Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қарағандыда Абай күніне орай 155 ке жуық іс шара өтіп, Book Picnic әдеби алаңы ашылды

Қарағандыда Абай күніне орай 155 ке жуық іс шара өтіп, Book Picnic әдеби алаңы ашылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кеше Абай күніне орай Қарағанды қаласында хакімнің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ғұламаға құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ortalyq Qazaqstan» басылымына сілтеме жасап.

Ақынның шығармашылығына арналған концерттік және поэзиялық бағдарлама бұл күннің мәнін еселей түсті. Абайдың әндері әуелеп, өлеңдері жүрекке жол тауып жатты.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Абай мұрасының ұлттық руханияттағы маңызына тоқталды.

– Абай – бір дәуірдің ғана емес, ұлттың әр кезеңіне жол көрсететін ойшыл. Ол – барша адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеген кемеңгер. Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла», «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиеті – бүгінде ел дамуының, интеллектуалды ұлт болып қалыптасудың темірқазығы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың рухани мұрасы еліміздің жаңғыру жолындағы басты бағдардың бірі екендігін атап өтті. Бүгінде Абайдың «Толық адам» ілімі Мемлекет басшысы ұстанған Әділетті қоғам идеясымен үндеседі. Сондықтан, Абай мұрасын насихаттауды болашаққа салынған инвестиция деп қабылдаған жөн, – деді Әлібек Әлденей.

Сондай-ақ, Әлібек Үсенұлы  Қарағанды өңірінің Абай әлемімен тарихи байланысы тереңдігін де атап өтті.

– «Қарқаралы – Құнанбай қажы ел басқарған, Ибраһимнің жастайынан ат басын бұрған киелі мекен. Бұл тарихи сабақтастық Абай әлемінің Арқа жұртына айрықша жақын екендігін аңғартады. Ғұламаның ізі қалған киелі топырақта өмір сүріп жатқан біз – сол рухани сабақтастықты жалғастырушы ұрпақпыз», – деді ол.

Қарағанды облысында ұлы ойшылдың мұрасын дәріптеуде көптеген жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны да атап өтілді. Мәселен, мектептерде «Абайтану» курстары ашылып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін насихаттауға бағытталған түрлі байқаулар ұйымдастырылуда.

Былтыр Абайдың 180 жылдығына орай өңірде кешенді жоспар қабылданып, көптеген іс-шаралар іске асырылды. Биылдың өзінде 155-ке жуық шара өтіпті.

Былтыр өңірімізде бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша оқылатын кітаптардың тізіміне Абайдың өлеңдері мен кітаптары да енгізілген екен.

Іс-шара барысында қазақ әдебиеті мен Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Paraqta.kz» цифрлық платформасының таныстырылымы да өтті.

Платформа оқырманға кітап оқуды жүйелеуге мүмкіндік беретін үш негізгі функция ұсынады. Біріншісі – оқу сессиясы. Оқырман таймерді қосып, кітап оқуға жұмсаған уақытын белгілей алады және оқыған бетін тіркейді. Екіншісі – оқылған кітапқа пікір қалдырып, басқа оқырмандармен ой бөлісу мүмкіндігі. Үшіншісі – жалпы оқырмандар арасында өз нәтижесін бақылау мүмкіндігі. Яғни, платформа пайдаланушыға кітапты жалғыз оқымай, ортақ оқырман қауымымен бірге оқуына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда платформада 4182 оқырман тіркелген. Жоба іске қосылған 11 ай ішінде пайдаланушылар жалпы 752 615 бет кітап оқыған.

Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі – ашық аспан астындағы «Book Picnic» әдеби оқу алаңының ашылуы болды. Жоба кітап оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

Алаңда қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында кітап оқып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне үңіліп, рухани тынығуға мүмкіндік алды. Әдеби алаң оқырмандардың басын қосып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды көздейді.

Ашық аспан астындағы кітапхананың ең жас оқырманы – 8 жастағы Алуа. Әріп танығаннан бері кітап оқуды әдетке айналдырған ол қазір Абай Құнанбайұлының және басқа да ойшылдардың шығармаларын сүйіп оқиды.

– Кітап оқу маған білімді болуға көмектеседі, – дейді Алуа.

Іс-шараға қатысқан қала тұрғыны Алтынай Мұхтарова да Абай шығармашылығының жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Мектеп жасымнан бастап кітап оқимын. Абайды да мектеп қабырғасынан бастап сүйіп оқимын және әндерін жақсы көремін. Қазіргі жастар Абайды көп оқыса, болашаққа дұрыс жол ашуына көмектесер еді, – дейді қала тұрғыны.

Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеуге арналған іс-шара ақын шығармашылығының бүгінгі қоғам үшін маңызын тағы бір мәрте айқындап, кітап оқу мәдениетін насихаттауға және өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал етері хақ.

Аида РАХЫМҚҰЛ, «Ortalyq Qazaqstan»

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 18:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see144

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see142

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see141

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see141

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see134

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see134

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see134

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see134

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see133

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see133

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see132

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see132

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see131

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see131

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see131

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see130

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see129

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see129
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары