Өскеменде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Шығыс Қазақстан облысының орталығында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды. Көпір Серікбаев көшесін айналма жолдан ары қарай жалғастыратын жолдың құрамына кіреді. Жобаны жүзеге асыруға екі жыл мерзім қарастырылған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңа жол алты жолақты болады. Оның өткізу қабілеті тәулігіне 80 мың автокөлікке дейін жетеді деп жоспарланып отыр.
Көпір қала аудандары арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жүргізушілер үшін қосымша бағыт ұсынады. Сонымен қатар негізгі магистральдарға түсетін жүктемені азайтып, көлік кептелісін төмендетуге және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған рәсімге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Аймақ басшысы құрылыс орнына уақыт капсуласын салып, жұмыстарды сапалы орындап, жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтті.
«Жаңа көпір Өскемен қаласындағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», - деді ШҚО әкімі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 20:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















