Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

The National Interest журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

The National Interest журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституцияға қатысты мақаласы америкалық «The National Interest» журналында жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділетті, қуатты әрі өркендеген Қазақстанның жаңа Конституциясы

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жуырда өткен республикалық референдум ұлт дамуының даңғыл жолға түскенін көрсетеді.

Еліміз саяси трансформацияның ең маңызды кезеңіне қадам басты. Тәуелсіздік алғалы 35 жыл ішінде мұндай елеулі оқиға болған емес.

Соңғы жылдары үшінші мәрте өткен жалпыұлттық референдум еліміздің саяси жүйесі жетілгенін, азаматтарымыз мемлекет келешегін айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдау үдерісіне тікелей атсалысуға дайын екенін байқатты. Референдумға дауыс беру құқығы бар халықтың 73,12 пайызы қатысты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Конституциялық өзгерістерді дауыс берушілердің 87,15 пайызы, яғни, жұртшылықтың басым бөлігі қолдады.

Азаматтарымыз мақұлдаған Қазақстанның жаңа Конституциясы халықтың әділ әрі құқықтық мемлекетте өмір сүруді қалайтынын аңғартады. Заң мен тәртіп, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау және оны мүлтіксіз сақтау, қоғамды жаңғырту қағидаттары Конституцияға арқау болды. Сондай-ақ білім, ғылым, технология, мәдениет салаларын ілгерілетуге, экологиялық сана, волонтерлік, отаншылдық құндылықтарын дәріптеуге басымдық берілді. Ең маңыздысы, Қазақстанның зайырлы мемлекет екені анық жазылды.

Бір жағынан, мұны жас буынның үмітін ақтауға бағытталған айтулы қадам десек болады. Сол себепті жаңа Конституция өскелең ұрпақтың бағдары, темірқазығы ретінде қызмет атқаратынына сенімдімін.

Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?

Ата заңымыз өте мұқият, барынша жауапкершілікпен әзірленді. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің жазылуына өзім де үлес қостым. Конституциялық комиссия құрамына еліміздің 129 азаматы енді. Қоғам атынан осылай өкілдік ету бұрын-соңды болмаған. Олар Конституцияны егжей-тегжейлі зерделеп, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен 12 мыңға жуық ұсынысты қарастырды. Ата заң жобасы алты ай бойы қоғам талқысынан өтті.

Жаңа Конституция «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сай стратегиялық мұратымызды іске асыруға берік негіз қалап, оны одан әрі нығайта түседі.

Президент квотасын алып тастау заң шығарушы билік тармағының дербестігін күшейтеді. Бір палаталы парламент жүйесіне (Құрылтайға) көшу заң шығару үдерісін жеделдетіп, жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа консультативтік орган – Халық кеңесі азаматтардың мемлекет ісіне қатысу аясын кеңейтіп, қоғамдық диалогтың өрбуіне жол ашады.

Сонымен қатар жаңа конституциялық жүйе аясындағы институционалдық реформалар мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, басшы кадрларды тұрақты түрде жаңартуға септігін тигізеді. Бұл бағыттағы өзгерістердің нақты нәтижесінің бірі ретінде Вице-президент лауазымының енгізілуі, басты мемлекеттік тұлғалардың қызмет мерзімі мен құзыретін шектеу ел басқару жүйесінің кемелденгенін көрсетеді.

Жаңа Конституция тек мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздемейді. Оның өзегі – адам. Ата заңның ең үлкен бөлімі алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтарына арналып отыр.

Құжатта адамның жеке басына қол сұғылмау құқығына, сонымен қатар дербес деректердің қорғалуына, сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айырмауға және шығарып жібермеуге кепілдік беріледі.

Сондай-ақ әр азаматтың білікті заң көмегін алу және қорғалу құқығын қамтамасыз ету үшін сот жүйесінің тәуелсіздігі едәуір нығайды.

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

Ең бастысы, енді Конституцияға енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек жалпыхалықтық референдумда ғана мақұлданады. Осылайша, ел тағдырына қатысты аса маңызды шешімдер халықтың талқысынан өтіп барып қабылданады.

Бұдан бөлек, жаңа Конституция ел дамуының стратегиялық негізін қалыптастырып, тұрақтылық пен жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Мәселен, Ата заңда меншік құқығын қорғау тетіктері күшейді, зияткерлік меншік қорғау туралы бап енгізіліп, экономикалық қызметтің ережелері айқындалды. Инновация мен индустрияның дамуына тың серпін беру үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі енгізілді.

Қазақстан шетелдерден тікелей инвестиция тарту көрсеткіші бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Аймаққа келген инвестицияның 70 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Әйтсе де бұл бағытта әлі атқарылатын шаруа көп. Қазақстанның толық цифрлық елге айналу үдерісін жеделдету және инновацияға негізделген экономика құру үшін осындай реформалар жүргізілуі қажет еді.

Жаңа Конституциядағы басты жаңашылдықтар

Бір жағынан бизнесті, инновация мен ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға бейіл екенімізді Конституция деңгейінде бекіту арқылы халықаралық инвесторлар мен серіктестердің сеніміне ие боламыз.

Дүние жүзіндегі дүрбелеңдерге қарамастан, Қазақстан отыз жыл ішінде көркейіп, әлемнің ең дамыған 50 экономикасының қатарына енді. Цифрлық үкіметті дамыту көрсеткіші бойынша жаһандағы үздік 30 елдің санатындамыз. Елімізде мұнай мен газдың мол қоры бар. Жаңартылатын қуат көздерін, аса маңызды пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге әлеуетіміз жеткілікті. Біз – ғарыш державасымыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болдық.

Бүгінде еліміз Орта дәліз аясында жаңа сауда бағыттарын өркендетуді қолға алды. Орталық Азиядағы көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық орнатып, озық технологияларды игеруге, аймақтағы мықты суперкомпьютерді іске қосып, қазақ тілінің үлкен тіл моделін жасауға кірісті.

Елімізде экономикалық тұрғыдан белсенді, еңбекқор, жоғары білімді азаматтардың үлесі басым. Олардың арасынан дарынды суретшілер, өнер жұлдыздары, мәнерлеп сырғанау, дзюдо секілді спорт түрлерінен Олимпиада жеңімпаздары шықты.

1995 жылы қабылданған Конституция Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, ел еңсесін тіктеуге оң ықпал етті. Ал жаңа Ата заң кемеліне келіп, жаңғыруға бет бұрған, келешекке қол созған қоғамның басты құжаты болмақ. Бұдан былай халқымыз тарихи таңдауын жасаған 15 наурызды Конституция күні ретінде атап өтеміз.

Осы сындарлы сәтте тарихқа тағзым етіп, әділдік пен технологиялық прогресс қағидаттарын ілгерілететін, ашық экономика мен жауапты жаһандық серіктестікті қолдайтын қуатты мемлекеттің іргесін қалап жатырмыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары