Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Сталинге хаттың сабағы

Сталинге хаттың сабағы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – ­­Райымбек Сейітметов. Замана зобалаңын сахнадан көреміз де­ген ха­лық­тың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Аншлаг. Содан жұрт назары ауған спектакльді республика басшы­лы­ғы­на көр­сету жөнінде идея туады. Ақыры театрға Орталық коми­тет­тің бірінші хатшысы Геннадий Колбин келетін болады...

Осы тұста ой кідіртейік. Өнер табиғаты – үйре­туші емес, ұсыну­шы. Ол бізге айна ұсынады. Одан өзімізді көреміз. Көңілімізде көлегейленіп қалған «мәтіндерге» сәуле түсіріп оқимыз. Дәтіміз шыдаса, әрине. Ал премьерада отырған Геннадий Колбин ішіндегі мәтінін қалай оқыды екен? Айнаға батыл қарай алды ма?

Ол кезде Қазақстан Компар­тиясы Орталық комитетінің мә­дениет және өнер секторының меңгеру­шісі Сауытбек Абдрах­манов болатын. Бәрі жоспарланған, ойластырылған. Шымылдық жабылады. Көрермен қол соғады. Колбин театр директорының кабинетіне барады. Басты рөлді сомдаған актерлермен қол алысады. Бірер ауыз пікірлеседі, ұжымға алғыс айтады. Бірақ мұның ешқайсысы да болған жоқ. Неге? Әрі қарай Сауытбек ағаның өз аузынан естігеніміз бо­йынша жалғастырайық:

«Көрсетілімге жауапты адам ретінде бірінші қатардың ең шетінен өзіме орын қалдырып қойғанмын. Бір көзім сахнада, бір көзім Колбинде. Қырынан көз саламын. Бірнеше рет көрген спектаклім ғой, біраздан кейін сахнадан гөрі Колбинге көбірек қарай бастадым. Жанындағылар, артындағылар оның жүзіне олай зер сала алмайды. Әй, дегенмен тегін адам таз бола ма, сонша саңылаусыз емес екен. Көп өтпей-ақ бәрін түсінді. Сахнада Сталин мен Голощекин жүргенімен санада Горбачев пен Колбин тұрғанын да, өзінің бұл спектакльге неге шақырылғанын да түсінді. Эмоциясын жасыра алмайтын кісі еді. Қабағы түйілді, беті қусырылды. Ішіндегі алай-дүлей халі жүзінен бір-ақ көрінді. Спектакль соңынан қол соққан да жоқ, режиссерге де, драматургке де ештеңе айтпады. Үн-түнсіз көлігіне отырып, кетті де қалды».

Осы жағдай «Гамлет» трагедия­сын­дағы бір сахнаны еске салады. Дат елінің королі бауыры Клав­дийдің опасыздығынан опат болады. Зымиян інісі патшалықты өзі иемденіп, жесір жеңгесін арбап алады. Әкесінің шын мәнінде қалай қаза болғанын тақ мұрагері Гамлеттен жасырады. Алайда марқұмның аруағымен тілдескен баласы Клавдийдің кәззаптығын іштей болжап жүреді. Бірақ тап басып айта алмайды. Сонда ол өзгеше бір амал табады. Сарайға сырнай-кернейін сүйреген әртістерді алдырады һәм оларға бұрынғыдан өзгеше қойылым қоюды тапсырады. Тақ мұрагерінің тапсырмасына олар, әлбетте, ләпбай айтысады. Сонымен патша сарайында театр қойылымы. Алдыңғы қатарда – Гамлеттің шешесі мен өгей әкесі Клавдий.

Актерлер әлдебір патша мен патшайымның оқиғасын бейнеледі. Екеуі бір-біріне ізет білдіріп, құшақтасады. Зайыбы ерінің алдында тізе бүгіп, өзінің адалдығына ант береді. Сонан соң шым үстіндегі төсектеріне барып жатады. Ол ұйықтаған соң әйелі кетеді. Ізінше патшаның бауыры келіп, корольдің басынан тәжін алып, құлағына у құяды да, кете барады. Патшайым қайта келгенде өліп жатқан патшаны көріп, аласұрады. Екі-үш қабіршіні ертіп улаушы қайта оралады. Ол әйелдің қайғысына ортақтасқандай ишара қылады. Әртістер өлікті алып кетеді. Улаушы патшайымға сыйлық ұсынады, оны баурай бастайды. Әйел әуелде бұның құмарлығын құптамай ашуланады, ақырында райынан қайтып илігеді.

Қойылымның өзі туралы екенін ұққан Клавдий орнынан тұрып кетеді. Ойынды тоқтатып, Гамлетке шүйлігеді. Ол болса мүлде саспайды. Себебі сезікті адам бірінші секірмей ме?

«Бұл өзі шылғи шіріп жатқан айла-шарғының әлегі. Онда біздің не шаруамыз бар? Ұлы мәртебелім, бұның бізге, біздің тап-таза ар-ұятымызға ешқандай қатысы жоқ. Жауыр мәстектің жарасына қатты батса, сол-ақ жүресінен жата қалсын. Ал біз болсақ, ондай жауыр-жарақаттан аманбыз», дейді Гамлет.

Осы сәтте тақ мұрагерінің күдігі расталады. «Сталинге хатты» көріп отырған Колбиннің әрекеті де осыдан айнымады. Сондағы Гамлеттің ішкі кернеуі Шерханның да шері болып төгіледі:

«Спектакльге Колбиннің өзі келді. Міне, қаһарлы шақ. Қор­қы­нышты ма, жоқ па? Оның нөкерлері де келді, көрді. Халық деген көп. Колбиннің қабағы салбырап түсті, тістенді білем, кім біледі, тісін шықырлатқан да шығар, бірақ ләм демеді, не болса да ішінде кетті. Міне, мүмкін сол сәтте ойға қалған шығар, мына халықпен ойнауға болмайтынын ойлаған шығар. Кім біледі, тағдыр ма, жазу ма, елде халықтың қарғысы ма, Қазақстаннан кетті, көп ұзамай дүниеден қайтты. Әйтпесе, соншалықты басы жерге тиіп тұрған жан емес еді». Райымбек Сейітметов хақында жазылған мақаласында Шер-ағаң осылай дейді.

Жазушы қойылымдағы Ғабит Мүсіреповтің аузына мынадай сөз салады: «Үнсіз қалу да жарамас. Лақ-екеш лақ та бауыздарда тұяқ серпіп қалмас па?». Ал Шекспир өзінің Гамлетін былай сөйлетеді:

«Жаралы марал өкірмек,

Жарасыз марал секірмек».

Иә, жаралы маралдың жан дауысын кімдер естіп жатыр? Аянышты халін кім көріп жатыр? Әлпетінде әділет сәулесі жоқ жанның естігісі келмейді, көргісі де жоқ. Ал өнер сол шындықты қинап отырып көзіне көрсетеді, құлағының түбінде ойнатады. Тұп-тура Гамлеттің әртістері мен Шерханның «Сталинге хаты» сияқты.

Айтқандай, тыңшылық жасап жүрген Гиль­денс­тернді Гамлет шақыртып алып, сыбызғы тар­туын өті­неді. Ол оны мүлде тарта алмайтынын, тіпті қолына ұстап көрмегенін айтып, басын ала қашады. Сонда Гамлет:

«Қарапайым сыбызғының сырын білмей тұрып, менің жаным­ның пернелерін тапқыңыз келе ме? Сонда қалай, сырымды ашпақ сыбызғыдан жеңіл ме? Мені қандай аспап десеңіз де, еркіңіз білсін, күйімді бұзуыңыз мүмкін. Бірақ Сіз мені сайрата алмассыз», деп бір-ақ қайырады.

Кім білсін, Колбин мырза да қазақ халқының көңіл пернесін ешқашан таппайтынын нақ сол спектакльде отырып түсінген шы­ғар.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары