Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Президент әкімшілігі билік Ордасының бір бөлігін бұзып, билейтін зал салмақшы

Президент әкімшілігі билік Ордасының бір бөлігін бұзып, билейтін зал салмақшы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

The Associated Press агенттігінің хабарламасына сүйенген Aikyn.kz бал залы президент үшін неліктен қажет болғанын түсіндіреді.

Өткен жұмада (12 желтоқсан) Тарихи мұраны сақтау ұлттық қоры (National Trust for Historic Preservation) федералдық сотқа талап-арыз беріп, президент Дональд Трамптың бал залын салу жобасын тәуелсіз сараптамадан, қоғамдық талқылаудан және Конгрестің мақұлдауынан өткенге дейін тоқтатуды сұрады. Бұған жауап ретінде президент әкімшілігі соттың қарауына өзінің жауабын ұсынды. Әкімшіліктің 36 беттен тұратын құжатында АҚШ Құпия қызметі директорының орынбасары Мэтью К. Куиннің мәлімдемесі келтірілген. Бұл агенттік президент пен жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігіне жауап береді. 

Куиннің айтуынша, Ақ үйдің бұрынғы Шығыс қанаты аумағында қосымша құрылыс жұмыстары агенттіктің «қауіпсіздік талаптарын» орындау үшін қажет. Құжатта нақты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптер ашып көрсетілмеген. Бірақ әкімшілік бұл мәліметтерді судьяға жабық форматта, талапкерлердің қатысуынсыз ұсынуға дайын екенін білдірген.

Айта кету керек, Шығыс қанаттың астында президенттің төтенше жағдайлар кезінде пайдаланатын бункері орналасқан. Куиннің мәлімдеуінше, құрылысты тіпті уақытша тоқтату Құпия қызметтің заңмен бекітілген міндеттерін орындау қабілетіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Іс бойынша тыңдау сейсенбі күні (16 желтоқсан) Вашингтондағы федералдық сотта өтуі тиіс болатын.

Үкіметтің жауабында бал залы туралы бүгінге дейінгі ең толық ақпарат ұсынылған. Онда жобаның Трамп әкімшілігі кезінде қалайша тез мақұлданғаны және оның ауқымының біртіндеп кеңейетіні баяндалады. Құжаттарда бал залының соңғы құрылыс жоспары әлі ресми түрде бекітілмегені айтылған. Дегенмен нысанды бұзу және алаңды дайындау жұмыстары жүріп жатыр. 

Ұлттық парктер қызметінің Ақ үйдегі өкілі Джон Стэнвичтің жазуынша, алаңда жерасты жұмыстары жалғасуда, ал іргетас қалау жұмыстары қаңтар айында басталуы мүмкін. Жер үсті құрылысы «2026 жылдың сәуірінен ерте басталмайды».

Тарихи мұраны сақтау ұлттық қоры журналистердің сұрауына жауап бермеген. Өткен аптада жеке қаржыландырылатын бұл ұйым АҚШ округтік сотына жүгініп, Трамптың жобасын тоқтатуды талап еткен болатын.

«Ешбір президенттің Ақ үйдің бөліктерін ешқандай қоғамдық немесе институционалдық қараусыз бұзуға заңды құқығы жоқ. Бұл Трампқа да, Байденге де, басқаларға да қатысты. Сондай-ақ ешбір президенттің халықтың пікірімен санаспай, мемлекеттік аумақта бал залын салуға құқығы жоқ», – делінген талап-арызда.

2025 жылдың қазан айында президент Дональд Трамп Ақ Үйдің Шығыс қанатын бұзу туралы шешім қабылдап, орнына ауданы шамамен 27 432 шаршы метр болатын, 1000-ға жуық адам сыятын бал залы салынатынын мәлімдеген. Жобаның құны шамамен 300 миллион доллар деп бағаланып отыр. Ал құрылыс 2029 жылдың қаңтарына дейін – Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуы тиіс. Оның айтуынша, бұрынғы президенттер де Ақ үйде ауқымды шараларға арналған кең залдың жоқтығына наразы болған. Жаңа бал залы шетелдік жоғары лауазымды қонақтарды уақытша шатырларда қабылдау тәжірибесіне нүкте қояды.

Ұлттық қордың пікірінше, Ақ Үйде болатын кез келген құрылыс алдымен ел астанасын жоспарлау комиссиясына, Көркем өнер комиссиясына және Конгреске ұсынылуы тиіс еді. Талап-арызда Шығыс қанатты бұзу 21 қазанда басталғаннан кейін Ұлттық қор осы мекемелерге және Ұлттық парктер қызметіне хат жолдап, жобаны тоқтатуды және федералдық заң талаптарын сақтауды сұраған. Алайда олардан ешқандай жауап болмаған.

Талап-арызда АҚШ үкіметінің құрылыс жобаларына қатысты бірқатар федералдық заңдар мен ережелерге сілтеме жасалған. Жоспарлау және көркемдік комиссиялардың, сондай-ақ заң шығарушылардың рөлі егжей-тегжейлі сипатталған.

Өз жауабында әкімшілік президенттің Ақ үйге өзгерістер енгізуге құқығы бар екенін алға тартқан. Соңғы 200 жылдан астам уақыт ішінде резиденцияға жасалған көптеген өзгерістер мен толықтыруларды мысалға келтірді. Сондай-ақ әкімшілік президент сотқа арыз берушілер сілтеме жасаған заңдардың аясында әрекет етпейді деп мәлімдеді.

Әділет министрлігінің заңгерлері Шығыс қанатты бұзу жөніндегі талаптардың «маңызын жоғалтқанын», өйткені бұзу қайтымсыз екенін айтуда. Ал болашақ құрылысқа қатысты талаптар «уақыты жетпеген», себебі соңғы жоспарлар әлі бекітілмеген.

Президент әкімшілігі Ұлттық қор «орны толмас зиян» бар екенін дәлелдей алмайды деп санайды. Өйткені жер үсті құрылысы тек келесі көктемде басталуы мүмкін. Сонымен бірге сотта талап етілген тексерулер мен ұлттық комиссиялармен кеңесулер «жақын арада, бұл соттың қатысуынсыз» басталатыны айтылған.

Дональд Трамптың бал залы жобасы тарихи мұраны қорғау саласының мамандары, сәулетшілер және оның саяси қарсыластары тарапынан сынға ұшырады. Алайда сотқа жүгіну – Ақ үйдің Шығыс қанатында бұзылған ғимараттың көлемінен екі есе үлкен болатын жаңа залдың жобасына қарсы жасалған ең нақты әрекет болып отыр.

Әкімшілік құжаттарына сәйкес, 2000 жылы Ұлттық парктер қызметі әзірлеген Ақ үйдің кешенді бас жоспары келушілер санының артуына байланысты және ірі іс-шараларға лайық алаң қажеттігін алғаш рет ресми түрде атап өткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 11:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары