Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Президенттік орталықта Гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумы өтті

Президенттік орталықта Гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ҚР ПІБ  Президенттік орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және жыл сайын 21 ақпанда атап өтілетін Бүкіләлемдік гидтер мен экскурсия жүргізушілер күніне орай Гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туристік әлеуетін ашу және оны тиімді пайдалану стратегиялық маңызды міндет әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін бірнеше рет атап өткен болатын. II елордалық форум өткен жылғы кәсіби алаңның заңды жалғасына айналып, қабылданған бастамаларды күшейтіп, кәсіби өзара іс-қимыл аясын кеңейтті. 

«Президенттік орталық екінші жыл қатарынан Астана қаласының әкімдігімен және  Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен бірлесіп, өз алаңында кәсіби қауымдастық өкілдерін жинап отыр. Өткен жылы дәл осы жерде елордалық Гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің I форумы бастау алған болатын. Соңғы жылдары еліміз туризм саласында тұрақты әрі серпінді өсім көрсетіп келеді: жыл сайын туристер саны артып, олардың географиясы кеңеюде, инвестициялар көлемі ұлғаюда, жаңа бағыттар игеріліп, инфрақұрылым дамуда. Бұл – Мемлекет басшысы қойған саланың даму қарқынын екі еселеу жөніндегі стратегиялық міндетке сәйкес жүргізіліп жатқан жүйелі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.

2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осы бағыттағы берік ұстанымын тағы да растады және туризмді Қазақстан экономикасының өсу драйверлерінің бірі ретінде айқындады. Осыған байланысты туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе бағыттарын дамыту, туристік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жаңа туристік аймақтарды дамыту сияқты басым бағыттар белгіленді. Нәтижесінде, 2025 жылы отандық туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асып, 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға артты. Өз кезегінде, Астана Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі позициясын сенімді түрде нығайтып келеді. Бұған ықпал ететін бірқатар факторлардың ішінде елордалық гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің жоғары даярлық деңгейі мен кәсіби біліктілігі негізгі рөл атқарады. Гид-экскурсия жүргізуші – бұл тек туристерді алып жүретін адам ғана емес. Ол – елдің өкілі, тарихи мұра әлеміне жол көрсетуші, қонақтардың Қазақстан туралы көзқарасын қалыптастыратын мәдени елші. Оның кәсібилігіне, біліміне, шеберлігі мен жеке қасиеттеріне саяхатшылардың әсері қаншалықты жарқын әрі есте қаларлық болатыны тікелей байланысты. Қазіргі уақытта Президенттік орталық – еліміздегі тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихын президенттік институт призмасы арқылы зерделеумен, жүйелеумен және насихаттаумен айналысатын жалғыз тарихи-мемориалдық мекеме. Бұл, әсіресе, Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы аталып өтетін мерейтойлық жылы айрықша символдық мәнге ие», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев өз пікірін білдірді.

«Әрбір гид-экскурсия жүргізушінің рөлі ерекше: турист үшін нысандарды жай ғана көру емес, қаланың даму тарихын, оның бірегейлігі мен құндылықтарын білу маңызды. Бұл міндетті тек сіздер жүзеге асырасыздар. Халықаралық тәжірибеге қарасақ, онда «табысты қалалық дестинациялар» гидтердің кәсіби қауымдастығымен жүйелі түрде жұмыс жүргізетінін көрсетеді. Вена, Сингапур, Барселона сияқты ірі туристік орталықтарда гид-экскурсия жүргізушілері туристік саясаттың серіктестері және қала брендісінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Олардың ұсыныстары туристік өнімді қалыптастыру және туристік қызмет сапасын бағалау кезінде тікелей ескеріледі», – деді ол.

Форумға елорданың туристік қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік және халықаралық салалық сарапшыларды қоса алғанда 130-дан астам қатысушы қатысты. Пікірталас барысында экскурсиялық қызметті дамыту мен туристік сервистің сапасын арттыру, сондай-ақ ішкі туризмді ынталандырудың жаңа шешімдерін іздестіру мәселелері талқыланды. Форум бағдарламасы пленарлық отырыс пен тақырыптық панельдік сессияларды қамтыды.

«Қонақтарымызды қарсы алып жүрген гидтер мен экскурсия жетекшілері, дәл сіздер адамдарға осы жерге не үшін келген әсерлерді сыйлайсыздар. Сіздердің сөздеріңіз, сіздердің әңгімелеріңіз Қазақстанның бейнесін қалыптастырады. Осыған байланысты гид мамандығы – өте жауапты әрі өте беделді кәсіп. Өйткені еліміз туралы қалай баяндайсыздар, соған қарай адамдар бұл жерден тек суреттермен ғана емес, жүректерінде сақталатын, кейін отбасына, достарына және өзгелерге айтып жеткізетін оқиғалармен қайтады», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

Пленарлық отырыста ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Артем Квашук, «Атамекен» ҚР ҰКП Туризм департаментінің директоры – басқарушы директор Дамила Кунанова сөз сөйледі.

Бірінші панельдік сессия аясында елордалық гидтермен, музей экскурсия жүргізушілерімен және Visit-орталықтар өкілдерімен өзекті тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, «Музейлік экскурсиялық тәжірибелердегі әдістемелік тәсілдер» секциясында Президенттік орталықтың экскурсиялық бағдарламалары таныстырылды. Қатысушылар музейлік экскурсияларды әзірлеу мен өткізудің заманауи әдістемелік тәсілдерімен танысып, аудиториямен тиімді жұмыс істеу құралдарын талқылауға мүмкіндік алды.

Екінші панельдік сессияда саланы заңнамалық реттеу мен мұраны интерпретациялаудың халықаралық тәсілдері қарастырылды. Өз тәжірибесімен және сараптамалық білімімен Грузия экотуризм қауымдастығы басқарма төрағасы Наталия Бахтадзе-Энглендер, сондай-ақ  Interpret Europe  (Германия) Еуропалық мәдени мұраны интерпретациялау қауымдастығының сыртқы байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Дубравко Фиячко бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша, экскурсиялық саланы одан әрі дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға, Қазақстанның мәдени және туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары