Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Отбасында жанжал шығарған 25 мың адам қамалды Ішкі істер министрлігі

Отбасында жанжал шығарған 25 мың адам қамалды Ішкі істер министрлігі

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ІІМ-де алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Тоғыз айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 15%-ға азайып, 11 мыңнан астам қылмысқа төмендеді. Алдын алу шараларын күшейту және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын дер кезінде кесу неғұрлым ауыр қылмыстар мен олардың салдарының алдын алуға, "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға мүмкіндік берді.

Министр жалпы көрсеткіштердің артында нақты адамдардың тағдыры мен олардың қауіпсіздігі тұрғанын атап өтті. Қол жеткізілген нәтижелер барлық бөліністерден бұдан да жоғары жинақылық пен табандылықты талап етеді.

Алқа отырысында ведомство басшысы аумақтық бөліністер мен қызметтердің жұмысындағы кемшіліктерді қатаң атап көрсетті. Басшыларға жол берілген олқылықтарды жою, қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Негізгі бағыттардың бірі – Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру. Тоғыз айда 321 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың қатарында қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бар. Полицияның әрекет етуі нәтижесінде 1318 стихиялық қоқыс орны жойылды. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

- Мемлекет басшысы атап өткендей, "Таза Қазақстанның" мәні көшелердің тазалығымен ғана шектелмейді. Бұл - мінез-құлық мәдениеті, өзара құрмет және заңды сақтау. Қоғамдық орындарды ластауға, вандализмге және мүлікті бүлдіруге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу жұмыстарын күшейтуді тапсырамын, - деді Ержан Саденов.

Вандализмге, заңсыз жазулар мен граффитиге қарсы шаралар күшейтілді. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам граффити өшіріліп, шамамен 5,8 мың әкімшілік іс қозғалды. Волонтерлермен бірлесіп 13 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді.

Министр мұндай құқық бұзушылықтардың жолын тұрақты түрде кесуді және ғимараттарға заңсыз жазу салғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі түзетулерді әзірлеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Отбасылық-тұрмыстық салада зардап шеккендерді қорғау және қайталама зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Тоғыз айда 90 мыңнан астам отбасылық жанжал шығарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға көп. Олардың 25 мыңы әкімшілік қамауға алынды.

73 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаларды және сот белгілеген шектеулерді бұзғаны үшін 20,5 мың адам жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дағдарыс орталықтарына балалары бар 4,5 мың әйел орналастырылды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүгінушілер саны 1,2 мыңға азайды. Осы саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 10,4%-ға, оның ішінде адам өлтіру фактілері 11%-ға төмендеді.

Министр бөліністердің жұмысын зорлық-зомбылықты ерте кезеңде алдын алуға бағыттауды, қорғау шараларының сақталуын бақылауды және қайталама жағдайлар қаупі бар отбасылармен жеке жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрғындардың тыныштығын бұзатын түнгі жарыстардың, қауіпті дрифт пен шудың жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар жүрген 386 дрифт фактісінің жолы кесілді. 59 адам әкімшілік қамауға алынды. 142 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды.

Жалпы жолдарда 11,9 млн жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде көлікті мас күйде басқарудың 19 мыңнан астам фактісі және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 247 мыңнан астам жағдайы анықталды. 2,4 мың жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға, қаза тапқандар саны 16%-ға төмендеді. Ведомство басшысы көлік тәртібіне бақылауды күшейтуді және әкімдіктермен бірлесіп қауіпті жол учаскелерінің қауіпсіздігін арттыруды тапсырды.

Полиция тікелей эфир кезінде стримерлердің құқыққа қайшы әрекеттері бойынша да шаралар қабылдауда. Әкімшілік жауапкершілікке блогерлер мен стримерлерді қоса алғанда, 150-ден астам желі пайдаланушысы тартылды. Олардың 58-і әкімшілік қамауға алынды.

Құқық бұзушылық фактілері мен қабылданған шаралар осындай жағдайлардың алдын алу және қоғамда құқыққа қайшы әрекеттерге төзбеушілік қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағыты бойынша жыл басынан бері 44 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде үшеуі трансұлттық сипатта. Қылмыстық орта өкілдерінің 238-і қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

- Бүгінде қылмыстық топтар бизнестің атын жамылып әрекет етеді, алаяқтық схемалар мен қаржы пирамидаларын құрады. Ұйымдастырушыларды анықтап, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және криминалдың экономикаға ықпалына жол бермеу қажет, - деп тапсырды министр.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін есірткі қылмысына қарсы күреске ерекше назар аударылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоғыз есірткі зертханасы артық жойылды. Заңсыз айналымға 31 тоннадан астам есірткінің түсуіне жол берілмеді. Бұл 20%-ға көп.

Сонымен қатар ІІМ Ұлттық ұлан қолбасшылығына әскери тәртіпті күшейтіп, қызмет атқару қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау басым бағыт ретінде белгіленді.

Министр заманауи талаптарды ескере отырып, дайындық пен жаттығулар жүйесін қайта қарауды және олардың сапасына басты назар аударуды талап етті. Жеке құрам арасында заңдылықтың сақталуына да ерекше міндеттер қойылды.

Басшылар жеке құрамды бақылауды, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, қызметкерлердің күнделікті өмірдегі және әлеуметтік желілердегі мінез-құлқын қадағалауды күшейтуге міндетті. Тәлімгерлік пен кәсіби даярлықты нығайту тапсырылды. Қарамағындағы қызметкерлердің тәртібі үшін әрбір басшы жеке жауапты болады.

Сондай-ақ киберқылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көші-қонды бақылау, тергеу жұмыстары мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Отырысты қорытындылай келе, Ішкі істер министрі басты басымдықты - қауіп-қатерлердің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Адамдар үйінде, көшеде және қоғамдық орындарда өздерін қауіпсіз сезінуге тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 14:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары