Полиция Қостанайдағы үрейлі хаттың авторын іздестіріп жатыр
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әлеуметтік желілерде Қостанайдың оқу орындарында террористік акт дайындалып жатқаны туралы хабарлама тарағаннан кейін полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Қостанайдағы бірқатар оқу орнына қатысты қоқан-лоқы жазылған хабарламалар пайда болған еді. Белгісіз автор ғимараттарда жарылғыш құрылғылар бар екенін айтып, заңсыз әрекеттер жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.
Telegram-дағы хабарламаның скриншоты
Ықтимал қауіп туралы ақпарат дереу тексерілді. Қостанай облысының полициясы тараған хабарламада көрсетілген барлық ғимаратты қарап шықты.
Нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және басқа да күдікті заттар табылған жоқ.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары хабарлама авторын іздеп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.
"Полиция департаменті азаматтардан сабыр сақтауды, дүрбелеңге салынбауды және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство тек ресми дереккөздердегі ақпаратқа сенуге шақырды.
Тағы оқыңыз: Астана тұрғыны полиция бөлімінде бомба барын хабарлаған. Мотиві сотты да таңғалдырды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 09:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















