Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қарағай арасына дәрет сындырады : Көлсайда кәсіпкерлер тұрақсыз электр қуатына наразы

Қарағай арасына дәрет сындырады : Көлсайда кәсіпкерлер тұрақсыз электр қуатына наразы

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданындағы танымал туристік орын - Көлсай көлдерінде электр жарығы өте жиі өшеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға кәсіпкерлер мен туристер айтты.

Аптасына 4-5 рет өшеді

Электр жарығы өшкен сайын интернет жұмыс істемейді. Уақытында салығын төлеп, қоқысын тазартып, таза ұстаймыз деген кәсіпкерлер демалыс орнында проблема шаш етектен дейді.

"Бізде басты проблема - электр жарығы. Былтырғы емес, биылғы жылды айтайын. Жаз басталғалы аптасына 4-5 рет электр өшеді. Аптасына 300 мың теңгеге балмұздақ аламыз, бірақ шығынға баттық. Еріп кетеді, сата алмаймыз. Сусындар жылып кетеді. Еттің бәрі сасып, бәрін тастауға тура келді", - дейді 25 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер Динара Томпақова.

Интернет те істемейді

Таңертең жасаған асымыз түсте сасып жатады деген кәсіпкерлердің айтар базынасы көп.

"Қатты қиналып жүрміз. Ауыл әкіміне ылғи айтамыз, "бір жыл шыдаңыздар" деумен келеді", - дейді кәсіпкерлер.

© Sputnik / Айдана ДайыроваКөлсай көлдері

Көлсай көлдері

© Sputnik / Айдана Дайырова

Көлсайдың түбінде орналасқан Саты ауылы. Кезінде 1000 үйге шақталып қойылған электр трансформаторы қазір қауқарсыз, күші жетпейді. Өйткені Көлсайға келетін турист көп, сәйкесінше жаппай бизнес ашып, ауыл үлкейіп кеткен.

"Қазіргі туристің 80%-ы каспимен сауда жасайды. Электр өшкенде интернет істемейді. Балалары жылап, қиналып тұрған соң, сата саламыз. Интернет ұстайтын жерге барғанда төлейтіні бар, төлемей де қоятыны бар", - дейді кәсіпкерлер.

Қарағай арасына дәрет сындырады

Электр жарығы өшкенде әжетханалардағы су да тоқтайды. Турист біткен қарағай арасын жағалап жүр, дейді тұрғындар.

"Мұнда екі әжетхана бар. Электр өшкенде екеуі де тоқтайды, есікті жабады. Туристер бізге келеді. Қонақ үйлер барлық туристерді әжетханаларына кіргізе бермейді. Олар Көлсайдағы ағаш-ағаштың арасына барады", - дейді көлсайлық кәсіпкерлер.

Көосайда жедел жәрдем шақыру да қиын. Аяқасты ауырған турист жан сауғалап көлік іздеп кетеді.

© Sputnik / Айдана ДайыроваКөлсай көлдері

Көлсай көлдері

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Жедел жәрдем де шақыра алмаймыз. Қан қысымы көтеріліп ауыратын туристер жиі болады. Аллергиясы барлар қаншама. Өз көліктерімен кетеді, болмаса осындағы балаларға ауылға жеткізіңдерші деп жалынып, сосын салып жібереміз', - дейді кәсіпкерлер.

Жолды жабамыз!

Талай аппаратымыз күйіп кетті деген кәсіпкерлер мезі болғандарын айтады.

"Көктемнен бері осы проблема. Тамақ сасып, шіріп жатыр. Туристер ақшаны төлемей кетіп жатыр. Жарықтың киловатына 50 теңгеден төлеп жатырмыз. Бұл мәселе толық шешілмесе, осындағы кәсіпкерлер ереуілге шығып, турист кіргізбейміз. Жолды жабамыз, солай істемесек, басқа амал жоқ", - дейді Көлсайдағы кәсіпкерлер.

Sputnik Қазақстан тілшісі осы айиттылғандарға қатысты туристердің де пікірін сұрап көрді.

"Көлсайда жарық жоқ, тамақ ішкеннен кейін аударым жасайық десек, интернет жоқ. Дәретханаға барсақ, суы жоқ. Осымен 2-3 рет келдік, ылғи осындай жағдай. Кісілерден сұрасақ, тоқ көтермейді дейді. Қосымша подстанция қойып берсе", - дейді турист Нұрбол Анапияев.

Жатқаныма екі күн, электр жарығы әлі жоқ дейді тағы бір турист.

© Sputnik / Айдана ДайыроваКөлсай көлдері

Көлсай көлдері

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Қаншама шетелдік келіп жатыр. Электр өшеді-жанады, өшеді-жанады. Атышулы Көлсайда осындай мәселе барын мен түсінбеймін. Бұған дейін де келгем, ол кезде де электр өшіп қалған. Боран, жауын, сол себепті электр жарығы өшті деп түсіндірген. Бүгін күн ашық, боран жоқ, бірақ электр жарығы жоқ. Бүгін таңнан бастап кешке дейін болған жоқ", - дейді демалушы Сымбат Канашев.

Электр қуатын мұнда әр кәсіпкер арнайы мотор арқылы қосады. Егер интернеті істесе, сағатына 5000 теңге төлеп, вайфайға қосылуға болады.

Әкімдік не дейді

Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі Кеген аудандық әкімдігінен сұрап білді. Проблеманың бары рас, оны облыстық әкімдік те біліп отыр, дейді олар.

"Округ аумағында 40-қа жуық трансформаторлық қосалқы станция бар. Қазіргі уақытта Саты ауылдық округі аумағында 460 жеке абонент бар: оның ішінде 375 абонент І фазаға, қалған 92 абонент ІІІ фазаға қосылған. Жүктеме - 60 А, қуаттылығы 1 МВт көлемінде электр энергиясын пайдалануда.

Электр энергиясын тұтынатын заңды тұлғалар 13 абонент І фаза, қалған 55 абонент ІІІ фазаға қосылған. Ауылдық округ аумағына тартылған электр желілері мен бағаналары "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ- ның теңгеріміне жатады", - дейді Кеген аудандық әкімдігі.

Электр мәселесін шешу үшін биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаражат бөлініп, жобалау жұмыстары басталған.

"Жобаға сәйкес, Кеген ауданының Жалағаш ауылында орналасқан "ПС 77И" қосалқы станциясынан Саты ауылына дейінгі шамамен 45 шақырымды құрайтын, қуаттылығы 6 МВт 35/10 кВ кернеулі әуе электр желісімен салу жоспарланған. Саты ауылына 4 МВт, Қайыңды көліне 1 МВт, Көлсай көлі аумағына 1 МВт. Бұл желі болашақтағы жүктеме өсімі ескеріле отырып жобаланып отыр", - дейді әкімдікте.

Саты ауылының шетінде трансформаторлық қосалқы станция салынады дейді олар. Бұл станция кернеуді 35 кВ-тан тұтынушыға арналған стандартты кернеуге төмендететін болады.

"Бұл жоба Саты ауылы мен оған жақын орналасқан Көлсай көлдері мен Қайыңды сияқты туристік аймақтардың электр энергиясына деген сұранысын толықтай қамтамасыз етеді. Жобалаушы мердігер – "ЭЛАЙ" ЖШС, келісімшарт былтыр шілдеде жасалды. Келісімшарт соммасы – 22,3 млн теңге, жоба биыл күзде аяқталады", - дейді Кеген аудандық әкімдігінде.

© Sputnik / Айдана ДайыроваКөлсай көлдері

Көлсай көлдері

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жобалау кезінде Көлсай көлдері аумағында жаңа инвестициялық жоба болатыны анықталып, жұмыс көлемі ұлғаятын болды. Сол себепті жобалық-зерттеу жұмыстары қайтадан есептеліп, Алматы облысының энергетика басқармасына қосымша тағы 34 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданған.

"Жоба бойынша Жалағаш - Саты - Көлсай - 45 шақырым, Қайыңды көліне дейін 10 шақырым, 55 шақырым электр желілері тартылады. Орнатылатын трансформаторлардың саны мен қуаттылығы жобалау жұмыстары кезінде анықталады. Қазіргі уақытта Саты ауылының маңайына трансформаторлық станция орнатылатын орын анықталып, мемлекеттік акт жасалып жатыр және топографиялық түсірілімдерге толықтырулар жүргізіліп жатыр", - дейді Кеген ауданының әкімдігінде.

Жалпы Саты ауылдық округінде 1 178 адам тұрады. Округте қонақтарды қабылдайтын 105 үй және 200-ден аса қазақ үй бар. 2024 жылы ауданға 395 386 турист келген. Ал былтыр жарты жылда 249 528 турист демалған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары