Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Парламент бюджет есебін қабылдады

Парламент бюджет есебін қабылдады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бірлескен отырысқа Парламент депутаттарынан бөлек, Президент Әкімші­лігінің басшылық өкілдері, Үкімет басшысы мен мүшелері, Ұлттық банк, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері, Президентке тікелей бағынатын, есеп беретін мемлекеттік органдардың және ұлттық холдингтердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндама жасап, депутаттарға Үкіметтің былтырғы жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырды. Бұған дейін бюджет туралы Үкімет есебі қос палатада қаралып, Парламент пен Үкіметтің ортақ жұмысының нәтижесінде тиісті қорытынды жасалғанын атап өтті.

«Өткен жылдың қорытындысында экономика 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 15 млрд долларды құрады. Бұл ретте инфляция 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық деңгейі жыл бойы сақтала отырып, 4,6 пайызды құрады. Еңбекақының ішкі жалпы өнімдегі үлесі шамамен 30 па­йыздан асып тұр, бұл – Орталық Азиядағы жоғары көрсеткіш. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткішке, яғни 40 пайызға жету. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін Кешенді шараларды әзірлеп жатыр. Оның аясында қаржылық, салық және басқа да ынталандыру шаралары көзделген. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған», деді Қаржы министрі.

Баяндамашының айтуынша, мем­лекеттік борыш белгіленген деңгейде тұр. Жыл қорытындысында ішкі жалпы өнімнің 22,8 пайызын немесе 36,4 трлн теңгені құраған.

Бұдан бөлек, Ұлттық қордың активтері өткен жылдың соңында 73,8 млрд долларға жетсе, оның ішіндегі 63,9 миллиарды валюталық қордың активтері. Ал «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында осы жылы әр балаға 130,7 доллар бағытталса, 3 жылдың ішінде 370,6 доллар есептеліпті.

М.Тәкиев былтыр республикалық бюджеттің кірістері 99 пайызға орындалып, 21,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері трансферттерді есептемегенде 15,3 трлн теңгеге жетті. Салық түсімдері 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5 пайызға өскен. Бұдан бөлек, республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрапты.

«Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда, бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталды. Бұл бағытта Ұлттық жобалар іске асырылды. Нәтижесінде, 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студентке 30 жатақхана пайдалануға берілді», деді ведомство басшысы.

Бұған қоса, былтыр Инвестициялық штаб жалпы құны 70 млрд доллар болатын 126 жоба төңірегіндегі түйткілді мәселелерді реттеп, алдағы жылдары елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуға жағдай жасаған. Тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылы 2,6 млрд долларға немесе 14,5%-ға өсіп, 20,5 млрд долларды құрапты.

Ал Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Республикалық бюджеттің жаңа Бюджет кодексіне сәйкес атқарылуы барысында назар аударуды талап ететін бірқатар жүйелі мәселе анықталғанын айтты.

«Олардың барлығы біздің есебімізде көрсетілді және Парламентте қаралды. Жоғары аудиторлық палатаның кейбір негізгі ұсыныстарына қысқаша тоқталып өтейін. Біріншіден, мемлекеттік органдарға өз бюджеттерін 15% лимит шегінде нақтылаусыз түзетуге мүмкіндік берілді. Алайда мұндай мүмкіндік қосымша пысықтауды талап етеді. Егер түзетілген бюджетке қатысты есептесек, онда небәрі 8 түзетудің негізінде бастапқыда бекітілген бюджетті толығымен қайта бөлуге болады. Іс жүзінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша мұндай қайта бөлу көлемі 90 пайызға дейін жетті. Бұл республикалық бюджет туралы заң жобасын қарау кезінде Парламентте егжей-тегжей талқыланып, бекітілген бюджет параметрлерінен едәуір ауытқу тәуекелдерін тудырады. Осыған байланысты Парламенттің бақылауында болуын қамтамасыз ете отырып, мұндай түзетулердің көлемін шектеу қажет деп есептейміз», деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол ковенанттардың сақталуына және тұрақты кредиттік рейтингтерге қарамастан, мемлекеттік борышты басқару әрі қарай жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Оған қоса Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында көзделген қолданыстағы шектеулерді күшейтуге де назар аудару керектігін баса айтты.

«Бюджеттің өз кірістеріне түсетін жүктемені, қарызды өтеуге жұмсалатын шығыстар көлемін, сондай-ақ жаңа қарыздардағы қайта қаржыландыру үлесін ескеретін қосымша көрсеткіштер қажет. Ал қарыздарды тарту өнімділіктің, экспорттың өсуіне, сондай-ақ олардың салық түсіміне ықпал ету тұрғысынан бағалануға тиіс», деді ЖАП төрағасы.

Сонымен қатар Ә.Смайылов Ұлттық қорды басқару жүйесінде қаражаттың түпкілікті алушыға дейін цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

«Жоспарлаудан бастап нәтижелерді мониторингілеуге дейін барлық үдерісті автоматтандыру қажет. Бұл ретте мониторинг қаражатты кассалық игеруге емес, сапалық параметрлерге негізделуге тиіс. Ұлттық қордың пайдаланылмаған қаражатын қордың өзіне қайтару тетігі ерекше назар аударуды талап етеді. Қолданыстағы процедура оларды қайтармауға мүмкіндік береді. Ал бұл ретте қайтарылмаған қаражат көлемі қомақты», деді Ә.Смайылов.

Жалпы алғанда, Жоғары аудиторлық палата жүйелі проблемалар бойынша 26 негізгі ұсыныс әзірлеген. Плата төрағасы осы ұсыныстардың алдағы кезеңдегі заңнамаларда көрініс табатынына сенім білдірді. Ал ол ұсынылған шаралар мемлекеттік ресурстарды пайдалану және тұтастай алғанда мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Бірлескен отырыс барысында депутаттар да сөз сөйлеп, есептерді егжей-тегжей талқылады. Кемшіліктер айтылды, жаңа жоспарларға жол ашылды. Ендігі есепте ескерілер мәселелер де назардан тыс қалмады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Маусым 2026 01:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары