Отбасылық жанжал: Түркістан облысында әйел көз жұмды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түркістан облысында көпбалалы ана отбасылық жанжалдан кейін қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, ауыр жарақат алған әйелді ең кіші ұлы бірінші байқаған. Анасының дауысын естіп, бөлмеден шыққан ол оны қанға боялған күйінде көрген. Жас жігіт жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ерлі-зайыптылар шамамен 25 жыл бірге тұрып, төрт бала тәрбиелегені хабарланды. Жанжалдың себебі әзірге белгісіз. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар оқиғадан кейін марқұмның күйеуі де өзіне жарақат салып, өзіне қол жұмсамақ болғанын айтады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шаралар атқарылуда», – деп жауап берді ведомство.
Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















