Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қазақстан 2027 жылы қанша қаражат алады және оны неге жұмсайды үкімет бюджетті жариялады

Қазақстан 2027 жылы қанша қаражат алады және оны неге жұмсайды үкімет бюджетті жариялады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Үкімет отырысында Қаржы министрлігі 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Мемлекет қанша қаражат жинауды жоспарлап отыр, қаншасын жұмсайды және негізгі шығындар қайда бағытталады – Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Ел қазынасына қанша қаржы түседі?

Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, қазынаға түсетін жалпы түсімдер 25,6 триллион теңге деңгейінде жоспарланған. Сонымен қатар трансферттерді есепке алмағандағы елдің меншікті кірістері 19,9 триллион теңгені құрайды.

Қазақстан бюджетіне барлығы 5,5 триллион теңге трансферт түседі.

Әдетте бұл Ұлттық қордан және дербес өңірлердің бюджеттерінен бөлінетін қаражат.

Қазақстанның 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы. Үкімет мәліметтері

Ұлттық қордан 4,4 триллион теңге бағыттау жоспарланған: оның 2,4 триллионы – кепілдендірілген трансферт, тағы 2 триллионы – нысаналы трансферт түрінде.

"Бұл қаражат аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға жұмсалады", – деді Тәкиев.

Бюджет тапшылығы қандай болмақ?

Министр 2027 жылы республикалық бюджеттің жалпы шығыстары 30 триллион теңгеге жететінін атап өтті. Бюджет тапшылығы минус 4,5 триллион теңге деңгейінде қалыптасады.

Қаражат неге жұмсалады?

Ұсынылған деректерге қарағанда, басты басымдық – әлеуметтік шығындар. Оларға 10,5 триллион теңге бөлінеді.

"Бюджет жобасында алушылар санының өзгеруі, халықты әлеуметтік қолдаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік төлемдерді индекстеу ескерілген", – деп түсіндірді министр.

Қаржыландыру көлемі бойынша екінші орында өңірлерді дамыту тұр, бұған 7,2 триллион теңге жұмсалады.

Экономиканың нақты секторын қолдауға 3,8 триллион теңге қарастырылған, ал мемлекеттік борышқа қызмет көрсету 3,5 триллион теңгені құрайды.

Күш құрылымдарына 3,3 триллион теңге бөлінеді, ал әкімшілік мемлекеттік органдарды ұстауға 787 миллиард теңге негізделген.

Бұдан бөлек, бюджет жобасында қаржылық резервтер қарастырылған. Мысалы, үкімет резерві - 370 миллиард теңге.

Бір жыл бұрын жағдай қандай болды?

2026 жылға арналған бюджет жобасында 22,8 триллион теңге кіріс алу жоспарланған еді. Оның 18,8 триллион теңгесі немесе 80 пайызы салықтар есебінен түсуі тиіс болатын. Тағы 2,7 триллион теңгені Ұлттық қордан бюджетке аудару көзделген еді.

Бұл ретте шығыстар кірістерден асып түсуі керек еді: 2026 жылы 27,7 триллион теңге жұмсау жоспарланған болатын.

Қазақстан бюджеті қалай қабылданады?

Заң бойынша Қазақстан бюджеті бірден үш жылға жасалады. Бұл процесс шамамен былай жүреді:

Алдымен үкімет мемлекеттің қанша қаражат алатынын және қанша жұмсай алатынын есептейді. Осы есептеулер негізінде бюджет жобасы дайындалады. Онда шығыстар егжей-тегжейлі жазылады: министрліктер мен өңірлер қанша алады, зейнетақы мен жәрдемақыға, мемлекеттік бағдарламаларға және басқа да қажеттіліктерге қанша қаржы бөлінеді. Содан кейін жоба үкіметке таныстырылады. Осыдан кейін бюджет жобасы Парламентке беріледі. Депутаттар оны қарап, талқылайды және өзгерістер енгізе алады. Әдетте шығыстарды өзгерту бойынша ұсыныстар мемлекеттік органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түседі. Депутаттар бұл ұсыныстарды қарастырып, оларды қолдау-қолдамау туралы шешім қабылдайды.

Барлық кезеңнен өткеннен кейін бюджет туралы заң Президентке қол қоюға жіберіледі. Қол қойылғаннан кейін бюджет күшіне енеді.

Тағы оқыңыз: 2027 жылы инфляция қандай болады: үкімет болжамы

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары