Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Элунду Лазар: Алтын Орда мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Қазақстанда көліктің әдемі нөмірлер тізімі кеңейді

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

Неймар Бразилияның Әлем чемпионатындағы құрамына енді

Премьер министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Қазақстанда болашақтың қытайлық аэротаксиі сыналды желіде видео қызу талқылануда

Димаш Құдайбергеннің Көкжиектен асқан үн жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады (видео)

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

Трамп АҚШ тың Иранға шабуылын екі үш күнге шегергенін мәлімдеді

Жаңа курорт және тағы бір Қытай қаласы қазақстандықтар қайда ұша алады

Талдықорғанда футбол матчынан кейін жанжал шығып, 20 жастағы студент қаза тапты

Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

“Ешқандай тарихшы күмән келтірмейді“ Тоқаев Алтын Орданың рөлі туралы айтты

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе жектен қағылды

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады премьер тапсырма берді

Қағазбастылық қашан жойылады?

Қағазбастылық қашан жойылады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мектептегі қағазбастылық мәселесі көп жылдан бері білім жүйесіндегі шешілмейтін түйінге айналды. Мұғалімдер құжат пен есепке көп уақыт жұмсайтынын айтса, жас мамандар жұ­мыс­қа бейімделе алмай саладан кетіп жатыр. Ал Оқу-ағарту ми­нистрлігі цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ар­қылы оқу барысын жеңілдетуге тырысып жатқанын алға тартады.

Дегенмен қағазбастылық­ты азайтуға бағытталған шешім­дер мен мектептегі күнделікті тәжірибе арасындағы алшақтық азаймай тұр. «TALIS 2024» зерттеу нәтижелері бойынша еліміздегі білім сапасына кері әсер ететін фактордан ең үлкені осы екені анықталған.

Елімізде орта және арнаулы білім ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттар тізімі Оқу-ағарту министрлігінің №130 бұйрығының 3-қосымша­сын­да нақты бекітілген. Құжат­қа сәй­кес, мұғалім оқу жылы бойы сабақ беріп қана қоймай, бірнеше форматта есеп жүргізу­ге міндеттелген.

Педагог күн сайын сабақ кестесіне сай 1-4 сыныптарға арналған сынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, қосымша сабақтар мен үйде оқыту журналдарын қағаз немесе электрондық форматта толтырады. Бұған қоса әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар әзір­леуге тиіс. Осылайша, әрбір өткен сабақ сыныпта ғана емес, құжатта да дәлелденуі қажет. Сондай-ақ оқу жылы басталар алдында мұғалім пән­дер бойынша орта мерзімді, яғни күн­тізбелік-тақырыптық жоспарды және тәлімгерлік жоспарын дайындайды.

Ал оқу барысында жоспар бір­неше рет қайта қаралып, жаңар­тылып отырады. Әр тоқсанның қоры­тындысы бойынша педагог авто­маттандырылған ақпараттық жүйеде қалыптасқан жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалау нәтижелеріне сәйкес талдау жүргізуге міндетті. Жүйе бағалауды автоматты түрде есептегенімен, мұғалім ол деректер негізінде бөлек талдау құжатын әзірлейді. Оқу жылы аяқталған кезде құжат көлемі одан әрі ұлғаяды. Мұғалім негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курстары бойынша емтихан хаттамаларын рәсімдейді, сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын жүргізеді.

Нормативтік құжатта «қағаз немесе электрондық форматта» деген тіркес жиі кездеседі. Алайда мектеп тәжірибесінде бұл талап көбі­не балама емес, қосарланған жүк­темеге айналған. Бір ақпарат элек­трондық жүйеге енгізіліп, кейін сол мазмұн қайтадан қағазға немесе жеке файлға көшіріледі. Соның салдарынан мұғалімнің уақыты сабақ­тың сапасына емес, есептің толық­тығына жұмсалады. Осылайша, №130 бұйрықта бекітілген талаптар педагогтің кәсіби қызметін регла­менттегенімен, іс жүзінде қағаз­бастылықтың ауқымын кеңейтіп отыр. Мұғалімнің негізгі миссиясы – баламен жұмыс істеу, білім мен тәрбие беру екені айтылғанымен, мектептің күнделікті өмірінде педагог көбіне есеп пен құжаттың арасында қалып қояды. Цифрлық жүйелер қағазбас­ты­лықты азайту үшін енгізілгені­мен, тәжірибеде олар жаңа есеп түрле­рін қосып, жүктемені күрделендіріп жібергендей.

Мектептегі қағазбастылық сабақ жоспары мен электронды журнал төңірегінде ғана емес. Сынып жетекшісі болсаң, жұмыс бұдан да көп. Тәрбие жұмысына жауапты бөлімдер күн сайын қай оқушы кіммен тұрады, кім үйірмеге барады, кім бармайды деген сияқты түрлі мәлімет талап етеді екен. Сынып­пен міндетті түрде өткізілуге тиіс іс-шаралар тағы бар. Сынып жетекші Аққу Мұхтарқызының сөзінше, мұның барлығы көбіне мұғалімнің жеке уақыты есебінен жасалады. «Сынып жетекшісі болсаң, күніне бір емес, бірнеше рет құжат сұрайды. Тәрбие бөліміне бір есеп, әкімшілікке бір есеп бересің. Сыныппен өткізіл­ген іс-шаралардың есебі міндетті түр­де дереу сұралады. Тәрбие папкасы өз алдына бөлек ауыр жүк. Ал жоғары сыныпқа сабақ берсең, PISA, МОДО, ҰБТ деген папкалар мен есептер бар. Егер тек сынып журналы, ҚМЖ,БЖБ,ТЖБ талдауымен шектелсе жақсы ғой. Бірақ бұған қоса дарынды оқушымен жұмыс, үлгерімі төмен оқушымен жұмыс, оның есебі, модерация, олимпиадаға дайындау – бәрі қағазға түседі. Осы жұмыстардың бәрін қағазбасты­лық демей, не дейміз? Мұғалім сабақ беретін адам ба, әлде есеп толтыратын қызметкер ме – кейде өзіміз де білмей қаламыз», дейді ол.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Ал осы оқу жылының басында мектепке жас маман болып жұмыс­қа кірген Мөлдір Оралбай екі айдан кейін жұмыстан шығу туралы ше­шім қабылдағанын айтады. Оның сө­зінше, мектептен кетуіне жалақы емес, жұмыс барысындағы талап­тар мен ішкі тәртіп әсер еткен. «Мек­тепте сапалы білім беруге емес, құжат айналымына көбірек назар ауда­рылады. Сабақтан тыс уақыт­та түрлі есеп, ­жоспар, талдау дайын­дау міндеттеледі. Мұғалімнің уақыты оқушыға емес, құжатқа жұм­салады. Бұған қоса басқару талаптарында қайшылық көп. Бір жағынан, сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салынады. Екінші жағынан, мессенджерлер арқылы келген хабарламаларға дер кезінде жауап бермегенің үшін ескерту жасалады. Бұл жағдай мұғалім­ге қосымша қысым түсіреді. Мектеп­тегі күнделікті жұмыс ырғағында жиі жиналыс өткізіледі. Үлкен үзіліс кезінде болмашы мәселелерге байланысты мұғалімдерді жинап алады, бұл сабаққа дайындалуға бөлінетін уақытты қысқартады», дейді ол.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінше, мұғалімдердің қағаз­бастылық жүктемесін азайту және оқу барысын жеңілдету мақ­сатында кейінгі жылдары кешенді цифрлық шешімдер кезең-кезеңі­мен енгізіліп жатыр. Бұл шаралар­дың негізгі бағыты – оқу барысын автоматтандыру мен мұғалім­нің уақытын үнемдеу. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында сабақ­ты ұйымдастыруға арналған LMS (Learning Management System) платформалары жұмыс істеп тұр. Бұл жүйелер мұғалімдердің ең көп уақы­тын алатын жұмыстардың бірі – қағаз жүзіндегі жоспарлауды қысқар­туға бағытталған. Автоматтанды­рыл­ған LMS жүйелеріне үлгілік оқу жос­парлары алдын ала жүктеледі. Мұғалім дайын жоспарды нөлден бастап жазбайды, тек қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіп, цифр­лық форматта бекітеді. Цифрлан­дыру мұғалімге кедергі емес, көмек­ші құрал болуы үшін нормативтік шектеулер де қарастырылған. Атап айтқанда, мұғалімдердің бір жүйе­ден екін­шісіне ауысу кезінде деректер­ді қайта енгізіп, жаңа платформаға бейімделуге уақыт жоғалтпауын қам­­тамасыз ету мақсатында оқу жылы ішінде LMS платформаларын ауыс­тыруға тыйым салынған.

«Білім туралы» заңның 6-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемле­кет­тік білім беру ұйымдарын материал­дық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жергілікті атқарушы орган­­дардың құзыретіне жатады. Осы нормаға сәйкес бағдарламалық шешімдерді таңдау, соның ішінде оқу барысын автоматтандыруға арналған платформаларды енгізу және білім беру ұйымда­рын қажетті техникамен жабдықтау жергілікті бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдар тарапынан дербес жүзеге асырылады. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарында оқу барысын ұйымдастыруға арналған төрт LMS жүйесі жұмыс істеп тұр. Министр­лік оқу үдерісінің тұрақтылығын сақ­­тау, сабақтастықты қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық-әдістеме­лік тәуекелдерді барынша азайту мақсатында арнайы нормативтік шектеулер енгізіп отыр. №130 бұй­рықтың «Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүр­гізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде» құжаттарды педагогтер қағаз немесе электрондық форматта толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді делінген. Қазір­ барлық білім беру ұйымы ­LMS жүйелерімен қамтылғандық­тан, көрсетілген бұйрыққа сәйкес қағаз түрінде құжаттарды толтыру­ға қажет­тілік жоқ», деп мәлімдеді министрлік.

Ал енгізіліп жатқан цифрлық жүйелердің тиімділігі тексеріле ме деген сауалымызға құзырлы мекеме «жасанды интеллектіні білім саласына енгізу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған», деп жауап берді. Жұмыс тобының құрамына министрліктің ведомстволық бағы­нысты ұйымдарының өкілдері, колледждер мен мектептер, оның ішінде республикалық физика-математика мектептері, Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Білім-инновация» лицейлерінің мамандары кірген. Сонымен қатар IT-компаниялар мен стартаптар, баспа өкілдері, цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы тәуелсіз сарапшылар да тартылған. «Жұмыс тобы бір­неше негізгі бағытта жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні қолдану кезін­де сақ­талуы тиіс этикалық стан­дарт­­тарды әзірлеу, жасанды интел­лект құралдарын әкімшілік-бас­қару­шылық бизнес-процестерге енгізу және педагогтердің күнделікті жұмыс­тарын қысқарту мақсатында оқу үдерісіне ЖИ технологияларын пайдалану мәселелері қарастырылып жатыр. Сондай-ақ енгізіліп жатқан жасанды интеллект құралдары­ның тиімділігін бағалау тетіктері де айқын­далады. Қазіргі уақытта жұ­мыс тобы бұл бағытта стандарттарды әзірлеп, жасанды интеллектіні білім саласында қолдануға қатысты негіз­гі нормативтік-құқықтық актілер­дің жобаларын дайындап жатыр», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметіне қара­ғанда, мәселенің шешімі мемлекеттік жүйеде ғана емес мекеменің басқару тәсіліне де тәуелді болып тұрғаны байқалады. Қағазбастылық – мемле­кеттік мектептердің цифрлық жүйеге дұрыс бейімделе алмай отырғанын көрсететін жайт екені анық. 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Медицина • Бүгін, 08:17

Бибісараның табысы – 10 668 доллар

Шахмат • Бүгін, 08:15

Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады

Реформа • Бүгін, 08:13

Баласағұннан жеткен құнды мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Элунду Лазар: Алтын Орда мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

19 Мамыр 2026 16:50see115

Қазақстанда көліктің әдемі нөмірлер тізімі кеңейді

19 Мамыр 2026 11:01see114

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

19 Мамыр 2026 00:09see114

Неймар Бразилияның Әлем чемпионатындағы құрамына енді

19 Мамыр 2026 08:31see113

Премьер министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды

19 Мамыр 2026 13:00see112

Қазақстанда болашақтың қытайлық аэротаксиі сыналды желіде видео қызу талқылануда

19 Мамыр 2026 12:21see111

Димаш Құдайбергеннің Көкжиектен асқан үн жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады

20 Мамыр 2026 11:06see111

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

19 Мамыр 2026 23:16see110

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

19 Мамыр 2026 07:04see109

Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

19 Мамыр 2026 10:08see109

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады (видео)

19 Мамыр 2026 00:09see109

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

20 Мамыр 2026 11:19see109

Трамп АҚШ тың Иранға шабуылын екі үш күнге шегергенін мәлімдеді

19 Мамыр 2026 08:35see108

Жаңа курорт және тағы бір Қытай қаласы қазақстандықтар қайда ұша алады

19 Мамыр 2026 12:42see106

Талдықорғанда футбол матчынан кейін жанжал шығып, 20 жастағы студент қаза тапты

19 Мамыр 2026 18:16see106

Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

19 Мамыр 2026 10:07see105

“Ешқандай тарихшы күмән келтірмейді“ Тоқаев Алтын Орданың рөлі туралы айтты

19 Мамыр 2026 16:43see105

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе жектен қағылды

19 Мамыр 2026 00:08see105

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

19 Мамыр 2026 16:49see104

Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады премьер тапсырма берді

19 Мамыр 2026 13:02see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары