Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ұлытауда Наурыз кең көлемде тойланды

Ұлытауда Наурыз кең көлемде тойланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атап айтсақ, Наурыз мерекесіне орай Ұлытау облысының қала-аудандарында ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңір бойынша барлығы 130 киіз үй тігіліп, мерекелік думанға 100 мыңнан астам тұрғын мен қонақ жиналды.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков облыс орталығы – Жезқазған қаласындағы Наурыз мере­кесіне қатыс­ып, өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

– Бүгінде облысымыз жаңару мен өркентеу жолына нық қадам басып отыр. Алдымызда ауқымды міндеттер мен биік мақсаттар тұр. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мығым, тірлігіміз берекелі болса бағындырмайтын белес, алынбайтын асу жоқ. Осынау жарқын мереке әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, толағай табыс және құт-береке әкелсін, – деді облыс әкімі Д.Рыспеков.  

Жезқазғанның орталық көшесіне 20-ға жуық киіз үй тігіліп, ұлттық тағам­дар ұсынылып, халқымыздың бай салт-дәстүрлері кеңінен ұлықталды. Ақшаң­қан киіз үйлер тігілген мерекелік алаң ұлттық нақышқа бөленіп, қала тұрғын­дары мен қонақтарына ерекше рухани әсер сыйлады. Мерекелік думанға жергілікті өнерпаздармен қатар, елге танымал әншілер де қатысып, көрер­мендерге ауқымды концерттік бағдар­лама тарту етті. Әсем ән мен күмбірлеген күй көпшіліктің көңілін көтеріп, Ұлыс­тың ұлы күніне тән шаттық пен қуаныш­тың шырайын аша түсті. Облыс орталы­ғында Наурыз мейрамына байла­нысты қалыптасқан бұлжымас дәстүр де бар. Жыл сайын ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді. Биыл бұл игі үрдіс жаңа сипат алып, заманауи технологиямен ұштаса түсті. Яғни, ғасырлар қойнауынан жеткен салт-дәстүрлер жасанды интеллект мүмкіндіктерімен сабақтастырылып, тың форматта насихатталды. Жалпы, «Наурызнама» онкүндігі аясында өңірде 400-ден астам мерекелік іс-шара ұйым­дастырылып, қала мен аудан тұрғын­дарына көтеріңкі көңіл күй мен ұмытыл­мас әсер сыйлады. Осылайша, Ұлыстың ұлы күні Жезқазған өңірінде ұлттық рухты асқақтатып, ел бірлігін бекем­деген айрықша мерекеге айналды.

Облыс орталығында 30-ға жуық киіз үй бой көтеріп, олардың арасында «Үздік киіз үй» байқауы ұйым­дас­тырылды. Байқау қорытындысы бойын­ша, бірінші орынды Батыс Жезқазған кенішінің ұжымы иеленді. Екінші орын Мамандандырылған жөндеу-механи­к­а­лық басқармасына, ал үшінші орын «Жомарт» кенішінің ұжымына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болып, қомақты ақша­лай сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табыс­талды. Сонымен қатар бірнеше кәсіп­орындар да арнайы номинациялармен марапатталып, қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталды. Айта кету керек, этно­ауылда тігілген киіз үйлердің қатарында жезқазғандық металлургтер тіккен қазақы үй мен  Digital Nauryz экспози­циясы ерекше қызығушылық тудырды. 

Жезқазған қаласының өзінде 40 мыңнан астам тұрғын мен қонақ мере­келік шараларды тамашалап, Ұлыстың ұлы күніне ортақ қуанышпен куә болды. Мереке барысында жиналған қауымға наурыз көже ұсынылып, көпшілік ұлт­тық тағамдар мен дәстүрлі сусындардан дәм татып, ерекше көңіл күйге бөленді. Ақ дастарқан басында адамдар бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, мере­кенің шынайы мәні – татулық пен бере­кені бірге сезінді. Сонымен қатар мекемелер мен кәсіпорындар арасында ұлттық салт-дәс­түр­лерді дәріптейтін түрлі сайыстар ұйымдас­ты­рыл­ып, көпшілікке рухани тағылым сыйлаған мазмұнды шараларға айналды. Бұл байқаулар арқылы қатысушылар халқымыздың бай мәдени мұрасын танытып, көрер­мен­дердің зор ықыласына бөленді.

«Биылғы мереке ерекше өтіп жатыр. Этноауылды аралап, бәрін көріп келдім. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі, бәрі сабырлы, жүздерінен қуаныш пен шат­тық байқалады. Күн де жарқырап тұр, айнала нұрға бөленгендей. Осындай шуақты сәттерде адамның да көңілі ерекше көтеріліп, жүрекке жылылық ұялайды. Жаңа жыл барша халқымызға жақсы жаңалықтарымен келсін. Сол қуанышты сәттерді бірге көріп, қызығын бірге бөлісу баршамызға нәсіп болсын», – деді қала тұрғыны Жанұзақ Кенбаев.

Білекті де жүректі жігіттер қол күресі, арқан тарту секілді ұлт­тық ойындардан сайысқа түсіп, өзара мықтыларын анықтады. Бағдарлама барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, оған кәсіп­орын қызметкерлері мен қала тұр­ғындары белсене қатысты. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Тар­тысты өткен бұл сайыстар тек бәсекенің алаңы ғана емес, сонымен бірге бірлік пен ынтымақтың, коман­да­лық рухтың айқын көрінісіне айнал­ды.

Тұрғындарды мерекелік іс-шара­ларға кеңінен тарту мақсатында 20-дан астам заманауи цифрлық шешім іске қосылып, қала мен аудан көшелерінде Наурыздың рухын айшықтайтын 130 тақырыптық киіз үй тігілді. Осылайша,  ұлттық нақыштағы мерекелік атмосфера тұрғындарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Мерекелік көңіл күйді арттыруға жергілікті 70 өнер қайраткері өз үлесін қосып, көпшілікке ән мен күйден, ұлттық өнерден шашу шашты. Олардың әсерлі өнер көр­сетілімдері қала аумағына орнатылған 60 кең форматты LED-экран арқылы тікелей көрсетіліп, мерекенің көркін еселей түсті.  Ұлытау облысында Наурыз мерекесі аясындағы он­күндік шеңбері­нің  қорытын­дысына сәйкес, тарихи мұраны қазіргі цифрлық өмірмен ұш­тас­тыруға ерекше басымдық берілді. Өңірде 100-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдас­ты­рылып, оларды офлайн форматта 80 мыңнан астам адам тамашалады. Сонымен қатар онлайн аудитория 112 мың қолданушыдан асты, яғни мереке қашықтан да кеңінен қолдау тауып, халыққа ұлттық дәстүрлерді сезіндіруге мүмкіндік берді.

Мерекелік іс-шара келушілерге Тай­жан Қалмағамбетов атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен Қазақ­стан эстрадасының танымал жұлдыз­дары қатысқан әсерлі концерттік бағ­дарламамен түйінделіп, жиналған жұрт­шылыққа ерекше көңіл күй сыйла­ды.

С.БЕГІМБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 06:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары