Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.

Ресей Президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму жолында нық қадам басып, халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өткен.

– Ресей-Қазақстан байланыстарының деңгейі өте жоғары. Елдеріміз түрлі бағытта табысты ынтымақтастық орнатқан. ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясында тиімді қарым-қатынас жасайды, – деп жазды Владимир Путин. 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан қоғамында татулық пен тұрақтылық салтанат құрып, экономика қарқынды дамып келе жатқанына, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейі жоғарылап, елдің аймақтағы және халықаралық аренадағы позициясы нығая түскеніне тоқталған.

– Қытай тарапы Қазақстанмен саяси ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге, өзара қолдау көрсетіп, даму стратегиясын ұштастыруға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоғары деңгейлі ынтымақтастықты ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруға дайын, – деп жазған ҚХР Төрағасы. 

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен БҰҰ Бас Ассамблеясының таяудағы сессиясында болған әңгімелесуді ықыласпен атап өткен. 

– Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен арадағы тығыз экономикалық байланысты және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Алдағы жылдары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті, – делінген жеделхатта. 

Франция Президенті Эмманюэль Макрон құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған мемлекеттік сапары стратегиялық серіктестіктің жандануына ықпал етіп, екіжақты қарым-қатынасты әртараптандырудың перспективті бағыттарын айқындап бергеніне назар аударған. 

– Франция қауіпсіздік және аймақтық тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша Қазақстанмен сенімді диалогқа баса мән береді. Екі елді бейбітшілікті сақтау және халықаралық құқықты құрметтеу ұстанымы біріктіреді. Біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауға үндеп, тиімді көпжақты ынтымақтастыққа ықпал етеміз деп үміттенемін, – деді Франция Президенті.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі III Чарльз Президент пен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. 

Сондай-ақ қос халықтың игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті. 

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда соңғы жылдары экономиканы қарқынды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылғанына тоқталып, елдің халықаралық аренадағы ықпалы мен беделі ұдайы артып келе жатқанына назар аударған. 

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан экономикалық және әлеуметтік өркендеуде зор табысқа қол жеткізгенін жазған. Сондай-ақ Қырғыз елінің басшысы одақтастық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растайды. 

Президент Эмомали Рахмон Қазақстанмен одақтастық байланыстар Тәжікстанның сыртқы саясатында маңызды бағыт болып қала беретінін жеткізген. 

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов достас екі елдің тату көршілік қарым-қатынасы конструктивті әрі стратегиялық сипатқа ие екенін айтқан. Сонымен қатар Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те өзінің жылы лебізін білдірді. 

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бауырлас Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері даму мен өрлеу жолында жеткен табысымен мақтанатынын жеткізген. 

– Жалпы адами құндылықтарға арқа сүйеген қарым-қатынасымыздың ерекше сипатына көңіліміз толады. Өзара ықпалдастығымыз екіжақты деңгейде де, көпжақты құрылымдарда, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымының аясында да қалыпты дамып келеді, – деді ол. 

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның барлық саладағы елеулі жетістіктері, экономикалық өсімі, халықаралық беделі мен азаматтарының әл-ауқатының артуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың нәтижесі деп санайды. 

Сонымен қатар құттықтау жеделхаттарын:

Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Канада генерал-губернаторы Мэри Саймон, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Таиланд Премьер-министрі Анутхин Чанвиракун, Швеция Королі Карл Густав, Жапония Императоры Нарухито, Рим Папасы XIV Лео, Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Үндістан Президенті Драупади Мурму, Шри-Ланка Президенті Анура Кумара Диссанаяка, Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Швейцария Президенті Карин Келлер-Зуттер, Чехия Президенті Петр Павел, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Ирландия Президенті Майкл Хиггинс, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Финляндия Президенті Александр Стубб, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович, Болгария Президенті Румен Радев, Литва Президенті Гитанас Науседа, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Вьетнам Президенті Лыонг Кыонг, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Эфиопия Президенті Тайе Ацке-Селассие, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Эстония Президенті Алар Карис, Румыния Президенті Никушор Дан, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Егеменді әскери Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Джон Данлап және тағы да басқалары жолдады. 

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:272
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары