Өскемен қаласының прокуратурасы балалардың пайдасына 171 миллион теңге алимент өндірді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Өскемен қаласында 6 мыңнан астам алимент өндіру туралы шешім орындалуда. Төлемнің уақытылы түсуіне 8 мыңға жуық бала үміт артып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алайда жүздеген отбасы әлі де ата-аналардың төлемнен жалтаруы мәселесіне тап болып отыр. Бүгінде қалада 649 проблемалық өндіріс бар, берешек 1 миллиард теңгеден асады.
Өскемен қаласының прокуратурасы олардың құқықтарын қорғау жұмысын күшейтті. Борышкерлердің автокөліктері ұсталып, олардың деректері «Поток» және «Мерген» жүйелеріне енгізілді. Жүйелі төлемеушілерге әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты қолданылуда.
Ресми жұмысы жоқ борышкерлер жұмыспен қамту орталығына жіберіліп, олардың еңбекке орналасуы тұрақты бақылауда тұр.
Сонымен қатар жеке сот орындаушыларына бақылау күшейтілуде. Тексерулер қорытындысы бойынша 25 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері балалардың пайдасына 171 миллион теңге өндірілді. Бұл сома – әр баланың тамағы, киімі, емі, білімі.
Қадағалаушы орган балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 15:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















