Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Конституциялық реформа: Президенттік орталықта гендерлік және отбасылық саясат мәселелері қаралды

Конституциялық реформа: Президенттік орталықта гендерлік және отбасылық саясат мәселелері қаралды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынан барлығы 60 адам қатысты.

Конференцияның мақсаты – конституциялық жаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысуды біріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.

— Бүгін еліміз ауқымды конституциялық реформаның табалдырығында тұр. Оның маңызды кезеңдерінің бірі – биылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум. Мемлекет басшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетіміздің конституциялық негіздерін толық қайта жаңғырту қажеттілігі туралы мәселе қояды. Негізінен, бұл – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы», – деп атап өтті. Елдің жаңа Негізгі заңы жобасы аясында қарастырылып отырған ең маңызды мәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдікті нығайтуға және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған бірқатар нақты әрі жүйелі шаралар қабылданды. Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да ұйымдардан тұратын қоғамдық ұйымдардың дамыған желісі бар. Біз Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында бас қосып отырғанымыздың өзі терең символдық мәнге ие. Бұл күн гендерлік қатынастар саласындағы бір ғасырдан астам уақыт бұрын болған шынайы серпілісті білдіреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында біз гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру бағытында одан әрі нақты қадамдар жасауымыз қажет, — деп атап өтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Фото: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкілі Гюрэс Джерен Гювен бүгінгі таңда гендерлік теңдік инклюзивті және орнықты дамудың негізгі элементі болып қала беретінін алға тартты.

— Саяси контекстің өзгеруі, демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруі жаңа шындықтарды қалыптастырып, бір жағынан мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктерді айқындай түсуде. Осындай жағдайда конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды растауға, институционалдық кепілдіктерді нығайтуға және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйелерде кепілдіктерді күшейтудің құқықтық негізін қалыптастырады, — деді сарапшы.

Отырыс барысында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасалды. Мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдері озық тәжірибелермен, зерттеулермен және деректермен алмасып, пікірталасты жаңа идеялар мен көзқарастармен байытты.

Фото: ҚР ПІБ Президенттік Орталығы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Таудың пікірінше, конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгерту ғана емес, халықтың өмір сүру философиясын және мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімді айқындайтын үдеріс. Қазіргі гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбен үндес бағыт.

— Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбек нарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы. Осындай жағдайда отбасы институтының рөлі мен оны нығайтудың маңызы арта түсуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің саясат пен экономикаға қатысуы артқан сайын әлеуметтік саясаттың сапасы да жоғарылайды. Қазақ қоғамында әйел әрдайым маңызды рөл атқарған – ол тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел тағдырына жауапты тұлға. Сондықтан гендерлік саясатты ұлттық дәстүрлерге қарсы құбылыс ретінде емес, қазақ мәдениетінің заманауи жалғасы ретінде қарастыру қажет, — деді депутат.

Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза Шужeева Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың дербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар алмасу және банк құпиясын сақтау құқықтары тікелей бекітілгенін атап өтті. Осылайша, аталған кепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялық мәртебеге ие болды.

Фото: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова, журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, Қазақстан тарихына арналған телебағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева, Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдану және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанова, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Eligai» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Сания Ирсалиева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «PANA» жобасының жетекшісі, Әйелдер күштері альянсының басқарма мүшесі Лариса Ли, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова сөз сөйледі.

Фото: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың басым бағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер жағдайында отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар инклюзивті және орнықты қоғам қалыптастыруға негізделген.

Фото: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

Бұдан бұрын Президент Іс басқармасының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдағанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 20:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары