Қарағанды облысында қаржы пирамидасы бөлімшесін ұйымдастырушыға сот үкімі шықты
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында "CVK" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушыға сот үкімі шықты, деп хабарлады Қарджылық мониторинг агенттігі.
Ер адам мүлкі тәркілене отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
"Жобаға қатысушыларға құны 120-дан 49 мың АҚШ долларына дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Есесіне оларға күн сайын табыс түсетіні және жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонустар берілетіні уәде етілген", - дейді агенттікте.
Алайда виртуалды дүкендерде орналастырылған тауарлар іс жүзінде болмаған, ал табыс табу жаңа қатысушыларды тартуға және олардың ақша салуына тәуелді болған.
Салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электронды әмияндарға аударылған.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтер бұғатталды, бұл 212 млн теңгеге тең.
Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 10:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















