Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қандастар жұмысқа орналасуға міндеттеледі

Қандастар жұмысқа орналасуға міндеттеледі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қандастар қоныстанған өңірлерінде жұмысқа орналасуға міндеттеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті түзетулер дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қандастар қоныстанған өңірлерінде жұмысқа орналасуға міндеттеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті түзетулер дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұйрық жобасы қоныс аудару бағдарламаларының тиімділігін арттыру және азаматтардың жаңа өңірлерде тұрақтап қалуы үшін әзірленген. Министрлік ресми жұмыспен қамтылмау қоныс аударушылардың тұрақтану деңгейін төмендетіп, қайта көшіп кетуіне септігін тигізетінін және жергілікті бюджетке түсетін салмақты арттыратынын атап өтті.

"Осыған байланысты қоныстанған өңірде жұмыспен қамтылу дерегін растау және әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыру арқылы міндетті түрде жұмысқа орналасу талабын белгілеу көзделіп отыр", - делінген жобада.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 2026 жылдың 6 сәуіріне дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Айта кетейік, Еңбекмині мәліметінше, 2026 жылы тарихи отанына 3 335 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 168,2 мың этникалық қазақ оралды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары