Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Палестина елшілігі: Рафах шекара бекеті 20 қазанда қайта ашылады

Палестина елшілігі: Рафах шекара бекеті 20 қазанда қайта ашылады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Газа секторы мен Мысыр арасындағы жалғыз шекара өткелі – «Рафах» бақылау-өткізу пункті дүйсенбі, 20 қазанда ашылады. Бұл туралы Мысырдағы Палестина елшілігі сенбі, 18 қазанда мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. 2024 жылдың мамырынан бастап жабылған бұл бақылау пункті Мысырда тұратын палестиналықтарға Газа секторына оралуға мүмкіндік береді, делінген елшіліктің хабарламасында. Өткел 2025 жылдың ақпанында уақытша және шектеулі трафикпен ашылған.

Сонымен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Рафах өткелі ХАМАС лаңкестік қозғалысы Газада кепілде ұстап отырған барлық израильдіктің мәйітін бергеннен кейін ғана ашылады деп мәлімдеді.

Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу 10 қазанда күшіне енген Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімінің бір бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін гуманитарлық көмек тиеген жүк көліктері бұл аймаққа «Керем-Шалом» өткелі арқылы кіретін. Алайда БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) көмек жеткізу үшін барлық шекара бекетін ашуды талап етті.

Газа секторындағы атысты тоқтату туралы декларация

13 қазанда Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында 20-дан астам әлем көшбасшылары қатысқан халықаралық «бейбітшілік саммиті» өтіп, Газа секторында атысты тоқтату туралы декларацияға қол қойылды.

Делдал елдер – Египет, Қатар, Түркия және АҚШ Израиль мен Палестинаның радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысы арасындағы келісімді ресми түрде бекіткен құжатқа қол қойды. Төрт ел соғысты тоқтатуға арналған келісімнің сақталуына кепілдік беруге келісетінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, декларацияда 2023 жылдың қазан айында басталған қақтығыстың өткір кезеңін аяқтау жолындағы одан әрі қадамдар туралы «ережелер» белгіленген. Америкалық көшбасшы 13 қазанды «бүкіл әлем мен Таяу Шығыс үшін керемет күн» деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 7 қазаны Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуінің бастапқы нүктесі болды. Содырлар Израильге зымыранмен шабуыл жасап, оның аумағына басып кіріп, шамамен 1200 адамды өлтірді. Олар сондай-ақ 250-ге жуық адамды кепілге алып, Газа секторына алып кетті. Кепілге алынғандардың кейбірі кейін айырбасталды немесе босатылды, ал басқалары қайтыс болды.

Бұған жауап ретінде Израиль ХАМАС-қа соғыс жариялады. ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жерүсті шабуылы мен Газа секторын бомбалау кезінде 67 000-нан астам палестиналық қаза тауып, 169 000-нан астамы жараланған.

Айта кетейік, алғаш рет жүздеген Газа тұрғыны қираған мешітте жұма намаз оқыды.

Газа секторын қалпына келтіруге ондаған жыл қажет болуы мүмкін.

Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін арттыруға рұқсат берді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 00:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары