Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Қазақстан халықаралық спутниктік топты 14 аппаратқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Қазақстан халықаралық спутниктік топты 14 аппаратқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Париждегі Гран-Пале сарайында Халықаралық ғарыш саммиті өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен ұйымдастырылған бұл ауқымды іс-шараға 120-ға жуық шетелдік делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында мемлекет және үкімет басшылары, ғарыш агенттіктерінің жетекшілері, ғалымдар, әскери қызметшілер, ғарышкерлер және бизнес өкілдері бар.

Саммитте бүгінде әлемдік ғарыш саласының даму бағытын айқындайтын негізгі мәселелер талқылануда. Атап айтқанда, ғарыш кеңістігінің қауіпсіздігі және орбитадағы қақтығыстардың алдын алу, ғарыш экономикасының қарқынды дамуы және жаңа технологиялар үшін бәсекелестік, орбиталардың шамадан тыс жүктелуі мен ғарыш қоқысының көбеюі, сондай-ақ адамзаттың ортақ игілігі саналатын ғарышты жауапты пайдаланудың халықаралық ұстанымдары қарастырылуда. Сонымен қатар Ай мен Марсты зерттеу және жас ұрпақты ғарыш жобаларына тарту мәселелеріне де ерекше назар аударылған.

Саммитте Қазақстанның атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысуда.

Бүгінде Қазақстан заманауи ғарыш саласын дамытып жатыр. Орбитада Жерді қашықтан зондтауға арналған үш қазақстандық спутник: KazEOSat-1, KazEOSat-2 және KazSTSat жұмыс істеп тұр. Ал KazSat-2/KazSat-3 ұлттық жүйесі еліміздің аумағын спутниктік байланыс және хабар тарату қызметтерімен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде KazSat-3 спутнигін жаңа KazSat-3R аппаратына ауыстыру көзделген.

Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені жұмыс істейді. 2026 жылғы 30 сәуірде Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыш-ракеталық кешенінен «Сұңқар» («Союз-5») зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы сәтті жүзеге асырылды.

2030 жылға қарай Қазақстан Жерді қашықтан зондтаудың халықаралық спутниктік тобын құруды жоспарлап отыр. Оның құрамында алты қазақстандық спутникпен қатар Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның аппараттары болады. Бастапқыда тоғыз спутниктен тұратын топтаманы кейін 14 спутникке дейін кеңейту жоспарлануда.

«Қазақстанның ғарыш саласының тарихы өте бай. Дәл осы Байқоңырдан адамзаттың ғарышты игеру дәуірі басталды. Бүгінде біздің міндетіміз – осы мұраны негізге ала отырып, заманауи әрі технологиялық тұрғыдан дербес ғарыш саласын дамыту. Біз Жерді қашықтан зондтау спутниктерін әзірлеуден бастап, ғарыш техникасын құрастыру мен сынауға дейінгі бағыттарда өз құзыреттерімізді жүйелі түрде күшейтіп келеміз. Сонымен қатар біз өзара тиімді әрі тең дәрежедегі әріптестікке дайынбыз. Бұл Жерді қашықтан зондтау бойынша бірлескен жобалардан бастап, өңірдегі көршілес елдер үшін спутниктер жасауға дейінгі ауқымды қамтиды», – деді Жаслан Мәдиев.

Саммит аясында шетелдік әріптестермен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Кездесулер барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, технологиялар алмасу және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 17:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see142

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see142

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see141

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see140

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see138

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see135

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see135

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see134

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see134

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see133

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see132

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see131

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see130

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see127

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see126

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see126

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see125

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see120

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see117

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары