Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Павлодарда 9 тілде еркін сөйлейтін оқушы Астанадан пәтер сатып алды

Павлодарда 9 тілде еркін сөйлейтін оқушы Астанадан пәтер сатып алды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Павлодарда 9 тілде еркін сөйлейтін Айханым Оқасова өз еңбегінің нәтижесінде Астанадан баспана сатып алды.

11-сынып оқушысы қазір шет тілін үйренуге ниетті азаматтарға дәріс береді, деп хабарлайды Жетінші арна.

Тіл үйренуге деген қызығушылық Айханым Оқасоваға анасынан дарыған. Алдымен ағылшын тілін үйреніп, уақыт өте келе француз тіліне ерекше сүйіспеншілік танытқан.

"Француз тілінен кейін Павлодар қаласындағы Жастар ресурстық орталығында кәріс тілі бойынша тегін курстар ашылды. Кейін курс аяқталса да, бірақ бұл тілге деген қызығушылығым басылған жоқ. Иероглифтермен алғаш рет бетпе-бет келген тәжірибем еді. Корей тілін жақсы деңгейде меңгергеннен кейін араб тілін үйрене бастадым, ал араб тілінен соң қытай тіліне көштім. Қазіргі таңда түрік және неміс тілдерінде еркін сөйлей аламын", - дейді Айханым.

Полиглот шет тілдерін меңгеруді 6-сыныптан бастаған. Көптеген тілді ол өз бетінше оқулықтар мен бейнесабақтар және тікелей қарым-қатынас арқылы үйренген.

"Әртүрлі материалдар алатынмын. Мәселен, орыс тіліндегі мақалаларды қазақ тіліне аударатынмын. Араб тілінен корей тіліне, корей тілінен араб тіліне, қытай тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қытай тіліне аударып жаттығатынмын. Сонымен қатар тіл тасымалдаушыларымен де көп тәжірибе жасадым. Оларды өзім интернет арқылы тауып, байланыс орнаттым. Шетелде тұратын достарым мен таныстарым көп, солармен сөйлесіп, жаттықтым", - дейді ол.

Бүгінде Айханым 9 тілді жетік меңгеріп, білімін одан әрі жетілдіріп жүр. Ол үшін тіл – түрлі мемлекеттің мәдениетін танып, адамдармен байланыс орнатудың негізгі құралы.

"Кез келген адамның тіл меңгеруге қабілеті бар, бірақ ол үшін үзбей оқып жүру керек деп ойлаймын. Адамның нақты мақсаты болса, ол кедергілерге де, қиындықтарға да қарамайды. Менің өзімде де бәрі бірден бола қойған жоқ. Егер бастауыш сыныптарда "сен бірнеше тілде сөйлейтін боласың" десе, ешқашан сенбес едім. Әрине, қиын болып бәрін тастағым келген кездер де болды. Бірақ жылдар өте келе бірнеше тілді меңгердім", - дейді Айханым Оқасова.

Қазір Айханым мектепте оқиды, әрі шет тілдерінен онлайн сабақ береді. Жас полиглот болашақта беделді шетел университетіне оқуға түсіп, жер жаһанды аралауды армандайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 17:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары