Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды

Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Конференция жыл басынан бері еліміздің түрлі аймақтарында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстар аясында өткен мазмұнды шаралардың қорытындысы болды. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі мен Бас мүфтидің кездесуі өтті. Өңір басшысы тұрақты діни ахуалды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті. Тараптар діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Марат Сұлтанғазиев қазіргі сын-қатерлер жағдайында отбасы институтын нығайту тек әлеуметтік міндет қана емес, ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

«Мемлекет жағдай жасап, материалдық қолдау көрсете алады, алайда отбасының шынайы әл-ауқаты рухани құндылықтар – құрмет, жауапкершілік, өзара сенім және дәстүр сабақтастығы арқылы қалыптасады», деді ол.

Конференция барысында отбасының адамгершілік бағдарларды қалыптастырудағы, мәдени сабақтастықты сақтаудағы және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі институт ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы атап өтілді. Онда отбасы адалдыққа, құрметке, жауапкершілікке, сабырлылық пен өзара сыйластыққа негізделген аманат ретінде қарастырылады. Бұл қағидаттар қазақ халқының салт-дәстүрімен тарихи тұрғыда үйлеседі.

Жыл басынан бері өңірде 7 302 неке тіркелген. Алматы облысында 75 678 көпбалалы отбасы тұрады, 11 975 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанған.

Сонымен қатар өңірде отбасы институтын және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 3 522 отбасына 2,3 млрд теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тұрғын үй бағдарламалары аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 427 пәтер берілді.

Өңірде 312 мешіт жұмыс істейді, онда 517 діни қызметкер еңбек етеді. 2024–2025 жылдары 200-ден астам имам теологтар, заңгерлер мен психологтардың қатысуымен арнайы курстар мен семинарлардан өтті. Оқыту діни экстремизмнің алдын алуға, отбасылық жанжалдарды шешуге, жастармен жұмыс істеуге және деструктивті идеологияларға қарсы тұруға бағытталған.

Қатысушылар 2025 жылды «Ислам және отбасылық құндылықтар» жылы деп жариялау бастамасын уақтылы әрі маңызды шешім ретінде атап өтті. Бұл қадам отбасы институтын қолдауға, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға және қоғамды топтастыруға бағытталған.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамалар Алматы облысы мен жалпы ел көлемінде отбасы институтын нығайтуға, рухани құндылықтарды дамытуға және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Полиция ескерту жасады: Әуежайда бейтаныс адамның сәлемдемесін алмаңыз

Қоғам • Бүгін, 11:20

Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды

Отбасы • Бүгін, 10:58

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Қаржы • Бүгін, 10:19

Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды

Қоғам • Бүгін, 09:43

«Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қоғам • Бүгін, 09:14

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай

Президент • Кеше

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Сұхбат • Кеше

Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды

Шымкент • Кеше

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Кеше

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

Спорт • Кеше

Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қоғам • Кеше

Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді

Медицина • Кеше

Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды

Алматы • Кеше

Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Желтоқсан 2025 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары