Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Павлодарда шағынаудандарды жаңарту жобасы басталды

Павлодарда шағынаудандарды жаңарту жобасы басталды

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Павлодарда тозығы жеткен ескі үйлердің орнына заманауи үлгіде жаңа тұрғын үй кешендері салынады, деп хабарлайды 24KZ. Қазір өңірде шағынаудандарды жаңарту жобасы іске асып жатыр. Бұл жоба қаланың сәулетін жақсартумен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Облыс орталығында 46 ескі үй бар. Алғашқы жұмыс Затон шағынауданында басталды.

Павлодарда мұндай тәжірибе бар. Бұрын Алюминстрой шағын ауданындағы екі қабатты 145 сабан үй сүріліп, олардың орнына жаңа Сарыарқа шағынауданы салынған еді. Араға 10 жыл салып, кезек басқа аудандарға да жетті.

Іргетасы сонау 70-80 жыл бұрын қаланған бұл үйлердің пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Соған қарамастан Затон шағынауданындағы 20 шақты үйде тұрғындар әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр. Жергілікті атқарушы билік кезінде уақытша баспана ретінде салынған ескі үйлердің бәрін сүруге шешім қабылдады. Көп ұзамай бұл жерде жаңа шағынаудан пайда болады.

Светлана Исмаилова өзі тұратын ауданды «трущобы» деп сипаттайды. 1937–1949 жылдар аралығында салынған үйлерде коммуналдық инфрақұрылым мүлде жоқ. Үйлер пешпен жылытылады, ал суды тасып ішеді. Сондықтан инвесторлар ұсынған шартқа ойланбастан келісіпті. Әзірге пәтер жалдап тұрып жатыр. Қоныстойын тойлайтын күн де алыс емес.

Светлана Исмаилова, қала тұрғыны:

- Менеджерлер келіп жаңа үйден баспана аласыз дегенде қуанышым қойныма сыймады. Мен іргесі 1949 жылы қаланған үйде 30 жылға жуық тұрдым. Онда  көп пәтерлер бос қалған еді. Бұл менің ұзақ күткен қуанышым. Баспалы болатыныма кәміл сенемін.

Тозығы жеткен үйлерде тұру қауіпті. Сондықтан кейбір тұрғындар пәтер жалдауға мәжбүр. Ал бос қалған үйлерге қаңғыбастар мен нашақорлар жиналады. Бұл ауданда өрт оқиғалары да жиі тіркеледі. Биыл жергілікті атқарушы билік қаланы жаңарту жобасы аясында апатты үйлерді толық жоюға шешім қабылдады.

Асхат Жүсіпов, мердігер компания өкілі:

- Бұл құрылыс үш жыл бұрын басталған еді. Осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Тұрғындарға ұнайды деп ойлаймын. Себебі олар тұрып жатқан жағдаймен салыстыруға болмайды.

Жоспарға сәйкес қала бойынша 46 ескі үй сүріледі. Оның 20-сы Затон шағынауданында орналасқан. Теміржол вокзалы ауданында 17 ескі үй сүріліп, 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл үйлерде барлығы 384 пәтер болады.

Арсланбек Қабдықайыр, Павлодар қ. сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Затон шағынауданында жүзеге асып жатқан құрылыс жобасына сәйкес 20 апатты үй сүріледі. Олардың орнына жеті жаңа көпқабатты тұрғын үй салу көзделіп отыр. Ескі үйлердің орнына жаңа тұрғын үй кварталдарын салу үшін инвесторлармен арада меморандум жасалды. Апатты үйлерден көшірілген тұрғындарға уақытша баспана жалдау шығынын өтеу үшін өтемақы төленеді.

Алдағы жылы облыс орталығында бюджет қаражатына көпқабатты 4 үйдің іргесі қаланады. Сонымен қатар инвесторлық жоба аясында 12 қабатты екі үй пайдалануға берілмек.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары