Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Отбасы күні: Қазақстанда отбасылық және ұлттық құндылықтар қалай дәріптеледі

Отбасы күні: Қазақстанда отбасылық және ұлттық құндылықтар қалай дәріптеледі

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыруға, балалар мен жастардың денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тақырыптық акциялар, кездесулер, семинарлар мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

"Отбасы институтын нығайту – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы ерекше. Онда неке заңда белгіленген тәртіппен мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалған".

Сонымен қатар 2024 жылы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Құжатқа сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жауапкершілік күшейтілді.

Осы заңнамалық нормаларды іске асыру аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар әзірленді.

Отбасыларға көрсетілетін атаулы көмекті күшейту мақсатында Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңғыртылды. Қазір елімізде осындай 160 орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын 208-ге жеткізіп, Қазақстанның әрбір ауданы мен қаласында ашу жоспарланып отыр.

2026 жылдың басынан бері Отбасын қолдау орталықтарына 50 мыңнан астам азамат жүгінді. 43 мыңнан астам отбасына консультациялық көмек көрсетіліп, 6 мыңға жуық отбасы ұзақ мерзімді әлеуметтік сүйемелдеуге алынды.

"Бұл орталықтар отбасыларға кешенді көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ олар әлеуметтік қатерлердің алдын алуға ықпал етіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қолдау білдіреді", делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бөлек, Отбасы және неке институтын сақтау мен нығайту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды. Құжат ажырасудың алдын алуға, азаматтардың отбасылық өмірге саналы түрде дайындалуына және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Ата-аналар академиясы" жобасы да жалғасып келеді. Оның мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыру және жауапты тәрбие мәдениетін қалыптастыру.

2026 жылы жоба аясында еліміз бойынша 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Олардың қатарында ата-аналар, педагогтер және әлеуметтік сала мамандары бар.

Мемлекеттік отбасы саясаты аясында еңбек пен отбасылық міндеттерді қатар алып жүруге қолайлы жағдай жасау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен бірлесіп, "Отбасына қолайлы жұмыс орны" жобасын жүзеге асырып келеді. Бастама қызметкерлердің отбасылық жағдайы мен міндеттері ескерілетін корпоративтік мәдениетті дамытуға және жұмыс істейтін ата-аналарды қолдауға бағытталған.

"2026 жылы мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ұйымдарда отбасылық міндеттерді ескеретін жұмыс тәсілдерін енгізуді көздейді.Бұл шаралар отбасындағы бірлік пен қолдауды күшейтіп, оның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қамқорлық жасауда мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруды көздейді", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қыркүйек 2026 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары