Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Қазақстан саяси трансформацияның маңызды кезеңіне қадам басты The National Interest журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды

Қазақстан саяси трансформацияның маңызды кезеңіне қадам басты The National Interest журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Әділетті, қуатты әрі өркендеген Қазақстанның жаңа Конституциясы» атты мақаласында Президент Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жуырда өткен республикалық референдум ұлт дамуының даңғыл жолға түскенін көрсететінін атап өткен.

— Еліміз саяси трансформацияның ең маңызды кезеңіне қадам басты. Тәуелсіздік алғалы 35 жыл ішінде мұндай елеулі уақиға болған емес. Соңғы жылдары үшінші мәрте өткен жалпыұлттық референдум еліміздің саяси жүйесі жетілгенін, азаматтарымыз мемлекет келешегін айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдау үдерісіне тікелей атсалысуға дайын екенін байқатты. Референдумға дауыс беру құқығы бар халықтың 73,12 пайызы қатысты. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Конституциялық өзгерістерді дауыс берушілердің 87,15 пайызы, яғни, жұртшылықтың басым бөлігі қолдады, — деп жазды Президент.

Фото: скриншот

Мемлекет басшысы азаматтарымыз мақұлдаған Қазақстанның жаңа Конституциясы халықтың әділ әрі құқықтық мемлекетте өмір сүруді қалайтынын аңғартатынын жазған.

— Заң мен тәртіп, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау және оны мүлтіксіз сақтау, қоғамды жаңғырту қағидаттары Конституцияға арқау болды. Сондай-ақ білім, ғылым, технология, мәдениет салаларын ілгерілетуге, экологиялық сана, волонтерлік, отаншылдық құндылықтарын дәріптеуге басымдық берілді. Ең маңыздысы, Қазақстанның зайырлы мемлекет екені анық жазылды. Бір жағынан, мұны жас буынның үмітін ақтауға бағытталған айтулы қадам десек болады. Сол себепті жаңа Конституция өскелең ұрпақтың бағдары, темірқазығы ретінде қызмет атқаратынына сенімдімін, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Ата заңымыз өте мұқият, барынша жауапкершілікпен әзірленген.

— Мәтіндегі әрбір сөйлемнің жазылуына өзім де үлес қостым. Конституциялық комиссия құрамына еліміздің 129 азаматы енді. Қоғам атынан осылай өкілдік ету бұрын-соңды болмаған. Олар Конституцияны егжей-тегжейлі зерделеп, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен 12 мыңға жуық ұсынысты қарастырды. Ата заң жобасы алты ай бойы қоғам талқысынан өтті. Жаңа Конституция «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласына сай стратегиялық мұратымызды іске асыруға берік негіз қалап, оны одан әрі нығайта түседі, — делінген мақалада.

Ол Президент квотасын алып тастау заң шығарушы билік тармағының дербестігін күшейтетінін тілге тиек еткен. 

— Бір палаталы парламент жүйесіне (Құрылтайға) көшу заң шығару үдерісін жеделдетіп, жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа консультативтік орган — Халық кеңесі азаматтардың мемлекет ісіне қатысу аясын кеңейтіп, қоғамдық диалогтың өрбуіне жол ашады. Сонымен қатар жаңа конституциялық жүйе аясындағы институционалдық реформалар мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, басшы кадрларды тұрақты түрде жаңартуға септігін тигізеді. Бұл бағыттағы өзгерістердің нақты нәтижесінің бірі ретінде Вице-президент лауазымының енгізілуі, басты мемлекеттік тұлғалардың қызмет мерзімі мен құзыретін шектеу ел басқару жүйесінің кемелденгенін көрсетеді. Жаңа Конституция тек мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздемейді. Оның өзегі — адам. Ата заңның ең үлкен бөлімі алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтарына арналып отыр, — деп жазды Президент.

Мақалада Ата заңға қатысты адамның жеке басына қол сұғылмау құқығына, сонымен қатар дербес деректердің қорғалуына, сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айырмауға және шығарып жібермеуге кепілдік берілетіні айтылған. Сондай-ақ әр азаматтың білікті заң көмегін алу және қорғалу құқығын қамтамасыз ету үшін сот жүйесінің тәуелсіздігі едәуір нығайтады.

Ең бастысы, енді Конституцияға енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек жалпыхалықтық референдумда ғана мақұлданады. Осылайша, ел тағдырына қатысты аса маңызды шешімдер халықтың талқысынан өтіп барып қабылданатыны жазылған.

— Бұдан бөлек, жаңа Конституция ел дамуының стратегиялық негізін қалыптастырып, тұрақтылық пен жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Мәселен, Ата заңда меншік құқығын қорғау тетіктері күшейді, зияткерлік меншік қорғау туралы бап енгізіліп, экономикалық қызметтің ережелері айқындалды. Инновация мен индустрияның дамуына тың серпін беру үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі енгізілді. Қазақстан шетелдерден тікелей инвестиция тарту көрсеткіші бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Аймаққа келген инвестицияның 70 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Әйтсе де бұл бағытта әлі атқарылатын шаруа көп. Қазақстанның толық цифрлық елге айналу үдерісін жеделдету және инновацияға негізделген экономика құру үшін осындай реформалар жүргізілуі қажет еді. Бір жағынан бизнесті, инновация мен ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға бейіл екенімізді Конституция деңгейінде бекіту арқылы халықаралық инвесторлар мен серіктестердің сеніміне ие боламыз, — деп жазды Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуынша, дүние жүзіндегі дүрбелеңдерге қарамастан, Қазақстан отыз жыл ішінде көркейіп, әлемнің ең дамыған 50 экономикасының қатарына енді.

— Цифрлық үкіметті дамыту көрсеткіші бойынша жаһандағы үздік 30 елдің санатындамыз. Елімізде мұнай мен газдың мол қоры бар. Жаңартылатын қуат көздерін, аса маңызды пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге әлеуетіміз жеткілікті. Біз — ғарыш державасымыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болдық. Бүгінде еліміз Орта дәліз аясында жаңа сауда бағыттарын өркендетуді қолға алды. Орталық Азиядағы көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық орнатып, озық технологияларды игеруге, аймақтағы мықты суперкомпьютерді іске қосып, қазақ тілінің үлкен тіл моделін жасауға кірісті. Елімізде экономикалық тұрғыдан белсенді, еңбекқор, жоғары білімді азаматтардың үлесі басым. Олардың арасынан дарынды суретшілер, өнер жұлдыздары, мәнерлеп сырғанау, дзюдо секілді спорт түрлерінен Олимпиада жеңімпаздары шықты, — деп тоқталды Президент.

Мемлекет басшысы 1995 жылы қабылданған Конституция Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, ел еңсесін тіктеуге оң ықпал еткенін айтқан.

— Ал жаңа Ата заң кемеліне келіп, жаңғыруға бет бұрған, келешекке қол созған қоғамның басты құжаты болмақ. Бұдан былай халқымыз тарихи таңдауын жасаған 15 наурызды Конституция күні ретінде атап өтеміз. Осы сындарлы сәтте тарихқа тағзым етіп, әділдік пен технологиялық прогресс қағидаттарын ілгерілететін, ашық экономика мен жауапты жаһандық серіктестікті қолдайтын қуатты мемлекеттің іргесін қалап жатырмыз, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 06:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see142

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see118

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see115

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see114

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see112

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see112

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see112

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see110

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see110

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see110

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see110

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see109

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see109

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see108

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see108

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see107

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see107

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see107

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see106

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары