Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

Жастар ісін жүйелеген кезең

Қазақ жырының мұзарт биігі: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Қазақ жырының мұзарт биігі: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Ақынның туған күніне қатысты екі түрлі дерек айтылады. Ресми құжаттарда оның туған күні 9 ақпан деп көрсетілген және қазір осы дата кеңінен аталып өтіп жүр. Алайда ақынның анасы Нағиманның естелігі бұған сәл өзгеше мәлімет ұсынады. Оның айтуынша, Мұқағали 1931 жылдың 8 наурызында дүниеге келген.

Фото: malim.kz

— Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз, — деп еске алады ол.

Ал Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, ақын Оразақын Асқар бұл айырмашылықтың себебін құжаттық жағдаймен байланыстырады. Оның сөзінше, ақын ес білген шағында құжаттағы туған күнін өзі жаздырған.

— Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен, — дейді ол.

Мұқағалидың әкесі Сүлеймен соғыс жылдары қаза тапқан. Болашақ ақын жастайынан еңбекке араласып, ауыл өмірінің қиындықтарын ерте көрді. Әр жылдары ауылдық кеңесте хатшы, мектепте мұғалім, аудандық газетте тілші, радиода диктор қызметтерін атқарған. Әдеби ортаға араласуы оның шығармашылық бағытының қалыптасуына ықпал етті. Ақынның алғашқы өлеңдері баспасөзде 1950 жылдардың басында жариялана бастады.

Мұқағали Мақатаев — қазақ лирикасын жаңа деңгейге көтерген қаламгерлердің бірі. Оның шығармаларында адам мен табиғат байланысы, махаббат, анаға құрмет, Отанға сүйіспеншілік, өмір мен өлім туралы философиялық толғаныс айқын көрінеді. Ақын поэзиясының басты ерекшелігі — тілінің қарапайымдылығы мен ойының тереңдігі. Ол күрделі сезімді қарапайым сөзбен жеткізе білуімен ерекшеленеді.

Фото: kaspi.kz

Ақынның белгілі туындыларының қатарында «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, «Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз!», «Сарыжайлау», «Үш бақытым», «Мен таулықпын», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» сияқты өлеңдері бар. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік пен адам қолымен жасалатын қателіктің салдарын көркем бейнелейтін шығарма ретінде кең танылған.

Мұқағали Мақатаев аударма саласында да еңбек етіп, әлем әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне тәржімалаған. Ол Уолт Уитмен, Данте, Шекспир шығармаларын аударуға қатысқан қаламгерлердің бірі ретінде аталады.

Ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында дүниеден өтті. Мұқағали Мақатаев мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. Бүгінде оның есімі мектеп оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде, әдеби кештер мен поэзия оқуларында жиі аталады.

Фото: adebiportal.kz

Мұқағали Мақатаев — қазақ лирикасын жаңа сапалық деңгейге көтерген, ұлттық поэзияда жеке қолтаңбасы қалыптасқан ақын. Оның шығармалары осы күнге дейін оқырманын жоғалтпай, рухани құндылық ретінде өмір сүріп келеді.

Еске салайық, 2025 жылы Мұқағалидың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ «Мұқағали» көркем фильмі Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынғанын хабарлағанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see122

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88

Жастар ісін жүйелеген кезең

22 Қыркүйек 2026 04:07see77
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары