Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз? : депутат үкіметке шүйлікті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары үкіметтің қарызға ақшаны көп алып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Олжас Нұралдиновтың айтуынша, үкімет ескі қарызын жабу үшін жаңа қарыз жиі ала бастаған.
"Алдағы үш жылда тағы 24 трлн теңге тарту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 2028 жылға қарай мемлекеттік қарыздың көлемі екі есеге өсіп, 57 трлн-ға жетуі мүмкін. Бұл дегеніміз, осы қарызды жабуға кететін шығын білім, қорғаныс пен инфрақұрылымға кететін ақшадан да асып кетеді деген сөз. Неге үкімет ескі қарызын жаңа қарызбен жауып жатыр? Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз?", - деді Нұралдинов.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметіне сәйкес, бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 33,5 трлн теңгені құрайды.
"Бұл ішкі жалпы өнімге шаққанда 22,2 процент. Ал бекітілген лимит – 32 процент. Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі, яғни, 76 проценті – ішкі нарықтан алынған қарыздар. Біз оны бюджет тапшылығын жабу үшін аламыз. Қалған 24 проценті сырттан алынады", - деп атап өтті Такиев.
Үкімет бюджет тапшылығын азайтуды жоспарлап отыр. Сол кезде қарыздың көлемі де төмендейді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 12:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















