Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Отандық фармацевтикаға серпін керек

Отандық фармацевтикаға серпін керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-ны аралап, өндіріс пен ғылыми зерттеулердің қазіргі ахуалымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айта кету керек, бұл келуінің басты мақсаты – отандық фармацевтика саласының дамуына жаңа серпін беру. «Фитохимия» ҒӨО» АҚ-да депутат 12 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өндірістік бөлімшелердің жұмысын қарап, дәрілік шикізатты көмірқышқыл және сұйықтық экстракциялау, субстанцияларды бөлу, тазалау, таблеткаларды қабықпен қаптау, өндіріс сапасын бақылау, фармакологиялық зертханалар сияқты бағыттардағы жұмыстармен танысты. 

Орталықта 72 бірегей фитопрепарат шығарылған, оның ішінде, ісікке қарсы «Арглабин», паразитке қарсы «Саусалин», атеросклерозға қарсы «Атеролид», гепатопротекторлық «Салсоколлин», анаболикалық, адаптогендік және сергітетін «Экдифит» пен фитошәрбат «Экдисоп» сияқты дәрілік құралдар бар. 

 «Қарағанды фармацевтикалық зауытының» жаңа өндіріс жобасы, 2000 шаршы метр алаңда дәрілік шикізатты экстракциялау және сублимациялық кептіру цехын салу. 

Жаңа цех пайдалануға берілгеннен кейін жылына 75 000-нан астам бірегей лиофилизацияланған, қатты және сұйық дәрілік қаптамалар шығарылады. Жобаның жалпы құны 10 млн АҚШ долларын құрайды. Жобаның жалпы құны 10 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде  5 млн. долларды Нинбо халықаралық ғылыми-инновациялық орталығы құйса (Қытай Халық Республикасы, Тайчжоу қ.), қалған соманы Қазақстандық тарап инвестициялайды.

– Алғашқы кездесуді «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығынан бастадық. Бұл – іргелі мекеме. Әрине, алдағы уақытта істелер жұмыс көп, шешетін мәселелер де жеткілікті, – деп атап өтті депутат.

Арнайы  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оны «Фитохимия» ҒӨО» АҚ директоры, химия ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серғазы Әдекенов жүргізді. Кездесу барысында отандық фармацевтика саласының өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Академик Серғазы Мыңжасарұлы шетелдік нарыққа шығу үшін туындап отырған қиындықтарды атап өтті. 

– Отандық бірегей дәрілік препараттардың бәсекеге қабілетті болуы үшін GMP (Good Manufacturing Practice) стандарттарын қатаң сақтау қажет. GMP халықаралық стандарты өндіріс процесінің барлық қадамдарын, цехтағы температурадан бастап қызметкерлердің киіміне дейін, қадағалайды. GMP сертификаты бар компаниялардың өнімін тұтынушылар өз денсаулығы үшін алаңдамай, сеніммен пайдалана алады, – деді академик. 

Кездесуде дәрілік құралдарды цифрлық таңбалау мен штрих-кодтау мәселесі де көтерілді. Бұл рәсім шетелдік препараттарды бақылауға тиімді болғанымен, отандық бірегей дәрілік құралдарға қосымша шығын әкеледі, себебі, таңбалау мен штрих-кодтау үдерісі қымбатқа түседі. Сонымен қатар, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізу шығындары да үлкен мәселеге айналған. 

Бір препараттың төрт кезеңдік клиникалық зерттеулеріне орта есеппен 200 млн теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Бұл өнімді өндіруге кететін шығындарды есептемегендегі сома. Осы мәселелерді шешу үшін дженериктік препараттарды тіркеу тәрізді бірегей отандық дәрілік субстанция¬ларды тіркеуден уақытша бас тарту ұсынылды. 

Академик Серғазы Әдекенов пен жас ғалымдар ғылыми кадрларды даярлау мен ынталандырудың маңыздылығын да атап өтті. 

Жас мамандардың жалақысын көтеру, ипотекалық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін ашуды сұрады. 

– Ғылыми әлеует – еліміздің фармацевтика саласының болашағы. Егер жас мамандардың материалдық жағдайы мен кәсіби дамуы қамтамасыз етілмесе, олардың потенциалы толық пайдаланылмай қалады, – деген Серік Өтешов бұл мәселені де назарда ұстайтынын жеткізді.

Жиын барысында отандық фармацевтика үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мәселесі университеттер мен ҒЗИ бірлескен жұмысы арқылы шешілуі тиіс, сонымен қатар мемлекеттік гранттар арқылы оқыған түлектерді міндетті түрде отандық кәсіпорындарға 3-5 жылдық жұмысқа тарту қажеттілігі айтылды. 

– Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың теңсіздігі де өзекті. Қазіргі кезде қаржының 90 пайызы Алматы мен Астана қалаларының ҒЗИ мен ЖОО-ларына бөлінеді, ал өңірлерде ғылымды дамыту қаржы тапшылығына ұшырауда. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын Алматыдан Астанаға көшіру және «Ғылым қоры» АҚ мен «QazInnovations» АҚ қызметін қайта қарау қажет, –  деді Серғазы Әдекенов. 

Инновациялық жобалардың игілігі Сапар қорытындысы бойынша Серік Өтешов пен академик Серғазы Әдекенов фармацевтика саласының дамуы үшін нақты іс-қимыл жоспарын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Жобалар жаңа өндіріс цехтары арқылы бірегей дәрілік препараттардың көлемін арттыруға, ғылым мен өндірісті біріктіруге, жас ғалымдар мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. 

Отандық фармацевтикаға ин¬вес¬тиция салу, GMP стандарттарына сәйкес өндіріс жүргізу, отандық ғылым мен өндірісті қолдау, жас мамандарға жағдай жасау – бұл тек өндірістің дамуына ғана емес, ел тұрғындарының денсаулығын қорғауға да үлкен үлес қосады. Бірегей фармацевтикалық субстанциялар негізіндегі отандық дәрілік құралдар өндірісін дамыту арқылы Қазақстан шетелдік нарыққа шығуға, өз өнімін әлемдік сапа стандарттарына сай шығаруға мүмкіндік алады.

–  Республика халқын өз дәрі-дәрмектерімізбен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударған жөн, өйткені елдегі фармацевтикалық кәсіпорындардың басым көпшілігі шетелдік субстанциялар негізінде өнім шығарады, яғни іс жүзінде шетелдік препараттарды қаптаумен ғана айналысады.  Бізге бірегей фармацевтикалық субстанциялар негізіндегі дәрілік құралдар өндірісін дамыту қажет. Сондықтан отандық фармацевтикаға серпін керек,  –  деді Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:281
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 21:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see141

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see131

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see112

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары