Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтіп жатыр

Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтіп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Халықтық және заманауи әуендер үндесіп, шат-шадыман көңіл күй мен ақжарқын жүздер мерекенің ерекше рухын айшықтай түсуде. Өңірдің барлық қала-аудандарында ұйымдастырылған думанды шаралар дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастырып, әрбір тұрғын мен қонақты жаңару мен үйлесім мерекесінің ажырамас бөлігіне айналдырды.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қалалардың орталық алаңдарында этноауылдар бой көтеріп, тақырыптық киіз үйлер тігіліп, театрландырылған қойылымдар, айтыс пен концерттік бағдарламалар ұсынылуда.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Барша жерде ұлыстың ұлы күніне тән көктемгі серпіліс пен ұлттық рух айқын сезіледі.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Мерекенің ең ауқымды алаңдарының бірі Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылды.

Мұндағы мерекелік атмосфера кіреберістен-ақ айқын аңғарылады: ұлттық нақыштағы сәнді арка, тулармен көмкерілген кеңістік — барлығы үйлесімді безендірілген.

Каскадты алаң ақ шаңқан киіз үйлер қоныс тепкен көркем этноауылға айналды. Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген әрбір киіз үй белгілі бір тақырыпты арқау етеді — дәстүрлі тұрмыс, қолөнер, ұлттық тағамдар.

Мұнда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда қатарлары, арт және фото аймақтар,

сондай-ақ көпшілік сүйетін алтыбақан орналасқан.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді.

— Наурыз — жай ғана мереке емес, бұл — рухани жаңғыру мен ішкі түлеудің кезеңі. Ол бізге адамгершілік пен ізгілікке негізделген қарапайым, бірақ өмірлік маңызды құндылықтарды еске салады: үйлесімде өмір сүру, бір-бірімізді құрметтеу, еңбекті қадірлеу және шүкіршілік ету. Ең бастысы — уақытында аялдап, өмірге жаңаша көзқараспен қарау. Өйткені дәл осыдан өзара түсіністік пен сыйластық бастау алады. Бұл — сан ғасырлық дала өркениетіне тән қасиет. Халықты ұйыстыратын осы мейрамда бірлігіміз беки түсіп, жасампаз, озық қоғам қалыптассын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлығы ізгі ойдан, жылы сөзден және дұрыс әрекеттен басталады. Сонда ғана жаңғыру нақты іспен көрініс табады, — деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Мерекелік шаралар концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Сахнада шығармашылық ұжымдармен бірге белгілі өнер майталмандары — Нұрлан Өнербаев, Маржан Арапбаева және «Жігіттер» тобы өнер көрсетті.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Көрермендерге халық әндері мен заманауи эстрадалық шығармалар ұсынылды.

Жағалауда орналасқан мерекелік шатыр биылғы думанның басты орталықтарының біріне айналды.

Мұнда сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көшпелі экспозициясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар заманауи технологияларға арналған алаңда робототехника мен жасанды интеллект жобалары таныстырылды.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Робототехника көрмесінде халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүрген жас дарындар өз жетістіктерін паш етті. Олардың қатарында халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері — «Мұрагер» мектебінің командасы бар.

— Қазіргі жастардың басым бөлігі бағдарламалау мен цифрлық технологияларға бет бұруда. Меніңше, еліміздің болашағы дәл осы бағыттармен тығыз байланысты. Бұл салаларға инвестиция артқан сайын, келешегіміз де нұрлы болмақ. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Махаббат, бақыт және игілік тілеймін, — деді команда мүшесі Дамир Мағжан.

Мерекелік алаңда балалар ойын аймақтары мен спорттық кеңістіктер де жұмыс істеді. Мұнда қазақ күресі, асық ату, садақ ату, арқан тарту және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Наурыз мейрамы көптеген қонақтың басын қосып, олар бұл шуақты күнді жақындарымен бірге қарсы алды.

Астана қаласынан келген Еламан Қойшыбаев та өз әсерімен бөлісті.

— Бүгін — ерекше күн. Барша Қазақстан халқына бейбіт аспан, бақыт пен береке тілеймін. Мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны қуантады — бәрі көркем әрі шынайы, — деді ол.

Қала тұрғындары да Наурызды зор қуанышпен қарсы алып, жүрекжарды тілектерін жеткізуде.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Николай Шпильченко жұбайы Юлиямен және кішкентай қызымен бірге келген.

— Баршаңызды Наурызбен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен береке тілейміз. Үйлеріңізде әрдайым жылылық пен қуаныш орнасын! Биыл көктемнің дәл осы мерекемен қатар келуі ерекше әсер қалдырады — табиғаттың шынайы жаңаруы анық сезіледі, — деді жас отбасы.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Мен үшін Наурыз — жыл сайын асыға күтетін мереке. Саябақтағы думан жыл өткен сайын мазмұнды әрі қызықты бола түсуде. Қарағандылықтар мен қала қонақтарын осы жарқын мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, жақсылық пен бақыт тілеймін, — дейді «Сүйінші» би ансамблінің қатысушысы Айза Мұханова.

Халықтық серуендер екі күн бойы жалғасады.

Биыл Қарағанды облысында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүр мен мәдениетті сақтау және кеңінен насихаттауға бағытталған мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 15:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары