Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Парасат бәйгесі басталды

Парасат бәйгесі басталды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты ашылу рәсімі «Оқитын ұлт – зерделі қадам» тақырыбына арналды.

Іс-шара барысында кітап оқуды өмір салтына айналдырған үздік оқырман­дар марапатталды. Олардың қатарында оқу­шылар, студенттер, педагогтер, кәсіп­керлер, зейнеткерлер, ерекше қажет­тіліктері бар оқырмандар және кітап оқу­ды отбасылық дәстүрге айналдырған жанұялар бар.

– Биыл марафонның мазмұны кеңейіп, «Оқитын зияткер» атты жаңа бағытпен толықты. Жобаға әртүрлі мамандық иелері, қоғам белсенділері, жастар және кітап оқуға қызығушылық танытқан барлық тұрғындар қатыса алады. Марафон 6 ай бойы жалғасып, қатысушылар 7 бағыт бойынша 15 кітап оқып, шығармаларды талқылап, пікір алмасып, түрлі әдеби-танымдық іс-шараларға қатысады, – деп атап өтті Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы.

Сонымен қатар «Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, 2025 жылдың қыркүйек айында «Кітап оқитын ұлт» жобасы пилоттық түрде Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған болатын. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына шығаруды мақсат етті.

Осы жоба аясында халықтың әртүрлі топтарын кітап оқу мәдениетіне тартуға бағытталған байқау бастау алды. Байқау «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» деген алты бағыт бойынша өткізілді.

Әрбір бағыт үшін сарапшылар мен тиісті сала өкілдерінің ұсыныстары бойынша әр бағытқа сәйкес 15 кітаптан тұратын тізім әзірленді. Жалпы тізімге «100 кітап» Жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалған шығармалар енді.  Әр санаттағы кітаптар тізімі қатысушы­лардың жас ерекшелігіне сәйкес бейімделіп әзірленді. 

Былтыр пилоттық форматта Қарағанды облысында бастау алып, кейін оған Қостанай облысы мен Шымкент қаласы қосылған болатын. Соның ішінде ең жоғары қамтуды дәл Қарағанды облысы көрсетті, мұнда 67 824 адам қатысты.

Жеңімпаздарды марапаттау 23 сә­уір – Ұлттық кітап күніне орай өткен еді.

Жоба барысында қатысушылар жас ерекшелігі мен мақсаттарына сай сарапшылар іріктеген 15 кітаптан оқыды. Тізімде отандық және шетелдік авторлардың шығармалары, оның ішінде Абай Құнан­байұлы, Мұхтар Әуезов және Бауыржан Момышұлының еңбектері бар.

Қатысушылар электронды оқыр­ман күнделіктерін жүргізіп, кейін тестілеу­ден өтіп, облыстық зияткерлік квизге қатысты.

– Бұл жоба кітапқа деген қызығушы­лықтың әлі де жоғары екенін көрсетті. Демек, саналы түрде даму жолын таңдайтын қоғам қалыптасып келеді. Бұл өз кезегінде өңіріміздің болашағы кемел әрі тұрақты болатынын білдіреді. Бүгінгі күн көптеген игі бастамалар мен дәстүрлердің негізін қалады, олар өзгелерге үлгі бола алады. Осындай бастамалардан интеллектуалды ұлт қалыптастыруға бағытталған стра­тегиялық міндеттердің жүзеге асуы бас­талады деп сенемін, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Байқауда Қарағандыдан Балғабек пен Жұмағұловтар отбасылары жеңімпаз деп танылып, олар Астанада марапатталды. 

Балқаш қаласынан Құрал отбасы облыс бойынша үшінші орын иеленді. Отбасының ұйытқысы Назым Құралдың айтуынша, жоба балалардың кітапқа деген көзқарасын өзгерткен.

– Байқауға қатысушылар көп болды, біз тіпті жүлдегер атанамыз деп ойлаған жоқпыз. Балалар жай ғана оқығысы келді, біз оларды қолдадық. Әр оқылған кітаптың өзіндік мәні бар, әрқайсысы ерекше әсер қалдырады, – дейді Назым Құрал.

Ең жасы үлкен қатысушылардың бірі – 80 жастағы Бағзат Оралбай. Бұрынғы ұстаз кітапсыз өмірін елестете алмайтынын айтады.

– Біздің отбасымызда бәрі оқиды. Мен бала кезден кітапты жақсы көремін және әлі күнге дейін оқимын. Маған Мұқағали Мақатаев пен Шерхан Мұрта­заның шығармалары ұнайды. Жастарға айтарым, көбірек оқыңдар, кітап адамға көп нәрсе береді, – деп өскелең ұрпаққа ақ тілегін білдірді Бағзат апа.

Ең ауқымды санат «Кітап оқитын мек­теп» атанып, оған 30 мыңнан астам адам қатысты.

Бұл номинацияда Приозерск қаласынан 8-сынып оқушылары Айнара Сабық, Перизат Файзуллаева және Лаура Жарылғапова жеңіске жетті.

– Кітапқа деген сүйіспеншілік бірден келген жоқ – шамамен 9-10 жаста, мектепте бес минуттық оқу енгізілген кезде басталды. Бұл жоба жаңа авторларды ашуға мүмкіндік беріп, жақсы мотивация болды, – дейді оқушылар.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:23
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 05:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары