Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана күні: Қазақстан бойынша ХҚКО лар қай күндері жабылады?

Кітапхана зерделі ұлт қалыптастырудың стратегиялық орталығы

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Таразда жер сілкінді

Сержанттар корпусы: Биік белес

Домбыра барда, мол мұра бар

Әскери дронды меңгеру заман талабы

​Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

​Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Футболдан ӘЧ 2026: Мысыр Австралияны жеңіп, алғаш рет 1/8 финалға өтті

Қазақстанның қарулы күштері әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Сенімділік жаңа күш: The National Interest басылымында Президенттің мақаласы шықты

Сенімділік жаңа күш: The National Interest басылымында Президенттің мақаласы шықты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлем тұрақтылық ең сирек стратегиялық ресурстардың біріне айналған дәуірге қадам басты. Қақтығыстар көбейіп, геосаяси бәсекелестік шиеленісті, ал халықаралық институттар тығырыққа тірелу, поляризация және қоғам сенімінің төмендеуі салдарынан жиі берекесіздікке ұшырап жатыр.

Ондаған жыл бойы жаһандық саясат бастапқыдан-ақ ағат болмаған жаһандану нұсқасында қалыптасты. Оның мәлімделген мақсаты – кем дегенде қағаз жүзінде ұтымды әрі сындарлы көрінген, өзара байланысқан әрі инклюзивті халықаралық тәртіп құру.

Дегенмен, уақыт өте келе бұл тұжырымдама бұрмаланды. Ол шамадан тыс идеологиялық алғышарттарға негізделген модельге айналды: жауапкершіліксіз инклюзивтілік, шектеусіз еркіндік және егемендікке ұмтылатын қоғамдардың, прагматик саясаткерлердің әрі ақылға сүйенетіндердің көзқарасын жоққа шығаратын моральдық үстемдік (немесе ерекшелік).

Нәтижесінде жаһандану әлем бойынша жүздеген миллион адамның көз алдында біртіндеп легитимділігін жоғалтты. Бұл сенімнің жоғалуы кездейсоқ болған жоқ. Оны мемлекеттік институттарда, халықаралық құрылымдарда және жетекші елдердің саяси жүйелерінде тамыр жайған қайран қаларлық жемқорлық фактілерінің әшкереленуі күшейтті. Белгілі саяси қайраткерлердің мұндай схемаларға қатысуы идеологиялық солшыл бағдарламалармен байланысты үкіметтерге деген онсыз да сыншыл көзқарасты тереңдете түсті.

Фото: The National Interest басылымынан скрин

Қазіргі халықаралық орта прагматизм мен реализмге артып келе жатқан сұранысты көрсетеді. Бұл бетбұрыс Мюнхенде айқын байқалды. Онда батыс көшбасшылары айтқан ең салмақты ойлардың кейбірі қарапайым шындықты атап өтті: ұлттық мүдделерді елемеуге болмайды, егемендікті қолайсыздық ретінде қарастыруға болмайды, ал тұрақтылықты идеологиялық догма негізінде құру мүмкін емес.

Әлем ынтымақтастықтан бас тартпайды. Ол иллюзиядан бас тартады. Жаңадан қалыптасып келе жатқан доктрина қарапайым: тәртіп заң үстемдігіне, жауапкершілікке, болжамды міндеттемелерге және мәдени әрі ұлттық бірегейлікті құрметтеуге негізделуі тиіс. Бұл – оқшаулану емес. Бұл – саяси кемелділік.

Ескі модельдің сәтсіздігі қақтығыстарды реттеу саласында ерекше айқын көрінеді. Тым ұзақ уақыт бойы халықаралық қауымдастық символдық мәлімдемелерден ары аса алмаған келіссөздердің, декларациялардың және конференциялардың шексіз айналымына арқа сүйеді. Нәтижесі өте жақсы белгілі: орындалмайтын келісімдер, нәтижесіз дипломатия және бейбітшіліксіз бейбіт үдерістер.

Әлем мұнан ары мұндай тәсілге жол бере алмайды.

Фото: Ақорда

Дәл сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мақұлдауымен Президент Дональд Трамптың бастамасымен Бейбітшілік кеңесін құру алға бастайтын елеулі қадам көрінеді. Бұл – таусылмайтын пікірталастарға арналған кезекті алаң емес. Бұл – нақты нәтижелерге, әсіресе Газа мен Таяу Шығыста қол жеткізуге бағытталған практикалық бастама.

Бұл бастаманы түбегейлі өзгеше ететін нәрсе – оның логикасы. Ақ үй шындығында да инновациялық тәсіл, сарқылған саяси формулаларды қайталаудың орнына, айқын әрі тікелей қағидатты ұсынды - тұрақты экономикалық даму арқылы бейбітшілік. Басқаша сөзбен айтқанда, бейбітшілік ұран ретінде емес, жоба ретінде қарастырылады: инфрақұрылым, инвестициялар, жұмыс орындары және қақтығыстың қайта жандануын иррационалды ететін болашақ. Жаңашылдығы мен ауқымдылығы арқасында бұл бастама құрмет пен халықаралық назарға лайық.

Қазақстанда Президент Трамптың стратегиясымен байланысты саяси қағидаттарға оң көзқарас қоғамдық және сарапшылық пікірталастардың түрлі деңгейінде кеңінен көрінеді: ақылға қонымдылық, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, ұлттық мүдделерді жақтау және соғыстарды созбай, оларды аяқтауға ұмтылу.

Бұл қағидаттар қоғамдардың көпшілігі түйсікті түрде талап ететін дүниелерін бейнелейтіндіктен қолдау тауып отыр: қауіпсіздік, тұрақтылық және адамгершілік. Қазақстанның осы бағыттағы қолдауы – риторика емес, практика. Дәл сондықтан біз Бейбітшілік кеңесіне қосылу және оны нақты іс-әрекеттермен қолдау шешімін қабылдадық.

Бұл - Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылу шешімінің қисынды жалғасы. Бұл - жай ғана дипломатиялық ишара емес. Бұл – стратегиялық таңдау. Қазақстан әрдайым теңгерімді әрі сындарлы ұстанымды сақтап келеді. Біз Израильмен берік қарым-қатынас орнатқанбыз, сонымен бірге палестин халқын да дәйекті түрде қолдаймыз әрі екі мемлекет қағидатына негізделген шешімді бейбітшіліктің жалғыз орнықты негізі деп санаймыз. Сондай-ақ біздің шешіміміз экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялар тарту және озық технологияларды енгізу мақсатында ұлттық мүдделерге де негізделген. Кең мағынада бұл мұсылман және еврей әлемдері арасындағы диалогтің кеңеюіне ықпал етеді деп үміттенеміз.

Фото: The National Interest басылымынан скрин

Осы қадамның барлығы біздің Құрама Штаттармен серіктестігімізді бұрынғыдан да нығайта түседі.

Қазақстан мен АҚШ өзара құрмет пен түсіністікке негізделген көпқырлы серіктестік құрды. Америкалық компаниялар бұрыннан бері, әсіресе энергетика секторында Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың қатарында тұр.

Бүгінде бұл ынтымақтастық стратегиялық маңызды минералдар, цифрлық инфрақұрылым, озық өндіріс, логистика және инновацияларды қоса алғанда жаңа салаларда кеңейіп келеді. Таяудағы жобаларымыздың қатарында америкалық Cove Capital компаниясымен серіктестікте Қазақстанда әлемдегі ең ірі вольфрам кен орнын игеру бар. Осы жетістікке сүйене отырып, біз халықтарымыздың мүддесі үшін америкалық серіктестерімізбен жұмысты жалғастыруға ниеттіміз.

Кейінгі жылдары біз жаңғырту, әртараптандыру және әлемдік нарықтарға интеграциялану стратегиясын жүргіздік. Инвестициялық ахуалды нығайттық, нормативтік базаны жақсарттық және өңірдегі көлік байланысын кеңейттік. Нәтижесінде Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 000 АҚШ долларына жетті. Бұл оның Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретіндегі орнын одан әрі нығайта түсті.

Біздің мақсатымыз айқын: технологияларға, инновацияларға және адами капиталға негізделген заманауи экономика құра отырып, Азия мен Еуропаны жалғайтын маңызды транзиттік әрі логистикалық дәлізге айналу.

Мұнан бөлек, цифрлық трансформация, мемлекеттік секторды жаңғырту және жасанды интеллектіні қоса алғанда жаңа технологияларды енгізу саласындағы күш-жігеріміз абстрактілі ұмтылыс емес. Бұл – заманауи сын-қатерлерге төтеп бере алатын бәсекеге қабілетті мемлекет құру жөніндегі ұлттық стратегияның бөлігі.

Сонымен бірге экономикалық ілгерілеушілікке терең институционалды реформалардың арқасында қол жеткізіліп отыр. Жаһандық турбуленттілік пен белгісіздік жағдайында Қазақстан өзінің заманауи тарихындағы ең маңызды саяси трансформация кезеңдерінің бірін бастан өткізіп жатыр. Біз «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, суперпрезиденттік модельден тежеу мен тепе-теңдіктің күшейтілген тетіктеріне негізделген басқару жүйесіне көшіп жатырмыз.

Бұл жаңғыру бағдарламасы жақын арада маңызды кезеңге жетеді. Қазақстан мемлекеттік институттарды нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және болашақта неғұрлым тұрақты әрі сенімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Конституция бойынша ұлттық референдум өткізуге дайындалып жатыр.

Бүгінгі халықаралық ортада сенім риторикамен емес, дәйектілік және жауапкершілікпен айқындалады. Өзінің міндеттемелерін орындайтын, ашық әрекет ететін және практикалық ынтымақтастыққа ұмтылатын елдер ғана берік сенім қалыптастырады.

Қазақстан тұрақтылықты басты орынға қоятын, халықаралық міндеттемелерді құрметтейтін және нақты нәтижелерге қол жеткізетін сенімді әрі адал серіктес болуға берік бейіл болып қала береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана күні: Қазақстан бойынша ХҚКО лар қай күндері жабылады?

04 Шілде 2026 02:35see110

Кітапхана зерделі ұлт қалыптастырудың стратегиялық орталығы

04 Шілде 2026 05:03see109

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

04 Шілде 2026 08:45see109

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see109

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

04 Шілде 2026 15:38see109

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

04 Шілде 2026 17:53see109

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see108

Таразда жер сілкінді

04 Шілде 2026 10:12see107

Сержанттар корпусы: Биік белес

04 Шілде 2026 08:45see107

Домбыра барда, мол мұра бар

04 Шілде 2026 09:39see107

Әскери дронды меңгеру заман талабы

04 Шілде 2026 09:08see105

​Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

04 Шілде 2026 06:54see104

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

04 Шілде 2026 18:56see103

​Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды

04 Шілде 2026 02:34see102

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see100

Футболдан ӘЧ 2026: Мысыр Австралияны жеңіп, алғаш рет 1/8 финалға өтті

04 Шілде 2026 10:28see100

Қазақстанның қарулы күштері әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

04 Шілде 2026 06:54see99

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

04 Шілде 2026 19:26see99

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

04 Шілде 2026 15:15see99

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары