Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Өседі ғой

Өседі ғой

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Жолшыбай шашымды тү­зетіп алайын», – деп бір шаш­таразға кіре салдым.

Іште жалғыз әйел отыр екен.

– Шаш қидырайын деп едім.

– Отырыңыз, қазір әп-әдемі қылып алып беремін, – деді ол.

Орындыққа жайғасып отыр­дым.

Бес минут өтті.

Он минут өтті.

Он бес минуттан кейін жерге түскен шашқа қарасам, менің басым емес, бейне бір қой қырқып жатқан сияқты.

Әйел қайшысын қайшылатып жұмысын жалғастырып жатыр.

Бір кезде күдіктеніп айнаға көз тастадым. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Басымның сол жағы әскери қызметкер, оң жағы рок жұлдызы, ал төбесі жаңа көк­теп шыққан жүгері алқабына ұқсап қалыпты.

– Кешіріңіз!.. Мұныңыз не? – дедім дірілдеп.

Әйел са­бырлы түрде:

– Ештеңе етпейді.

– Қалай ештеңе ет­пейді?

– Өседі ғой...

– Өседі ғой дейсіз бе?! Мен бү­гін адамдардың алдына шыға­мын!

– Бүгін шықпасаңыз, бүр­сі­гүні шығыңыз. Болмаса келесі апта. Оған дейін шаш өседі.

Не айтарымды білмей ашу­ланып тұрғанда есік ашылды. Ішке бір ер адам кірді.

– Кешіріңіздер, кешігіп қал­дым.

– Сіз кімсіз? – дедім.

– Шаштараз мен едім.

Көзім аларып, қатып қалдым.

– Не?..

– Шаштараз мен едім, – деді әлгі кісі даусын көтеріп.

– Онда... мынау кім?

– Бұл еден жуатын келіншек қой.

Мен орнымнан атып тұрдым.

– Мәссаған! Еден жуатын келіншек неге менің шашымды қиып жатыр?

Әйел ренжіп қалды.

– Соншама неге айқай­лай­сыз? – деп дікеңдеді.

– Қалай айқайламаймын? Не істегеніңізді көріп тұрсыз ба?

– Шынымды айтсам, мен осы жерде бес жылдан бері еден жуамын.

– Жусаңыз не болады екен?

– Бес жыл бойы қарап жүрмін ғой.

– Неге қарап жүрсіз?

– Шаш қалай қиылатынын мұқият бақылап жүрмін. Сосын сіз асығыс болғасын қиып бере салайын дегем.

– Сонда қарап жүрсеңіз, дәрігер де болып кетесіз бе?

– Неге болмаймын? Жұрттың бәрі сөйтіп үйренеді.

Ортаға шаштараз араласты.

– Негізі, талпынысы жақсы. Қашанғы еден жуып жүреді?

– Не дейсіз, талпынысты менің басымда сынау керек пе?

Әйел қайшыны үстелге қой­ды.

– Ағасы не болды?

– Мына басымды қараңыз!

– Қарадым.

– Бұл шаш үлгісі ме?

– Әзірге жаттығу нұсқасы.

– Сонда мен тәжірибе қояны болдым ба?

– Қоян емес, клиентсіз.

– Клиенттің шашын бүл­дірдіңіз ғой?

– Бүлінген жоқ.

– Қалай бүлінген жоқ дейсіз?

– Ұзын шаш қысқарды. Демек, жұмыс жасалды.

Айнаға тағы қарадым.

– Мына түрмен үйден де шыға алмаймын!

– Шығасыз.

– Қалай?

– Баскиім киіп алыңыз.

– Ал үйде ше?

– Үйде жарықты өшіріп қойыңыз.

Шаштараз басын изеді де:

– Айтпақшы, бұл кісінің логикасы да күшті, – деді.

– Екеуіңіз мені мазақ қылып тұрсыздар ма?

– Жоқ, – деді шаштараз.

Әйел тағы күрсінді.

– Бәрі бір сөзді түсінбейді екен...

– Қай сөзді?

– Өседі ғой.

– Немене, басыма гүл ектіңіз бе өсетіндей?

– Жалпы айтып жатырмын. Сабырлы болу керек. Ағаш та өсе­ді. Шөп те өседі. Шаш та өседі.

Ашуға булығып кассаға бар­дым.

– Ақша төлеймін бе сонда?

– Әрине.

– Не үшін?

– Себебі шашыңыз қиылды.

– Бүлінді ғой!

– Бірақ қиылды.

– Сонда бұған ақша беру керек пе?

– Иә…

Ақшаны төлеп, сыртқа қарай беттедім.

Есіктің алдына келгенде ар­ты­ма бұрылып әлгі әйелге қа­радым.

– Бір күні біреу сіздің шашыңызды осылай қиып тас­таса, түсінерсіз, – дедім.

Әйел жымиып:

– Қорықпаңыз.

– Кімнен?

– Одан.

– Неден?

– Шаштың қысқарып қалуынан.

– Неге қорықпауым керек?

– Өседі ғой...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 06:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see143

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see132

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see128

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see124

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see122

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see120

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see115

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see113

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары