Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Smart военкомат : Әскерге барардағы қағазбастылық азайды

Smart военкомат : Әскерге барардағы қағазбастылық азайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кеше Астана қалалық жинақтау пунктінде Қорғаныс министрлігі «Smart военкомат» цифрлық жобасының артықшылықтарын таныстырды. Баспасөз конференциясында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев енді жастарды әскери есепке алу және әскерге шақыру жүйесінің оңтайландырылғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

– Азаматтың әскерге шақырылуы 17 жастан басталады. Алдыңғы жылдан бастап біз бұл «приписканы» проактивті түрге ауыстырдық. Яғни, азаматтар тіркеуге  автоматты түрде алынады. Ал оған тиісті хабарлама SMS-пен және еGov порталындағы жеке кабинет арқылы жолданады. Мекенжайды ауыстырса да оның қайда ауысқаны көрініп тұрады. Тіпті, олар жұмысқа тұрарда кадр бөлімшелері военкоматтан анықтама алып, тапсырудың да керегі жоқ. Осының бәрін біздің ақпараттық жүйемізден, яғни е-Enbek немесе е-Qyzmet ақпараттық жүйелеріннен көре алады, – деді  Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев.

Барлық дерек мемлекеттік базалармен біріктіріліп, енді әскерге шақыру науқаны мейлінше ашық болмақ. Әскерге барарда тапсыратын медициналық тексеруі оңтайландырылып, қағазбастылықтан арылтқан. Мәселен, «е-Медосмотр» жүйесінен әр азаматтың әскерге баруға қажетті анализі, дәрігердің қойған диагнозы, оның жарамды не жарамсыздығын көруге болады.  Яғни, «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырып, одан 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректі алуына мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Арман Сариннің айтуынша,  «Smart военкомат» жобасының бүгінгі жетістігі бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі.  Оның үстіне, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеуі Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.

Бұйрық расталған сәтте ақпарат бірден Мемлекеттік кредиттік бюроға жөнелтіледі. Дәл сол күні кредиттік жеңілдік автоматты түрде іске қосылады. 

– Бұйрық шыққан күні-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтың әскери қызметке кеткені туралы хабарлама түседі. Заң бойынша олар мұндай азаматтарға 14 айлық кредиттік каникул беруге міндетті. Яғни, төлемдер бір күннің ішінде автоматты түрде тоқтатылады, – деді Ахмедиев.

Жалпы, республика бойынша 700 мыңнан астам шақырылушы есепте тұр. Биыл әскерге алынған 40 мыңға жуық азаматтың 20 мыңында әртүрлі несиесі бар.  Жалпы дерек бойынша, бүгінге дейін әскерге аттанғандардың несиесі, оның ішінде тауарлық және микрозаймдарды қосқанда, барлығы 9 миллиард теңгеге жетеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 15:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары