Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Қаулының мәні қоғамның жайы

Қаулының мәні қоғамның жайы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Күн тәр­ті­біне шығарылған бес бірдей мәселенің әрқайсысы өңір тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін аса өзекті түйткілдер. Жиын барысында құзырлы органдарда отырған шен-шекпенділердің сылбыр әрекеті мен жауапкершіліктің тым төмендігі тағы бір мәрте сын садағына алынды.

Бұл жолы қоғамдық кеңес мүшелері шенеуніктердің дайын баяндамасын тыңдап қана қойған жоқ. Әр мәселенің астарына үңіліп, жауапты басқарма басшыларына өткір сұрақтар қойды. 

Қорымдағы қоқыс – қоғам мәдениетінің айнасы ма?

Жиындағы ең қызу талқыланған мәсе­ленің бірі – Ақмола облысында жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау қағидаларын бекіту жобасы. Тиісті қағида бойынша жерлеу тәртібі, қорымдарды күтіп ұстау, санитарлық талаптар мен жауапты меке­мелердің міндеттері тайға таңба бас­қан­дай нақты көрсетілген. Алайда қоғамдық кеңес мүшелері қазіргі жағдайдың мүлдем талапқа сай емес екенін жасырмады.

Әсіресе қала маңындағы бейіттердің жағдайы адам шошырлық күйге түскен. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма­сының бөлім басшысы Болат Мейрамов қоқыс тоқсан сайын шығарылатынын айтқанымен, бұл жауап қоғамдық кеңес мүшелерін аса қанағаттандырмады.

Расында да, қоғамның өркениеттік деңгейін күн сайын шаһар аумағында сәулеті жарасқан зәулім ғимараттар емес, зираттарының жағдайы көрсетеді деген тұжырым бар. Өйткені қорымдар өткен мен бүгінді жалғайтын әрі тарихтың куәгеріне айналатын рухани кеңістік. Сондықтан бейіттердің басындағы санитарлық ахуал мен тазалыққа баса мән берілу қажеттігі құптарлық мәселе. 

Бұл орайда бейіт басында құрылыстан кейін артын жинамаудың аса кең өріс алғаны да сын садағына ілінді. Ақмола облыстық ұлттық спорт түрлері федера­циясының төрағасы Марат Қойшин жерлеуден кейін құрылыс қалдықтарын тастап кететін азаматтарға әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды. Ал Ақмола облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Серік Кәкенов қорымдарды есепке алу мен нөмірлеу жүйесінің жоғын өткір сынға алғанымен қоймай, мәселенің әлдеқайда терең екенін алға тартты.

– Біздің қала зираттарында нақты жүйе жоқ. Нөмірлеу жоқ. Барлығы бейбере­кет орналасқан. Ертең бір адамның бейітін іздеу үлкен мәселеге айналады. Өйткені күн санап бейіттің көлемі ұлғайып, жерлен­ген адамдардың саны өсіп барады. Бұл жерге Құран бағыштау үшін келген ұрпағы мен туған-туыстары да таба алмай қалу қаупін тудырады, – деп атап өтті ол.

Зиратты күтіп-ұстаумен айналысып жүрген Ербол Мырзатаев кейінгі 8 жылда арнайы есеп жүргізіліп жатқанын, қосымша төрт гектар жер бөлінгенін және цифрлан­дыру жұмыстарының шамамен 50 пайызға дейін аяқталғанын жеткізді. Әйтсе де, прокуратура, полиция және Көкшетау қалалық қоғамдық кеңесінің қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізу туралы ұсыныс қабылданды.

Жылу маусымы: жауапкершілік кімнің мойнында?

Жиында талқыланған тағы бір күрделі мәселе – алдағы жылыту маусымына дайындық жайына бағытталды. Облыстық мәслихаттың 2016 жылдан бері өзгеріс енгізілмеген қағидаларына түзетулер ұсынылды. Бөлім басшысы Темірлан Тілеужановтың айтуына қарағанда, ендігі жерде әрбір тұрғын үй мен қазандық дайындық төлқұжатын алуға міндетті болады. Алайда талқылау барысында мәсе­ленің әлдеқайда күрделі екені аңғар­ылды.

«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіп­орны өкілдерінің мәліметінше, облыс орталығында 356 көпқабатты үйдің нақты басқарушы ұйымы жоқ болып шықты. Яғни мұндай үйлерде инженерлік желілердің жай-күйіне кім жауап беретіні беймәлім.

Қоғамдық кеңестің комиссия төрағасы Болат Жұпынов бұл мәселенің жыл сайын қайталанатынын айтып, жауапты орган­дардың жұмысын сынға алып нақты мысал келтірді.

– Қаладағы көптен бері қордаланған мәселенің бірі – үйге жөндеу кезінде көпшілік заңды белден басса да, өз білгеніне салады. Тұрғын үйдің техникалық құжат­тарына қарамастан үйдің ішкі қабырғала­рына дейін бұзып та тастайтындар бар. Еден­ді жылытамыз деп жылу жүйесін қа­лау­ынша өзгертеді. Ал соның кесірінен көрші үй қыста тоңып отыруға мәжбүр болады. Мұндай жағдайлар бұрын да бол­ған, қазір де баршылық, – дейді Болат Зарлықұлы.

Дәрігерлер неге кетеді?

Отырыстағы ең өткір әрі эмоциялық талқылау медицина саласына қатысты болды. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы биыл ауылдық жерлерге дәрігер тарту үшін бюджет қоржынынан 600 млн теңге сомасында қомақты қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Бағдарлама аясында жас мамандарға көтермеақы мен әлеуметтік қолдау қарастырылыпты. Бірақ қоғамдық кеңес мүшелері қағаздағы көрсеткіш пен нәтиженің арасында үлкен айырмашылық барын хабарлады. Болат Жұпынов кейбір аудандарда жас дәрігерлерге көтермеақы алуға өтініш бермеу жөнінде бейресми қысым жасалғаны туралы ақпарат бар екенін жеткізді.

– Егер бұл рас болса, онда мемлекет бөліп отырған қаржының мақсатына жет­пегені. Жас маман ауылға келгенде қолдау көруі керек, кедергі емес, – дейді ол.

Серік Кәкенов мәселенің шегіне жетіп, тіпті күйіп тұрғанын айтып құзырлы басқарма өкілдерін қатаң сынға алды. Оның айтуына қарағанда, былтыр өңірге 263 жаңа дәрігер келгенімен, олардың қаншасы жұмыстан кеткені жөнінде бірде- бір нақты статистика ұсынылмаған.

– Мемлекет жүздеген миллион теңге бөліп отыр. Бірақ біз дәрігерді ұстап қала алмай келеміз. Кейбірі әлеуметтік көмекті уақытында ала алмай кетіп жатыр. Бұл – жүйенің әлсіздігі, – деп атап өтті денсаулық сақтау саласында ондаған жыл еңбек еткен тәжірибелі ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының кандидаты Серік Қаб­дөшұлы.

Тіпті басқа-басқа емес, облыстық аурухананың өзінде 2025 жылдың тамызынан бері өтініш берген 21 медицина қызметкері төлемдерін толық алмағаны айтылды.

Нарық сұрайтын мамандықтар қайда?

Жиында білім беру мәселесі де назардан тыс қалмады. Облыстық білім басқармасы 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын еңбек нарығындағы сұранысқа бейімдеп әзірлегенін хабарлады. Басшының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, бүгінде техникалық маман­дықтарға сұраныс күрт өскен.

– Елге дәнекерлеуші, механик, электрші, құрылысшы мамандар ауадай қажет. Барлық жас міндетті түрде уни­верситетке түсуі керек деген түсінік өзгеруі тиіс. Бұл үшін еңбек адамдарына деген сұранысты реттейтін жүйенің реттелуі аса маңызды, – дейді ол.

Бұл пікір расында да еңбек нарығындағы қазіргі үрдістермен толық сәйкес келеді. Соңғы жылдары өндірістік секторда жұмысшы мамандардың тапшылығы бірнеше рет ашық көтерілген еді.

Бұдан бөлек, қоғамдық кеңес отыры­сында шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаж жүйелерін пайдалану қағидалары да мақұлданды. Су ресурстарының азаюы мен климаттық өзгерістер жағдайында бұл мәселенің стратегиялық маңызы да артып келеді. Мамандардың айтуынша, жаңа қағидалар су ысырабының алдын алып, егістіктің өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Бірнеше сағатқа созылған отырыстың қорытындысында күн тәртібіндегі барлық жоба бірауыздан қолдау тапты. Алайда талқылаулардың мазмұны көрсеткендей, мәселе қаулы қабылдаумен ғана шешілмейді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 05:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see143

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see115

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see113

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see113

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see113

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see111

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see111

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see111

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see110

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see110

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see109

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see109

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see108

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see107

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see107

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see107

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see106

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see106

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see105

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары