Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?

Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда бір облыс көшелерін жарқыратып, шыршасын алтынмен аптағандай сәндесе, екіншісі бюджетті үнемдеп, былтырғы ойыншықтарын қайта іліп жатыр. Ал бірқатары жаңа жылды түк шығынсыз қарсы алмақ, деп жазады Egemen.kz.

Биылғы жаңажылдық безендіру науқаны бойынша рекорд иесі біреу ғана, ол Алматы қаласы. Қазақстанның басқа өңірлері ондаған миллионмен есептеп отырғанда, оңтүстік астана кемінде 793,3 миллион теңге бөліп, елдегі ең масштабты мерекелік жобаны іске қосып жатыр. Шаһардың шығыны республикалық көлемдегі мәдени іс-шаралармен пара-пар көрсеткіш.

Қала алғаш рет барлық сегіз ауданға толық қаржыландыру бөліп, безендіру аумағын бұрын-соңды болмаған көлемде кеңейтті. Алматыда 400-ден аса архитектуралық форма, 2230 шамдық кронштейн, 2320-дан астам жарықтандырылған ағаш, 60-қа жуық көпір мен өткел мерекелік кейіпке енеді.

Биыл алғаш рет Сайран көлі, Ганди сквері, Family Park, "Атакент", Сауранбаев көшесі және бірқатар ықшамаудан жаңаша безендіріліп, қала шын мәнінде мерекелік мегаполиске айналмақ.

Алматы жыл сайынғы дәстүрлі нысандарды да назардан тыс қалдырмайды. Абай алаңы, Астана алаңы, Панфилов көшесі, Жібек Жолы, "Алматы Арена" маңы бәрі толық жарықтандырылып, безендірілмек.

Мерекелік көңіл күйді арттыруға бағытталған қыруар қаржыға қарамастан, әкімдік үнемдеуді де ұмытқан жоқ. Мысалы, 62 шағын архитектуралық форма, 4 шырша, 45 мерекелік үйшік, 17 басқа декорациялар қалпына келтіріліп қайта пайдаланылмақ. Ал Арбаттағы кәсіпкерлер өздерінше жарысып, әшекейлерді өз есебінен іліп жатыр. Демек, Алматыдағы жаңа жылдық жарық тек бюджетке емес, бизнестің де белсенділігіне сеніп отыр.

Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді. Мысалы, былтыр қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 миллион теңге бөлген. Ал осы жылы шығынды есе қысқартса да, кең көлемде жаңа жылға дайындалып жатыр.

Астананың ішкі саясат басқармасы тұрғындарға арналған көптеген тегін ойын-сауық нысандарын жоспарлаған. Мұз айдындары, шағын төбешіктер, фотозоналардың бәрі қолжетімді болады.

2024 жылы сатып алынған әшекейлерді қайта қолданалып, алты ауданына бөлінген бюджет 365 миллион теңге болып отыр. Байқоңыр – 50 миллион, Сарайшық – 50 миллион, Сарыарқа – 50 миллион, Алматы – 50 миллион, Есіл – 90 миллион және Нұра ауданына 75 миллион теңге бөліп берген. Елорда үшін әдеттен тыс үнемді әрі жүйелі тәсіл. Бюджеттік шығынның бір бөлігі демеушілер арқылы жабылады.

Ал Шымкент қаласы биыл жаңа жылдық сән-салтанатқа 100 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 80 миллион теңге еді. Алайда әкім Ғабит Сыздықбеков бұрынғы декорациялар қайта қолданылады, әр аудан және орталық алаң безендірілетінін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, өткен жылы қолданылған барлық материалдар аудандық қоймаларда сақталып, биыл қайта пайдаланылмақ. Қалада бес аудан және орталық алаң бар, негізгі шырша сол орталық алаңға орнатылады. Биыл әкімнің бастамасымен алғаш рет табиғи шырша қою жоспарланып отыр.

Дегенмен ол жалпы үнемдеу саясатының сақталып отырғанын баса айтты.

Ал Шығыс Қазақстан облысында мерекеден үнемдемеуді жөн көрген сияқты. Биыл мұнда мерекеге 140 миллион теңге жұмсамақ. Бұл соманың жартысы қала безендіруіне, қалған жартысы мерекелік бағдарлама мен іс-шараларға бөлінген.

Маңғыстау облысы да биыл мерекеден қалыс қалмайды. Мерекелік безендіру жұмыстарын "New Level" ЖШС атқарады. Компания жыл бойы баннерлер, жалаушалар, КАФ орнатумен айналысып келеді. 2026 жылдың Жаңа жылына Ақтауда биіктігі 20 метр болатын екі жаңа шырша, арка түріндегі КАФ және фотозоналар қойылады. Қаланың көшелері мен ағаштары жаңа гирляндалармен безендіріледі. Жұмыстар 17-24 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 15 қаңтарда аяқталмақ. Мерекелік безендіруге шамамен 80 млн теңге бөлінеді. Барлығы үшін 80 миллион теңге бөлінген.

Жетісу облысы (Талдықорған) 2 қала мен 8 ауданға жаңа жылдық безендіру мен іс-шараларға 60 миллион теңге жұмсайды. Бұрынғы жылдардағы декорациялар да қолданылады, сөйтіп әкімдік бюджет шығынын сәл үнемдеп қалмақ екен.

Ақмола облысының орталығы Көкшетауда биыл 55,4 миллион теңгеге безендіріліп қана қоймай, 31 желтоқсанда Қайрат Нұртастың үлкен концерті өтеді. Жаңажылдық көңіл күй жоғары болатыны сөзсіз, бірақ қаржылық шығын да аз емес. Мерекелік бағдарлама алғаш рет "Жаңа жағалау" мен "Көк Шалғын" алаңдарында өтеді. Абылай хан алаңы мен басқа қалалық аумақтарда шыршалар, жарық композициялар, мұз мүсіндері мен шағын сәулеттік формалар орнатылады. Барлық безендіру қаланың дизайн-кодына сәйкес жасалып, бірыңғай визуалды стиль қамтамасыз етіледі. Қала әкімдігі бизнес өкілдерін мерекелік стильде нысандарын безендіруге шақырған.

Павлодар облысында 2025 жылғы Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін 3 қала мен 10 ауданға 50,8 миллион теңге бөлінген. Қаражат шыршалар, жарықтандыру және шағын сәулет нысандарын орнатуға, сондай-ақ құрылымдарды тасымалдау мен қызмет көрсетуге бағытталады. Бұрынғы жылдардағы мерекелік жабдықтар жарамды жағдайда қайта пайдаланылатын болады.

Сонымен қатар Жамбыл облысында жалпы облыста мерекелік жаңа жылдық безендіру жұмыстары негізінен демеушілер тарапынан жүргізіледі. Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға және шыршаны безендіру жұмыстарына Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің бюджеті арқылы қаржыландырылады. Бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 36,9 миллион теңге.

Атырау облысының әкімдігі Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға арналған қаржыны ресми түрде бекітті. Қала бойынша мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру міндеті Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына жүктелген. Бекітілген бюджетке сәйкес биіктігі 18 метр болатын бес жаңажылдық шыршаны орнату және кейін демонтаждау үшін 25 миллион теңге бөлінген. Ал Исатай-Махамбет алаңында өткізілетін мерекелік концерттік бағдарламаға 9,4 миллион теңге қарастырылған.
Осылайша, жалпы Атырау қаласы 34,4 миллион теңгеге шығындалмақ.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы 28 миллион теңгеге орталық саябақ пен негізгі көшелерді безендіреді. Сонымен қатар "Үздік жаңа жылдық безендіру" байқауы ұйымдастырылады.

Ұлытау облысы биыл 22 миллион теңгемен мерекені қарсы алады. Орталық алаң мен қала көшелері шамдармен безендіріледі.

Ал Батыс Қазақстан облысында әкім Нариман Төреғалиев биыл жаңа жылдық шығындарға тек 11 миллион теңге бөлінетінін жеткізді. Айтуынша, өңірде бірнеше жылдан бері бір шыршаны пайдаланып, оны жыл сайын әрлеп, келесі маусымға дейін сақтайды.

Қазақстанның бірқатар облысында жаңа жылға бір тиын да бөлінбейді. Дегенмен, көшелердің қараңғы қалмайтыны анық. Бұрынғы ойыншықтар, демеушілер, әкімдіктің қолдабар мүмкіндіктері іске қосылады.

Бюджеттен бір теңге бөлмейтін өңірлер:

Абай облысы (Семей) Ақтөбе облысы Қызылорда облысы Түркістан облысы Қостанай облысы

Бұл өңірлер өткен жылдардағы декорацияларды пайдаланып, артық шығыннан бас тартқан. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдық безендіруге жеке бюджет қарастырылмаған. Бәрі үшжылдық жоспар аясында, бұрынғы элементтерді пайдалану арқылы жасалады.

Осылайша, жалпы, Қазақстан бойынша жаңа жылдық безендіруге 1 776,8 миллион теңге жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 21:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары