Парижде Брижит Макрон туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты сот процесі басталды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Сегіз ер адам мен екі әйел айыпталушы оны ер адам болып туылды деп жалған ақпарат таратқан.
Сотталушыларға 72 жастағы Брижит пен 47 жастағы Макронның жас айырмашылығына қатысты жала жабу туралы мәлімдеме жасады деп айып тағылды.
Брижит Макронның адвокатына сілтеме жасаған AFP агенттігінің хабарлауынша, президенттің әйелі бірінші сот отырысына келмеген және сотқа келуді жоспарлап отырған жоқ. Есесіне оның қызы Тиффани Аузер сейсенбі күнгі сотта куәлік бере алады.
Он айыпталушының қатарында сайланбалы лауазымдағы шенеунік, галерея иесі, мұғалім және интернеттегі экстрасенс, Амандин Рой лақап атымен желіде өнер көрсететін 51 жастағы Дельфин Дж. бар. Солндай-ақ өзін тәуелсіз журналист деп атайтын Натача Рей есімді айыпталушы өткен жылы Брижит Макронға жала жапты деген айыппен сотталған.
Еске салайық, шілде айында Франция президенті Эммануэль Макрон зайыбы туралы жалған мәлімдеме жасаған әйелді сотқа берген болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 06:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















