытында қалай тамақтанған жөн

Ораза уақытында қалай тамақтанған жөн

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ораза ұстаудың денсаулық, ас қорыту жүйесі үшін пайдасы мол. Ораза ұстаған адамның ағзасында ішкі ресурстар жиналып, май қоры азайып, жинақталған токсиндер шығады. Алайда иммунитетті бұзып алмау үшін дұрыс тамақтану ережелерін ұстанған жөн.

Дәрігер-диетолог Жанна Нұрберген қандай тағамды тұтынып, қай тағамнан аулақ болу керегін айтып берді. Маман құнарлы тамақтарға басымдық беріп, шаршауға, шөлдеуге әкелетін тамақтардан бас тартуды ұсынды.

— Ақуызға бай ет, балық, бұршақ, жұмыртқа секілді тағамдарды күніне 2-3 реттен тұтыныңыз. Пайдалы майлар: рафинирленбеген өсімдік майлары, малдың майы, сары май рационда болу керек. Онымен қоса, күрделі көмірсу болғаны дұрыс: қара кебекті нан, көкөністер, жармалар, дәнді-дақылдар, — деп кеңес берді Жанна Нұрберген.

Сонымен қоса дәрігер тұтынуға кеңес бермейтін тағам түрлерін тізіп өтті:

• Нитрит тұздары қосылған өнімдер — шұжық өнімдері (колбаса);
• Тәтті тағамдар, кондитерлік өнімдер;
• Жоғарғы сорттық ұннан жасалған өнімдер (нан, макарон өнімдері, т.б);
• Энергетикалық, тәтті сусындар;
• Кетчуп, майонез, түрлі соустар;
• Өсімдік майына қуырылған майлы тағамдар.

Маман бірінші кезекте жылы су, құрмамен ауыз ашып, 15 минут тамақтанбай күту керек дейді. Одан кейін ыстық тамақ алдында салат жеген жөн. Құрамындағы өсімдік талшықтары ішектегі артық шлактарды тазартуға көмектеседі.

Ұсынылатын тағамдар: сүйектің 7-8 сағат қайнаған сорпасы, ет өнімдері, балық, тауық, жармалар, көкөніс және жеміс-жидектер желіну керек. Аз-аздап бірнеше рет тамақ жеген жөн. Пайдалы майлар туралы да ұмытпаған дұрыс. Авокадо, зәйтүн майы, жаңғақ қосылған салаттар жасауға болады. Ауыз ашқаннан кейін сәресіне дейін 3 литр су ішу керек. Тәтті, тұзды тамақтан бас тарту қажет.

Сәресіне не жеген пайдалы? Ұзақ тойымдылық сезімін, энергия беретін, шөлдетпейтін тағамға көңіл бөлген маңызды. Көп уақыт пісіп, ұзақ уақыт қорытылатын сұлы, қарақұмық, күріш, арпа жармасы, жұмыртқа, сүт өнімдері, қантсыз айран, йогурт, еттің барлық түрлері және қара нан. Ақ ұннан жасалған нанды жеуге мүлдем кеңес берілмейді.

Рамазан айында дұрыс ораза ұстанса, адам ауыз ашқанда артық тамақтанбаса, ас қорыту жүйесі өте жақсы демалыс алады. Бұл асқазан-ішек жолдарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Ескере кететін жайт оразаны барлығына бірдей ұстауға болмайды. Ағзаңызда қандай да бір ақаулар болса міндетті түрде терапевт, эндокринолог дәрігерімен кеңескеніңіз дұрыс.

Нұрлан имам Қазақстанда Ораза қай күннен басталатынын түсіндірген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 23:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары