Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Полиция Қостанай облысында дәрігерге қоқан лоқы көрсеткен атышулы видеодағы емделушіні іздестіріп жатыр

Полиция Қостанай облысында дәрігерге қоқан лоқы көрсеткен атышулы видеодағы емделушіні іздестіріп жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында пациент медицина қызметкерін балағаттап, қоқан-лоққы көрсеткен видео тарады. Видео жарияланғаннан кейін полиция мен өңірлік денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені неге ауыстырдың?" – оқиға қалай болды?

Медициналық мекеме қызметкері әлеуметтік желіде 16 шілдеде болған жанжалдың видеосын жариялады. Жазбада ер адам оны балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен.

Медицина қызметкерінің айтуынша, ол видеоны аяныш тудыру үшін емес, дәрігерлер мен медбикелер жұмыс барысында қандай жағдайларға тап болатынын көрсету үшін салған. Оның сөзінше, қызметкерлер пациенттен басқа ауысымда келуін алдын ала сұраған және ол келіскен. Алайда, ер адам диализге келгенде қызметкерлерді балағаттай бастаған.

"Ол: "Мені неге ауыстырдың?" деп айқайлай бастады. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Бұл қоқан-лоққы мен балағат сөздерді мен ғана емес, әріптестерім де талай естіген. Бүгін осыны видеоға түсіріп алудың сәті түсті", – дейді маман.

Жазба авторы айналасындағылардың бәрі пациенттердің жүйкесіне балап, дәрігерлерді "шыдауға" шақыратынына өкініш білдірді. Медицина қызметкері денсаулықтың нашарлауы ешкімге қоқан-лоқы көрсетуге құқық бермейтінін мәлімдеді.

"Өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсету – мамандықтың бір бөлігі емес. Балағаттау – мамандықтың бір бөлігі емес. Медицина қызметкерін қорлау – мамандықтың бір бөлігі емес. Ешқандай денсаулық жағдайы, ашу-ыза немесе өмірлік жағдайлар адамға басқа біреуге: "Сені өлтіремін" немесе "Басыңды жарамын" деп айтуға құқық бермейді. Қоғам мұндайды қалыпты жағдай деп санауды доғарса екен деймін. Өйткені әрбір медицина қызметкерінің артында тірі жан тұр және әрқайсымыз ауысымнан кейін үйге қорқынышпен емес, еңбегіміз аз да болса құрметтелді деген сезіммен қайтуға құқылымыз", – деп түйіндеді қыз.

Полиция тексеріс бастады

Қостанай облыстық полиция департаменті жарияланымнан кейін қызметкерлер тексеріс бастағанын хабарлады.

Ведомство ер адамды жауапкершілікке тартуға уәде берді.

"Аталған факті бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта медицина қызметкерін балағаттаған адам анықталып жатыр және ол міндетті түрде заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады полиция.

"Олар құрметке, қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайына лайық"

Жағдайға қатысты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді. Ведомство медицина қызметкерлеріне қатысты кез келген агрессияны қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

Басқарма медицина қызметкерлерінің күн сайын, көбіне жоғары жүктеме жағдайында пациенттерге көмек көрсететінін атап өтті.

"Олар құрметке, қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайына лайық. Медицина қызметкерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, оған психологиялық немесе физикалық қысым көрсетуге бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейді және ешқандай жағдайда ақтауға болмайды", – деп атап өтті басқарма.

Сонымен қатар басқарма азаматтарды кез келген даулы мәселені тек заң аясында шешуге шақырды.

"Біз азаматтарды өзара құрмет көрсетуге және туындаған даулы мәселелерді тек құқық аясында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешуге шақырамыз. Болған оқиғаға өкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде құқықтық баға береді", – деп толықтырды ведомство.

Медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткені үшін қандай жаза қарастырылған?

Еске сала кетейік, 7 наурызда Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Олар медицина қызметкерлеріне күш көрсету мен қоқан-лоқы жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды көздейді.

Заң медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жиілеп кеткеннен кейін қабылданды.

Қылмыстық кодекстің 380-3-бабының ("Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану") санкциясында мынадай жаза қарастырылған:

күш қолдану қатерін төндіру – 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл (865 000-нан 2 162 000 теңгеге дейін), 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру; егер мұндай әрекет ауырлататын мән-жай кезінде жасалса – 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру; өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін – 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2 162 500-ден 4 325 000 теңгеге дейін), 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру; өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін – 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде – 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне 280-нен астам шабуыл жасалған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see125

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see124

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see116

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары