Қайрат футбол клубының негізгі қақпашысына қатысты тың дерек айтылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматылық "Қайрат" футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақатынан айығып, команданың сапына қайта қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл мәліметті клубтың баспасөз қызметі ресми Instagram парақшасында хабарлады.
"Жаттығу алаңына оралуыңмен!" — деп жазды “Қайрат” футбол клубы.
Айта кетейік, Александар Заруцкий “Қайраттың” сырт алаңда “Селтикке” қарсы ойынында ауыр жарақат алып, ойыннан тыс қалған еді. Осыдан кейін “Селтикпен” үйде өткен ойында оның орнына Темірлан Анарбеков шықты.
Александр Заруцкий Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өте жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен қақпашы. Ол іріктеу кезеңінде “Қайраттың” қақпасын бірнеше голдан аман сақтап, тіпті пенальти серияларында да допты сәтті қайтарған. Сондай-ақ ол “Қайраттың “ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына да зор септігін тигізген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:101
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 02:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















