Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақ жеріне депортацияланған халықтар қандай кәсіппен айналысты

Қазақ жеріне депортацияланған халықтар қандай кәсіппен айналысты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Қазақ елінде өзге ұлт өкілдерінің қоныстануы қай кезеңде басталды?

— ХVIII–XIX ғасырларда қазақ жеріне, оның ішінде еліміздің батыс аймағына әскери қызметке немістер келсе, поляктар жер аударылып, қоныстанды. Көп емес, бірлі-жарым ғана болды. Ал XIX ғасырда Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты нәтижесінде Қазақстан территориясына орыс, украин шаруалары келді. 1930-1940 жылдардағы депортацияға келер болсақ, сол кезде КСРО және одан тысқары жерлердегі халықты бір аймақтан екінші аймаққа күштеп жер аудару саясаты іске асты. Себебі 1922 жылы Кеңес Одағы құрылып, ел дипломатиялық изоляцияда қалды. КСРО көптеген елді дұшпаны санаған еді.

Ал 1930 жылдардың екінші жартысында халықаралық қатынастар шиеленісе түсті. Кеңес Одағына Германия, Италия және Қиыр Шығыс тарапынан қауіп төнеді деген желеумен депортациялау жүреді. Ең алдымен Қиыр Шығыстағы кәрістер жер аударылды. Сол жерде бұрыннан тұрып келе жатқан кәрістерді сенімсіз халық деп санап, Орта Азия елдеріне көшіре бастады. 1937 жылдың 21-тамызы күні КСРО Халық комиссарлары кеңесі аса құпия бұйрықты шағарды. Онда «Қиыр Шығыс өлкесіндегі шекаралық аудандардан кәріс тұрғындарын көшіру туралы» қаулысы қабылданды. Мақсат — жапон барлаушыларының Қиыр Шығыс өлкесіне енуіп кетуінің алдын алу болды. Кәрістер Өзбекстан мен Қазақстанға күштеп көшірілген. Яғни Жапония әскер кіргізген жағдайда кәрістер көмектесуі мүмкін деп тұжырымды желеу еткен.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Сол кезде қанша адам келді?

— 1937 жылы Қазақстанға 95 256 кәріс қоныстанды. Нақтыласақ олар Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, қазіргі Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарына көшірілді. Ақтөбеге келген кәрістердің 80-90% сол кездердегі Қарабұтақ ауданына орналасты. Ярмұхамедов совхозында 6 колхоз құрылып, оған 205 шаруашылық орналастырылды. Шаруашылық дегеніміз — отбасы. Сол 6 колхоздағы колхозшылардың жеке пайдалануына 781 бас, ал жалпы қоғамдастыққа 1 636 бас мал беріледі.

Сонымен бірге кәрістерге шабындық пен егістік жер бөлінді. Тағы бір айта кететін жайт, Қызылордаға қоныстанған кәрістердің бір бөлігі Ақтөбе жеріне жіберілген. Сонда Ақтөбе жеріне 535 отбасы, 2054 адам келді. Депортацияланған халықтардың саяси-құқықтық жағдайы шектеулі еді. Белгіленген ауылдан шығуға рұқсат жоқ және қатаң бақылау жүрді. Балалар мектепке барғанымен, техникум, жоғары оқу орындарына жіберілмеді. Сенбеген, үнемі көзден таса қылмай ұстаған. 1939 жылдың 1-қаңтардағы мәлімет бойынша Ақтөбе облысы аумағына 818 кәріс отбасы қоныстанған. Оның тең жартысы 4 колхозға біріктірілді, 352 отбасы түрлі ұйымдар мен мекемелерге жұмысшы және қызметкер ретінде жіберілді.

— Ақтөбе жеріне келген кәрістердің мекені Қарабұтақ екені тарихи деректерде айтылды. Сонымен бірге кәрістердің өздері де сол мекендегі өмірі туралы естеліктерін жиі бөлісіп отырады. Ал поляктардың көші қай кезде басталды?

— 1942 жылдың басында Ақтөбе облысында 24 мыңға жуық арнайы қоныстанушы болды. Оның ішінде 6 200 поляк, 5 364 молдаван, 9 356 неміс және Астрахань мен Қырымнан 3 000 адам келген. Поляктар қалай қоныстанды? Біріншіден, Польшамен шекаралас жатқан Украинадағы поляктар күштен көшірілді. Екіншіден, 1939 жылы тамызда КСРО Сыртқы істер халық комиссары В. Молотов пен Германия Сыртқы істер министрі И. Риббентроп келісімшарты болады. Кеңес Одағы мен Германия Шығыс Еуропаны, яғни Польша мен Балтық елдерін бөліседі. Кеңес Одағы Польшаның шығыс аймағын өздері иеленетінін, қалғанын Германия басып алатынын айтады. 1939 жылы қыркүйекте соғыс басталып, Германия Польшаға шабуыл жасайды.

Сол уақытта КСРО да соғыс ашып, Польша территориясы екіге бөлінеді. Міне сол территориядағы поляктарды сенімсіз халыққа санап, күштеп қоныс аударады. Сөйтіп 1940 жылы аса құпия қаулы шығып, Украина мен Белорусьтің батыс облыстарынан 60 667 адам көшірілді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Семей облыстарына орналастырылды. Ақтөбеге 7 092 поляк келді. Қуғын-сүргін аяқталған соң бірқатар ұлттың құқығы қалпына келтіріліп, олар атажұртына оралады. Кәрістер мен поляктардың бір бөлігі Қазақстанда тұрақтап қалды. Ал немістер еліне оралды. Тәуелсіздік жылдары ең бірінше еліне жаппай көшкен де немістер болды.

— Неміс халқы қалай депортацияланды?

— Еділ бойындағы немістердің көшірілуі Екінші дүниежүзілік соғысқа тікелей байланысты болды. Негізі Еділ бойын қоныстанған немістер дегеніміз ХІХ ғасырда сол жаққа барған орыс шаруалары еді. Фашистерге қосылып, қарсы соғысады деген желеумен бір түнде депортацияланды. Жарлық 1941 жылы шыққан. «Еділ бойы немістерінің арасында мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Германияның дабылы бойынша Еділ бойы және оған шектес аудандарда жарылыстар жүргізуі мүмкін» деп көшірді. Қазақ жеріне қоныс аударылған тағы бір этнос — кавказ халықтары. Шешен-ингуш, қарашай халықтары келді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл территорияны немістер басып алып, қоршауда болады. Жау әскері кері шегініп, жерді азат еткен соң сенімсіздік ұялап, халықты көшірген екен.

1944 жылы наурыздағы дерекке сүйенсек, 20 309 адам көшіріліп әкелінген. Олар жергілікті кәсіпорындарға, шахтаға жұмысқа жіберілді. Шалқар ауданының аумағында Шахта деген ауыл бар. Бірер жыл бұрын бір топ шешен келіп келіп, туып-өскен жерін көріп кетті. Жалпы адамдарды Орта Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға вагон-вагонға тиіп жөнелткен, жолда мерт болғаны да бар. Қазақ халқы өз басындағы қиындыққа қарамастан жылы қарсы алып, бір нанды бөлісіп жеді, балаларды бауырына басты.

Дегенмен депортацияланған адамдарды орналастыру кезінде бірқатар қиындық болғаны рас. Оларға үй табу, мектепке орналастыру талабы кейде орындалмады. Мәселен Ақтөбе облысында 268 тұрғын үйдің орнына тек 162-і санылған. Барлығы 23 шаруашылық салынуы тиіс болса, тек жетеуінің құрылысы жүргізілген. Мектеп құрылысы уақытылы аяқталмай кәрістер бейімделген ғимараттарда оқыды. Кәрістер жергілікті басшылыққа азық-түлік, қаржы тапшылығы туралы айтып, шағым да жазған екен сол кездері. Негізі ауылға орналасқандары мал және егін шаруашылығымен айналысқан, қалада өнеркәсіпте жұмыс істеді.

— Өзге ұлт халқын қазақ жеріне депортациялау құжаттары қайда сақталған?

— Алматы, Ақтөбе архивтерінде сол мәлімет бар. Деректер құпия емес. Архив еліміз тәуелсіздік алған соң ашылды. Ал депортацияланғандар арасындағы репрессияға ұшырағандар жайындағы мәлімет әлі де құпия сақталады.

Айта кетейік, болгарлардың музей үйі жұмыс істеп тұр. Мұнда бір ғасырдан астам уақыт бұрын мұнда мыңға жуық болгар көшіп келген. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары