Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қарағанды облысында алюминий кластерін қалыптастыруға негіз қаланды

Қарағанды облысында алюминий кластерін қалыптастыруға негіз қаланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қарағанды облысында ауқымды индустриялық жоба – алюминий кластерін құру жұмыстары бастау алды. Кластердің негізгі тірегі ретінде алюминий және биметалл жылыту радиаторларын өндіретін Silumin of Qazaqstan зауыты белгіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынып жатқан кәсіпорынның құрылыс алаңына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. 

Өңір басшысының айтуынша, жоба белгіленген кестеге сай қарқынды іске асырылуда.

– Бұл – өңір үшін мүлде жаңа бағыттағы жоба. Алдағы кезеңде осы өндірістің негізінде толыққанды алюминий кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Мұнда алюминий қалдықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ тұрмыстық мақсаттағы өнімдерді қоса алғанда, түрлі дайын бұйымдар шығарылады. Алғашқы өнімді көктем мезгілінде алуды жоспарлап отырмыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жоба толық өндірістік циклды қамтиды. ECG технологиясына сәйкес алюминий сынықтары АДЦ-12 және АК-12М2 қорытпаларына өңделеді. Кейін радиатор секциялары жоғары қысыммен құйылып, механикалық өңдеуден, бояудан және міндетті сынақтардан өтеді.

– Қолданылатын технологиялар Италия мен Германияның жылу механикасы институттарымен бірлесіп жүргізілген өз ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымыздың нәтижесінде әзірленді. Бұл жоғары жылу беру деңгейіне ие әрі бәсекеге қабілетті радиаторлар шығаруға мүмкіндік береді, – деді зауыт директоры Нұрсұлтан Жұмабек.

Өндірісті дәл «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналастыру өңірдің географиялық артықшылықтарымен де байланысты. Қарағанды облысы елдің орталығында орналасқан, негізгі көлік-логистикалық бағыттарға жақын. Сонымен қатар бұл – білікті кадрлық әлеуеті қалыптасқан ірі өнеркәсіптік өңір.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5,5 миллион радиатор секциясын құрайды. Алғашқы кезеңде 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда 30 маман арнайы оқытудан өтіп жатыр, болашақта олар өндірістік шеберлер ретінде жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді келешек жоспарға сай, қызметкерлер саны 750 адамға дейін ұлғайып, өнім түрлері де кеңейтіледі.

Алюминий кластерін одан әрі дамыту алюминий технологиялары мен инжиниринг орталығының базасында жүзеге асырылады. Бұл орталық бизнес, мемлекет және ғылым өкілдерін біріктіретін алаңға айналады. Жаңа технологияларды енгізу мен кадр даярлау жұмыстарына ғылыми-зерттеу институттары мен Қарағанды өңірінің жоғары оқу орындары тартылады.

Сондай-ақ облыс әкімі Solidcore Resources компаниялар тобына арналған геологиялық барлау сынамаларын зерттейтін заманауи зертхананың құрылысы барысымен танысты. Аталған зертхана өңірдегі өзге де өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсететін болады.

– Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын күшейту қажеттігін бірнеше мәрте атап өтті. Мұндай жұмыстар заманауи зертханаларсыз мүмкін емес. Бұл жоба бүгінгі талаптарға толық жауап береді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аталған нысанда 160 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, болашақ мамандарды даярлау жұмыстары басталған.

Бұдан бөлек, өңірде теміржол көлігіне арналған қосалқы бөлшектер мен доңғалақ жұптарын өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. 

Кәсіпорын толық салынған және кірме теміржол желілерімен қамтамасыз етілген. Өнім шығару ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

Тағы бір инвестициялық жоба – өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіретін зауыт. Қазіргі уақытта алғашқы кезең нысандарының құрылысы басталып, алдағы уақытта гербицидтер, фунгицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер шығару жоспарланған.

– Бүгінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында бір мезетте бірнеше ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвесторлар мемлекет тарапынан нақты қолдауды сезініп отыр. Жақын уақытта аймаққа табиғи газ жеткізіледі, бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақты кеңейту жоспарымызда бар, – деп қорытындылады облыс әкімі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 10:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары