Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әнші Әли Оқапов інісінен кешірім сұрағанын айтты

Алматы облысында 9100 Sergek камерасы орнатылды

Қазақстан алдағы қыста да Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін

Зерттеу: чат боттар жауаптың 40 пайыздайын ойдан шығарады

Бүйрек жеткіліксіздігі: дерт дәріден болуы мүмкін бе?

Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі талқыланады

Қазақстан әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын елдердің бірі

Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт бұғатталды

ХАМАС тұтқынның денесін қайтарды

Қылмыс көбейген соң Швеция кәмелетке толмағандарға қатаң жаза енгізеді

Қазақстанда электромобильдер құны қымбаттайды

Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ тың әскери тікұшағы мен жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

АЭС тің түпкілікті координаты әлі айқындалған жоқ Сәтқалиев

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

Мұнай нарығы қалай өзгеруі мүмкін?

Қазақ қытай ынтымақтастығы артады

Австралияда шахтадағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Жарық күн телехикаясы экранға шығады

Ұлттық құндылықтар ұлы қазына

Ұлттық құндылықтар ұлы қазына

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы жазып кеткендей: «...Жалпақ әлемге қысылмай-қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек». Сондықтан жеті ықылымнан жеткен салқар салт-дәстүріміз, ғасырлар ғақлиясындай ғажайып ауыз әдебиетіміз, милләттің мәңгілік мақтанышындай мәдени мұраларымыз, ұзын сөздің қысқасы, ұшан-теңіз ұлағатқа толы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау елдіктің ерен белгісі екені талас тудырмайды. Өйткені өз халқының өнегелі өткенін білмей өскендерде өршіл рух болмайды. Ендеше, Отаны үшін отқа түсуге даяр ұл-қыз тәрбиелегіміз келсе, бабадан мирас бар қазынамыздың қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.

Көненің аршып көмбесін...

Арғы-бергі замандар арасын жалғаған алтын арқауды үзіп алмай үрім-бұтағына аманаттаған ата-бабамызға мың алғыс. Тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде біз­дің қазақ талай қиындыққа тап болды. Телегей теңіз толқынында қалт-құлт тербелген қайықтай құрдымға кете жаздаған кездері де аз емес. Әйтеуір әупіріммен әрең аман қалған Алаш жұрты алдынан ақ күн туып, тәуелсіздік туын көкке көтерді. Азаттықтың арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатқан жайы бар.

«Түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет» жасауға жанын салған кешегі кеңестік саясаттың кесірлі зардаптарын­ санап тауыса алмайсың. Мәйегінен айы­ры­лған мәуелі мәдениетіміз азып-тозуға айналды. Әспетті әдет-ғұрыптарымызға ес­кіліктің қалдығы саналып тыйым салынды. Сан ұрпақтың санасына сіңген саф ал­тындай жыр-дастандарымыз бен аңыз-ер­тегілеріміз қуғын-сүргінге ұшырады. Айта берсек, арыз-наламыз жетіп-артылады.

Осындайда ойға оралады. Советтік Қазақ­станды ұзақ жылдар басқарған Дінмұхамед Қонаев зейнеткерлікке шық­қан соң, бұрыннан қалыптасқан дәстүрін бұзбай «Қапал-Арасан» шипажайына демалуға барады. Сол жылы жеке дәрі­гері оны осы ауылда тұратын ағасының үйіндегі тұсаукесер тойына ертіп апара­ды. Содан тойшыл қауым ырымдап тұғы­ры биік тұлғадан аяғын апыл-тапыл бас­қан баланың тұсауын кесуді өтінеді. Көпшіліктің қалауымен қолына қай­шы алған Димекең сәл-пәл аңтарылып, «Мен – үлкен қалалардың ашы­луына қатыс­қан адаммын. Небір алып кәсіп­орындардың лентасын қидым. Бірақ кіш­кентай сәбидің тұсауын кесіп көрмеппін. Мұндайда өзі не істеуші еді?» депті жиналған жұртқа жылы жымиып... Осының өзі-ақ біраз нәрсені аңғартары анық.

Алайда аумалы-төкпелі уақыттың уытына бой алдырмай, бастарын бәйгеге тігіп, айналасындағы анталаған қауіп-қатерге қарамай ұлтының ұпайын түгендеуге ұмтылған аяулы ағаларымыз аз болмаған. Сойы бөлек сондай сомжүрек жандардың бірі көрнекті этнограф, жазушы, аудармашы, баспагер Зейнолла Сәнік болатын. 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай айма­ғына қарасты Шағантоғай ауданында туған ол тағдырдың жазуымен аңсаған атаме­кеніне аман-есен оралып, 78 жасында Алматыда өмірден өтті.

Зейінді Зекең мектепке кештеу бар­ға­нымен, қатарынан қалмай сабақты тез игеріпті. Өзгелерден өресі биік өрен Шы­ғыс Түркістаннан іріктелген он шақты оғлан­мен бірге Бейжіңдегі орталық ком­сомол мектебіне жіберіледі. Айналасынан ат оздырған алғыр шәкірттер қатарында Қытайды аралайды. Қилы-қилы қиын­дықты еңсеріп, қытайша еркін сөйлей­тін деңгейге жетеді. Озат оқығаны үшін берілген үздік дипломын үкілеп өсу мүм­кіндігі мол орталықта қалмай, кіндік қаны тамған топыраққа терін де сіңірмек болып келген ізімен кері қайтады. Үрімжідегі «Жастар» баспасына редакторлық жұ­мысқа орналасады. Жазу-сызуға бейі­мін байқатқан жас талап жарқырай көрі­ніп, жақсы атпен ауызға іліге бастайды. Бі­рақ Моаның Мәдени революциясында ­жа­зықсыз жапа шегіп, репрессияға ілі­­геді. Бұратола жақта айдауда жүріп те, алға қойған арман-мақсатынан айнымайды. Ел аузынан ескі сөздерді жинайды. Кейін саяси ақталған соң, жиған-тергендерін жариялап, көпшілік кәдесіне жаратты. Ерен еңбек ескеріліп, Қытайдың мемлекет­тік сыйлығының иегері атанды. Зерделі зерттеулерімен қатар бұл кісі бірқатар көркем шығарма жазғаны әмбеге аян. Әсіресе «Сергелдең», «Басбай» сияқты тарихи романдарын қалың оқырман жылы қабылдады. Әйтсе де, Зейнолла Сәніктің танымдық тұрғыдан айрықша маңызға ие этнографиялық еңбектерінің орны бөлек.

Өз басым қаламгер есімімен алғаш 1991 жылдың тамызында таныстым. Жер жәннаты Жетісудың атақты Үйгентас жай­лауында Қабанбай батырдың 300 жыл­дығына байланысты ұлан-асыр той өткен-тұғын. Арнасынан асып-тасыған асау Тентек­тің жағасындағы жасыл шалғынды жазаң­да сегіз жүздей киіз үй тігілді. Алыс-жа­қын­нан асыға жеткен ағайын арқа-жарқа қуа­нышқа кенеліп, ас қызығын тама­шалаған еді. Қасиетті даламызды қан­ды­балақ шап­қыншылардан ерлікпен қор­ғаған дара­боздың тікелей ұрпағы Зейнол­ла Сәнік­тің «Қаракерей Қабанбай» атты кітабы сонда құрметті қонақтарға тәбәрік ре­тінде таратылғаны есімізде қалып қойыпты.

Жалпы, автордың артында қалған мұра­лары «Ан Арыс» баспасынан 15 том бо­лып жарық көргенін айтудың артық­тығы жоқ сияқты.

Жақсы дәстүрдің жалғасы

Әдетте «әкеден ұл туса игі...» деп жатамыз. Әрине, әңгіме бұл арада жақсы-жай­саң­дарымыздың отбасындағы оңды істер­дің одан әрі жалғасуы жайында болғалы тұр­ғаны өзінен-өзі түсінікті. Осы орайда бір шаңырақ астында отасып қана қоймай, әдебиет ауылына қатар­ласа қонып, қабаттаса қалам сілтеген Зейнолла Мүбәракұлы мен Шәмшәбану Қамза­қы­зы бауырынан өрбіген балаларына да талбесіктен тағылымды тәрбие беріп, елге қызмет етуге баулыған.

Ата-анасынан үлгі алған Жанат Зейнол­лақы­зы әке жолын қуып этнография­ны зерт­теп жүрсе, кәсіпкерлікпен айна­лы­са­тын Қанат Зейноллаұлы бүгінде қазақ ру­ханиятын қолдауға аянбай атсалысып жүр. Атымтай Жомарт азамат Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қо­рын құрып, бір­талай игі істің басын қайыр­ды. Демек, әулетінің жақсы дәстүрі жалғаса бермек.

«Қазақтанушы Зейнолла Сәнік» деректі фильмінде Қанат тереңнен тебіреніп өзінің бойында атажұрт аңсары қаршадайынан қалыптасқанын былайша әңгімелейді.

«Осыдан тура 40 жыл бұрын әкем мені Қытайдың Тарбағатай ауданындағы Ақшоқы тауына алып шығып, алыстан бұлдыраған Алакөлді көрсетті. Жеті ата­мыздың сүйегі сол маңайда жатқанын айтты. «Ол жаққа қашан барамыз?» дедім мен. Әкем: «Сен университет бітіргенде барамыз», деді. Арманымыз ақиқатқа айналып, келдік ақыры Қазақстанымызға...»

Әне, көрдіңіз бе, мәселенің төркіні қайдан тамыр тартқанын!

Аталған қордың атқарушы директоры, белгілі айтыс ақыны Серік Қалиевтің айтуынша, Зейнолла Сәніктің өмірі мен шы­ғармашылығын насихаттау бағытында көңіл көншітерлік көптеген жұмыс жүр­гізіліпті. Оның сыртында әдеби, мәдени, ғылыми іргелі іс-шаралар легі қордың ел руханиятына қомақты үлес қосу үстінде екенін көрсетеді.

Биыл тұғырлы тұлғаның 90 жылдығына орай Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры Қазақстан Жазушылар одағы­мен бірлесе отырып, «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік» республикалық экспедициясын ұйымдастырды. Құрамында есімдері елге мәлім ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, басқа да зиялы қауым өкілдері бар экспедиция мүшелері Алтай мен Атырау арасындағы қалың қазақ қасиет тұтатын тарихи ескерткіштермен танысып, киелі орындарға зиярат етіп, жұртшылықпен жүздесіп, төл мәдениетіміздің кешегісі мен бүгінгісі төңірегінде ой толғады.

Елдік мұраттарға арналған экспе­диция­ бағдарламасына сәйкес Орталық Қа­зақстанды аралаған топтың құрамында біз де болған едік.

Ірілердің ізі қалған Қарағанды

Қойнауында қола дәуірінің қоймасын­дай Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қонысы қалған Қарағанды топырағы қашаннан қастерлі. Айдалада айранын ұрттап, қойын құрттап жүріп Аппақ Байжанұлы тауып алған қара алтынның арқасында кеншілер қаласының атақ-даңқы аспандады. Алайда аймақ тұрғындары арыдағы Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, берідегі Әли­хан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Күләш Байсейітова, Ғабиден Мұста­фин, Тоқтар Әубәкіров қатар­лы қазаққа қадірлі жерлестерін кез келген кен бай­лығынан жоғары бағалайтынын байқадық.

Кеншілер шаһарындағы кездесулердің ең үлкені Ебіней Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университетінде болды. Мәртебелі меймандарын мейірлене қарсы алған ректор Нұрлан Дулатбеков оқу ордасының тұңғыш басшысы, академик Ебіней Бөкетов туралы емірене естелік айтты. Ол кісінің техникалық ғылымның теңдессіз білгірі ғана емес, сондай-ақ әдебиет әлемінде де айшықты қолтаңбасын қалдырғанына айрықша назар аударылды.

Университеттің оқытушы-профессор­лар құрамы, ғалымдар мен студенттер қатысқан мәнді мәжілісте Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов білім нәрімен сусындап жатқан бүгінгі жастар еліміздің ертеңі екеніне екпін түсіріп, мемлекетіміз тудырып отырған мүмкіндікті мейлінше пайдалану қажет­тігін қаперге салды.

«Біздің экспедицияның басты мақ­саты – бабадан мирас рухани байлығы­мыз­ды барынша насихаттау, сан ғасыр сақталған салт-санамызды өздеріңдей өскін ұрпақтың бойына сіңіру. Бұл ретте тағдыры тар заманның тәлкегіне ұшы­раса да, ұлттың ұлы мұрасын тірнектеп жинаған Зейнолла Сәніктің «Қазақ этнографиясы» дейтін кітабы айтарлық­тай рөл атқарары анық. Осындай ойлы һәм құнды дүниелер­ді көбірек оқыған­дарың дұрыс», деді ол салиқалы пікірін сабақтап.

Басқосу барысында сөз сөйлеген Жазу­шы­лар одағы төрағасының орынбасары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Қалибек зиялы Зекең­нің өмір бойы ұлттық құндылықтар­ды ұлықтап өткенін, сол арқылы әдебиеті­міз бен мәдениетімізге орасан зор олжа салғанын тілге тиек етті.

Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов тота­литаризм тоқпағынан жаншыла жаз­даған ұлттық намысымызды оятуға сеп­тігін тигізген соқталы еңбектер жазған Зей­нолла Сәніктей елжанды ерек тұлға­лар ешқашан ұмытылмайтынына сенім білдірді.

Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев қабырғалы қаламгердің өнегелі өмірі мен шұрайлы шығармашылығын танымал ету тарабындағы атқарылған ауқымды шараларға тоқталып, оның қызы Жанатпен бірігіп жазған «Қазақ этнографиясы» атты энциклопедиялық сипаттағы көлемді кітабының бірнеше данасын университет кітапханасына сыйға тартты.

Экспедицияға қатысушылар ертесі­не жергілікті жазушылар ұйымының жетекшісі Жанат Жаңқаштың бастауымен ақтаңгер ақын Қасым Аманжоловтың ескерткішіне арнайы соғып, жанын­дағы жайқалған жасыл аллеяда аялдады. Жыр жампозының 110 жылдығына арналған мүшәйраға қатысқан жас ақындар ағаш егіпті. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбайдың мына бір өлең жолдары еріксіз еске түседі.

«Бір күйім домбырада шертілгесін,

Ақынын енді қазақ өлтірмесін.

Дауылың өртке тиді, Қарағанды,

Қасымның қайыңдары желкілдесін».

Ақынның ақылды сөзіне алып-қоса­ры­мыз жоқ.

Сауапты сапардың тізгін тартар тағы бір тұсы Алаш қозғалысының аса ірі қайраткері Әлімхан Ермековтің мүрдесі жатқан мұсылмандар қорымы болды. Мұнда мұңлы естеліктерге кезек тиіп, ас­там мінезді компартия көсемдері алдында өзін тең атаның баласындай ұстап, шекарамызды шегендеген есіл ердің рухына құран бағышталды.

Жайсаңдар жайлаған Жаңаарқа

Неге екенін қайдам, Жаңаарқа десе, аузымызға қазақтың этнографиялық элементтерінің санатына кіретін киелі сусынымыз – қымыздың қышқылтым дәмі келеді. Сірә, өзге өңірлерден өзгешелеу Сарыарқаның сары қымызымен сарық басуды әдетке айналдырып алсақ керек.

Атасудағы аудандық мұражайдың экспонаттары ескінің көзіндей елестейді. Музей директоры Ерболат Шубаев қысқаша шолумен-ақ талай нәрсені құлағымызға құйып тастады. Сайдалы сары Тоқа, Дайрабай Ерназарұлы, Нияз, Нұрбай батырлар, Байдалы би және т.б. мақтауға лайық марғасқаларға қатысты деректерді алға тартты.

Кезінде сал-серілер сауық-сайран құр­ған жерге келгендіктен бе екен, алқалаған әлеуметті әдемі әндерімен әлдилеген Игілік Омаров, Қайрат Байбосынов, Бек­бо­лат Тілеухан, Серік Оспанов секілді жаңа­арқалық сахна саңлақтарының әсем даусын еміс-еміс естігендей әсерге бөлендік.

Екінші қабаттағы киіз үйдің іші кірсең шыққысыз екен. Ондағы мүлік-мүкәмал, тұтыну заттары, киім-кешек және басқа да көнеліктер көздің жауын алады. Осын­да мектеп оқушылары жиі-жиі келіп, этно­графиялық сауатын ашатын көрінеді.

Жезқазғанға барар жолдың бойындағы Ақселеу биігіне де ат басын бұрдық. Саналы ғұмырын қазақтану саласына сарп еткен Ақселеу Сейдімбек осынау асқар белдің төбесіне жерленген.

Ұлытау – ұлыс кіндігі

Асылдарымыздан асырып айта алмаспыз. Сондықтан солардың сөзіне жүгінелік.

«Ұлытау – халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, иісі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қасиетті мекен», дейді ғұлама Әлкей Марғұлан.

«Ұлытаудың ұлы атануы тауының биік­тігінен емес, суының көптігінен емес, ол тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған», деп жазады заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев.

...Сондықтан да Отан тарихында оның алар орны бөлек. Ұлытау – ұлыс кіндігі.

Жезқазғаннан желдей есіп Ұлытау ауданына жеткенімізде бірден еңселі ескерткіштің жанына тоқтадық. Кімдікі екен дейміз ғой баяғы. Сөйтсек, Мәшһүр Жүсіп «Ту ұстап, тұлпар мінген» деп мадақтаған Ерден Сандыбайұлынікі екен. 2017 жылы бой көтеріпті. Батырлығын былай қойғанда, баяғыда аға сұлтан сайла­уында саңлақ Шоқанның өзін «құлатқан» сайыпқыран ғой. Балталы-Бағаналы елінің басын ұстаған баһадүрдің ат үстіндегі айбыны асқақтап тұр.

...Ежелгі Ұлытаудың ең биік шыңы – Әулиетау. Ел аузындағы аңыздарға сенсек, Жер мен Көк оның шырқау шыңында түйіседі-мыс. Адам мен табиғаттың тылсым байланысқа түсетін орын болып есептеледі. Осындағы қасиетті үңгірде дала данагөйі Зердеш баба алғашқы аянын алыпты. Тау етегіндегі тастай бұлақтан дәм татып, бетімізді жудық.

...Қазақ ұлысын билеген Шыңғыс ұрпақтары кезектесіп таққа отырған талайғы «Хан ордасы» орналасқан жерге табанымыз тигенде тал бойымызды алапат сезім билегенін жасыра алмаймыз. Ойымыз онға бөлініп, санамыз саққа жүгірді. Жөн сілтеушіміз Амангелді ауылының әкімі Бұқар Айжантаев алған білімі бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі екен. Сөйлегенде сөздің сөлін ағызады. Тек тыңдай біл. Жазиралы жазықта қолдан соғылған қорғанның айналасына арық қазылып, іргеден ағатын Қаратал өзенінің суын бұрыпты. Сәл әріректе тағы бір ескі жұрттың жұрнағы жатыр. Бұл ордаға қызмет көрсетуші қарашалар тұрағы болуы мүмкін.

Ұлы хандарымызды ақ киізге көтеріп ұлықтаған киелі мекенде бұрынғы-соң­ғы­ның салтымен аунап-қунап, көңіліміз көкке өрлеп, рухтанып аттандық.

«Хан ордасынан» ат шаптырым жер­дегі Алтыншоқыны көруді көптен көк­сеулі едік. Көрдік. Алтыншо­қының төбесіне көтеріліп, айналаға көз жүгіртсеңіз, керемет көріністердің куәсі боласыз. Алыстан асқақтап Едіге шыңы көрінеді. Ел қамын жеген Едіге бидің сүйегі сонда жерленген. Бірде қас, бірде дос болып ғұмыр кешкен Тоқтамыс хан екеуінің қабірі қатар жатыр дейді бәзбір білгіштер. Архивтен гөрі ­ауызша тарихқа көбірек сенетін көшпелілер ұрпағы емеспіз бе? Аңызға күмән келтіргеніміз жарамас.

Айтпақшы, Алтыншоқының басында тұр едік қой. Баяғыда арыстан Әмір Темір Тоқтамысты шабуға бара жатып жолай осында соғыпты. Екі жүз мың әскерін сай-салада тынықтырып, Сарыарқаның жанға жайлы ауасымен біраз тыныстапты. Содан қалың қолын жұмсап, дәл қазір біз тұрған шоқының басына басқан ізінің белгісі ретінде жан-жақтан тасытып тас үйгізіпті. Онымен қоймай бармағы майыс­қан бәдізшілеріне тас қашатып, жазу қал­дырып­ты. Алтыншоқыда орнатылған сол жәдігерді алғаш тапқан академик Қаныш Сәтбаев екені мәлім. Тарихи тас Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталған. Мына жерде көшірмесі тұр. Ондағы жазудың мазмұны көзіқарақты көпшілікке таныс болғандықтан, белгілі жайды қайталамай-ақ қойғанды жөн санадық.

Сапар соңында Жезқазған қаласына таяу жердегі атақты Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл кесенелеріне келіп, тарихпен тілдескендей күй кештік. Алтын Орда дәуірінде дәуірлеген бабаларымыздың асқақ рухына бас идік.

Ұлытаудағы қос бірдей музейдің төрінде тұрған мұрағаттармен, ұлттық құн­дылықтарымыздың айғағындай жәді­гер­­лермен танысып, таным-көкжие­гін кеңейттік. Ең бастысы, ұлттық құн­ды­лықтар – ұлы қазына деген ордалы ой түйіп қайттық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әнші Әли Оқапов інісінен кешірім сұрағанын айтты

27 Қазан 2025 21:27see155

Алматы облысында 9100 Sergek камерасы орнатылды

28 Қазан 2025 08:32see151

Қазақстан алдағы қыста да Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін

28 Қазан 2025 12:25see140

Зерттеу: чат боттар жауаптың 40 пайыздайын ойдан шығарады

27 Қазан 2025 22:34see114

Бүйрек жеткіліксіздігі: дерт дәріден болуы мүмкін бе?

28 Қазан 2025 10:32see111

Қазақстан уранын Финляндия атом стансаларына жеткізу мүмкіндігі талқыланады

28 Қазан 2025 12:51see110

Қазақстан әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын елдердің бірі

28 Қазан 2025 21:59see110

Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт бұғатталды

28 Қазан 2025 02:42see110

ХАМАС тұтқынның денесін қайтарды

28 Қазан 2025 09:15see108

Қылмыс көбейген соң Швеция кәмелетке толмағандарға қатаң жаза енгізеді

29 Қазан 2025 00:38see108

Қазақстанда электромобильдер құны қымбаттайды

28 Қазан 2025 19:33see108

Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ тың әскери тікұшағы мен жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

27 Қазан 2025 19:52see107

АЭС тің түпкілікті координаты әлі айқындалған жоқ Сәтқалиев

28 Қазан 2025 12:25see107

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29 Қазан 2025 04:04see107

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

29 Қазан 2025 11:42see107

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

29 Қазан 2025 08:14see106

Мұнай нарығы қалай өзгеруі мүмкін?

28 Қазан 2025 08:11see106

Қазақ қытай ынтымақтастығы артады

28 Қазан 2025 23:40see106

Австралияда шахтадағы жарылыстан екі адам қаза тапты

28 Қазан 2025 05:15see105

Жарық күн телехикаясы экранға шығады

28 Қазан 2025 23:40see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары