Конституция жобасынан рухани адамгершілік құндылықтар ұғымы алынып тасталды
Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсынған Конституция жобасында бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылып отыр. Соның бірі – «рухани-адамгершілік құндылықтар» ұғымының алып тасталуы, деп хабарлайды Arasha.kz.
Комиссия мүшесі, журналист Әділ Балтабаевтың айтуынша, бұл ұғым Конституцияның 12, 20 және 32-баптарында қамтылған болатын. Аталған баптар адам құқықтары мен бостандықтарына, сөз бостандығына және бейбіт жиналыстар өткізу құқығына тікелей қатысты.
«Бұл өте кең әрі нақты емес ұғым еді. Сол себепті ол әртүрлі, тіпті қайшылықты түсіндірмелерге жол ашты. Осы мәселені біз комиссия жұмысының алғашқы күндерінен бастап көтеріп келдік», – деді Әділ Балтабаев.
Оның айтуынша, журналист Қарлығаш Жаманқұлова және комиссия құрамындағы әріптестерімен бірге бұл ұғымды не толық алып тастау, не халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру қажет деген ұстанымда болған. Нәтижесінде комиссия «рухани-адамгершілік құндылықтар» ұғымының орнына «қоғамдық мораль» (public morality) терминін енгізуді ұсынды. Бұл – халықаралық деңгейде мойындалған түсінік және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті секілді негізгі құжаттарда бекітілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 18:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















