Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Президент БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

Президент БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Құжатта атап өтілгендей, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарап:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

"Time.kz" желілік басылымының бас редакторы Руслан Фанилевич Бахтигареевке – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін белсенді жүргізгені үшін;"Egemen Qazaqstan" газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Қайырлыұлы Байәділге – отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;"NewTimes.kz" ақпарат агенттігінің фототілшісі Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа – фотожурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;"Qazaqstan" телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа – Қазақстандағы телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

"Baq.kz" ақпарат агенттігінің аға тілшісі Олжас Адайға – еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан үлесі үшін;"Хабар" агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін;контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Жомартқызы Байдалыға – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға қосқан үлесі үшін;"Zakon.kz" ақпарат агенттігінің тілшісі Екатерина Алексеевна Елисееваға – "Заң және Тәртіп" қағидаты негізінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жан-жақты жариялауға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

"Астана" телеарнасының шығармашылық ұжымына – отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;"Вечерний Алматы" газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді түрде жариялауға қосқан үлесі үшін;"Жас Алаш" газетінің шығармашылық ұжымына – отандық баспасөз басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін;"Abai.kz" ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – еліміздің қоғамдық-саяси өмірін көрсетуге қосқан үлесі үшін жариялансын.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 17:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары